Миллион, миллион гүл қайда?

Достар, барлықтарыңызды бүгінгі ғашықтар күнімен құттықтаймын! Сүйіңіздер, сүйікті болыңыздар! Маңыздысы – миллион гүл емес, миллион асып-тасқан сезім ))


Осы “Миллион, миллион алых роз” деген ән Алла Пугачеваның орындауында бұрынғы уақытта өте танымал еді. Осы әннің корей нұсқасы бар екеніне таң қалдым. Және олар әнді өздерінікі деп санайтындар да бар екен. Негізінде Раймонд Паулстың туындысы ғой, ал орысша сөзін жазған Андрей Вознесенский.

Корей нұсқасын әнші Хва Йоби (Hwayobi) орындайды. Даусы керемет енді. Біреулер оның даусын Мерайя Керимен салыстырады екен. Меніңше одан да асып түседі. Және де Алла Пугачеваның орындауынан осы нұсқа көбірек ұнайды. Хва Йобидің орындауында “Million Roses” деп аталып,  “Kiss in Yesterday” деген ән жинағына кірген екен. Тыңдап көріңіздер:

Пы.Сы. Осы әннің қазақша нұсқасы да бар. Әзіл-қалжын ретінде шығарылған ән Мейрамбек Беспаевтың орындауында “Миллион, миллион гүл қайда?” деп аталып, халық арасында жақсы таралып кетті. Бәлкім әншінің қосқан үлесінен болар… )

4 thoughts on “Миллион, миллион гүл қайда?

  1. Ең алғаш осы әнді Мейрамбек Бесбаев “Хабар” арнасынан берілген мерекелік бейнеқойылымда “суретші” образын сомдап, айтқан еді. Кейін расында да ел арасына тарап кетті.

    • Аида, осындай жаңлықтармен бөліскеніңе рахмет! )
      Тыңдап көрдім, аранжировка керемет. Жаңаша стильде жақсы өңделген. Қазір де эфирге жіберсең хит болайын деп тұр.
      Бірақ бәрінен де YeSung-ның “I don’t know anything but love” әні ұнады. Жалпы осы өлеңді жақсы көремін. Оған тіпті бір пост арнаған едім )) https://koreanfanatik.wordpress.com/2011/03/04/mahabbat/

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s