Астаналықтардың назарына!

2011 жылы 5 мамыр күні Корея Республикасының Қазақстандағы жылына байланысты Астана қаласына Сон Иль Гук (актер, «Ханзада Жумонг»), «T-Max» тобы, Со Ын Ён (әнші, «Прости я люблю тебя» сериалына ән жазған), JQT (қыздар тобы), «Чонгдонг» театр тураппасы қонақ болып келмекші екен. Концерт «Қазақстан» концерт залында өтеді, басталуы 18:30. Қазіргі ақпараттарым бойынша кіру – тегін. Бірақ алдын-ала Корей мәдениет орталығының әкімшілігіне хабарласып, орын тағайындап алу керек сияқты. Телефоны: 90-11-13.

Шақырылған қонақтардың біразы бізге танымал. Сон Иль Гук (Song Il Gook) – атақты «Ханзада Жумонг» телехикаясында басты рөлде ойнаған актер. Ал бұл сериал біздің көрермендердің ықыласына бөленіп үлгергені белгілі.

«T-max» тобы «Жігіттің сарбаздары» сериалындағы «Paradise» әнін орындаған. Әрі топтың бір мүшесі Ким Джун (Kim Joon) басты рөлдегі төрт жігіттің бірі – Ву Биннің рөлінде ойнаған.

Со Ын Ён (Seo Yeong-eun) – бізде көрсетілген «Прости, я люблю тебя» сериалының басты саундтрегін орындаушы. Және Кореяда белді әнші.

JQT қыздар тобының да жақсы әндері баршылық.

 

Әттең, астаналық емеспін. Әйтпесе сіздер үшін жақсы репортаж жасап берер едім. Көбін Сон Иль Гук және Ким Джунмен сұхбат қызықтырары сөзсіз. Енді барғандар арасында Корея мәдениетінен жақсы хабардар адамдар интернетке шығарар деп үміттенемін.

Ақпаратпен бөліскен Айдосқа үлкен рахмет!

20 thoughts on “Астаналықтардың назарына!

  1. Керемет! Әттең, мен де астаналық емеспін. Қатты өкініп-ақ отырмын. Егер қосымша ақпараттарыңыз болса, күтеміз. Рахмет сізге.

  2. Салем. Мен бул жаналыкты бугин естидим. ИншаАллах 5 мамыр куни Казахстан концертзалына барам. Озим Астанада 6 жылдан аса турам. Бирак олардан интервъюди калай, кайтип алам, соны билмеймин, онда мен осы сайтка жиберер едим.))))

    • Жанар, алдын-ала ана телефонға хабарласып, орын тағайындап ал. Вдруг кіргізбей қояды. Сосын ситуацияға байланысты түсіре бересің ғой.🙂

  3. Ешқандай орын тағайындаудың қажеті жоқ екен.
    Хабарласып сұрадық. Корей мәдениет орталығының әкімшілігі ондай ақпарат таратпадық деді.

    • Мде, өтірікші болып қалғандай болдым ғой ) http://vkontakte.ru/id133088172 Осы жерде жазыпты солай. Кімде вконтакте жоқ:
      Korean Cultural-Center
      5 мая 2011 г.
      состоится концерт посвященному открытия года Республики Кореи в Республике Казахстан в центральном концертном зале «Казахстан» (четверг) в 18:30ч. Желающих посмотреть концерт могут обраиться администратору Корейского Культурного Центра или позвонить по тел 901113 до 8 апреля 2011г.
      Жарайды, онда жай бара беруге болады дейік.

  4. Менде сұрағанымда келеді деді ғой. Бірақ, нақты жоғарыдағы жұлдыздар келе ме жоқ па онысын сұрамаппын.🙂

  5. Ма Астанаға қалай барсак екен? Казір Алматыдамын. Алматыға келмес пе екен? Әттең, Астанада 1-2танысым болса басар едим………

  6. Айтпақшы, 4 мамыр күні Астанадағы Корей орталығында кешкі сағат 17.00-де Сон Иль Гук алғашқы 300 адамға автограф таратып, суретке түседі екен. Фанаттары бар болса айта салыңыздар. ))

  7. Pingback: Өзбектер Корей тариханын эксперт | Корей толқыны

  8. Концерт отти…жогары денгейде,фанаткалар оте коп екен биздин елде(басым копшилиги кыздар) Менде аздаган видео мен фототусирилимдер бар

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s