Pray for Japan

Жапонияда болған зілзала мен цунамиден үлкен зардап шеккенін біліп жатырсыздар. Қазірде қаза болғандардың саны 2000 адамға жуық деп жатыр. Тағы да із-түссіз жоғалғандардың саны да бар. Өте қайғылы сандар(( Теледидардан үйлер мен автомобильдердің ойыншықтар сияқты ағып бара жатқанын көргенде, құдды бір спецэффектілермен фильм кадрлары сияқты. Естерін жиып, елқатарлы болуға біраз уақыт кетер.

Қаншама алапат ел болса да табиғаттың алапат күшіне шарасыз екені байқалды. Интернетте жапон дорамасы, өнерін сүйетіндер әлеуметтік желілерде бастапқы суреттерге жапон еліне деген көңілдерін білдіріп, дұға ететін лозунгтер шығарып қойыпты.

Біз де өз алдымызда Жапонияның тілеуін тілеп, тезірек ес жиюларына тілектеспіз. Қаза болғандардың жақындарына көңілімізді білдеріміз. Жапониядағы қазіргі жағдай жайлы Жапонияда оқитын Жанна өз блогында арнайы жазба жазыпты. Содан оқып біле аласыздар.

Суреттер vkontakte әлеуметтік желісінен алынды.

7 thoughts on “Pray for Japan

  1. Қайғылы жағдай әрине. бірақ сіз ренжімеңізші, маған кореа доромаларынан гөрі, жапон доромалары қатты ұнайтын еді. Бір отырсаң, жатпай/тұрмай қатып қалатынсың. Ішкі көрністі мықты бере білетін…
    және 45 мин. уақытта 1 сериясы тамамдайтыны сондай ыңғайлы, сосын махс.10-11 серия ғана жасайды. артық қылық жоқ, айтқысы келгенді айтады. осы жағынан тиімді, және актерлік құрамның мықтылығына тәнті болып жүр едім…
    Өнерлері өрге озсын, бұрын Такешиді көріп, құрсын деп едім🙂 … сериалдарына +10 баға берер едім…
    “Хай!!!”

    • Ия, мен де сенімен келісемін. 10-12 серия тез аяқталады, мезі етпей адамды.🙂 Бірақ жапондарда лайф-экшн сериалдары көп, яғни фантастика қосылған. Сосын сезімге көп беріле бермейді. Ал кореяда сол сезім молынан :))

      • Маған кәрістердің сериялдарындағы сезім жасанды болып көрінеді. Олардың мінез құлқында қазақтар түсініп болмайтын жат қылықтар көп.

  2. Жапон да болса, адам баласы, бұл алапат барысында өмірден озғандарының о дүниеде қиналмауына дұға етіп, жақындарынан айырылғандарға көңіл айтамын. Алапат айтып келмейді, жапондардың жаны сірі халық қой, лайым тез арада естерін жиып кетсе екен! КОРЕАНФАНАТИК ХАНЫМ, мен кәріс сериалдарын көп көре бермейді екем, мен тек Ким Ен А фигуристін жақсы көрем (Мао Асаданы одан да қаттыыыыыы! ол жапон бірақ),сүп-сүйкімді ғой (ұялған Исмайл). Уот, айтқым келгені бұлар жөнінде не дейсіз? Киноға түскен бе? Жеке өмірінен де сыр шертсеңіз ырзааааа боп кетем.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s