Чин Саудың басы бос емес ))

Өздеріңізге «Iris» сериалынан танымал Чин Саудың рөлін сомдаған актер Jung Joon Ho 25 наурызда отбасын құрған екен. Актер 41 жасында өзінің арманындағы аруды кездестіргене қуанып, ең алғаш танысудан кейін көп уақыт өтпей той жасауды ұйғарған. Актер Jung Joon Ho мен 32-жасар теледидар жүргізушісі Lee Ha Jung ең алғаш рет 2010 жылы 30 қарашада сұхбат барысында танысқан екен. Той рәсімі сеулдегі ең беделді Sheraton Walker Hill Hotel қонақ үйінде өткен. Ал тойдан соң жұп Гавай аралына бал айын өткізуге аттанбақ. Жұпқа тек бақыт тілей отырып, сіздердің назарларыңызға той-салтанатына арналып Макаода түсірілген фотосессияны ұсынамын.

Ақпарат пен суреттер allkpop және koreanvibe сайттарынан алынды.

11 thoughts on “Чин Саудың басы бос емес ))

  1. Бұлар сонда таза “публичный” адамдар екен. Фотоға түскенде сондай боп түседі. Жеке өмірлері мен “публичный” өмірі біте қайнасып кеткен сияқты.

  2. Зере ханым, сонда Чин Сау қазір 41 жаста ма? Айрис фильмі қай кезде түсірілді екен? Мәәә, сұмдық қо, 41 жасындағы менің ауылдағы Бердімұрат ағамның бетінде әжім тол ағо :))) Бақытты болсын!!!

    • Шынымен, Теріскей, олар өте жас көрінеді. Айрис сериалы 2009 жылы түсірілген. Басты рқлде ойнаған Ли Бен Хон да 1970 жылғы , ал қызы болып ойнаған Ким Тхэ Хи – 1980.🙂

  3. Мен осы кісі туралы басында іздеп онша инфо таба алмап едім, рахмет. Кісі екен ғой, мен оны жастау деп ойлаппын. Суреттер керемет!!! Бал айында Макаоға бару керек екен(деп армандап қояйыншы). Бұл қала BOF-да та қала маған қатты үнаған еді. Ал, әйелінің көйлектері джынД екен. :))

  4. Макао деген не? деп момақан бола қалайын:)

    күні кеше ғана осы актер ойнаған “Последний скандал” скериалын қарап біткем, онда да кейіпкері 40 жасында өз махаббатын тауып, бақытты болады, көп қиындықтарды бастан өткізеді. Айрис скериалынан бастап таныла бастаған еді ғой.

    керемет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s