Ертегілер әлемі

Алдыңғы апталарда блогымның оң жақ бұрышындағы «Көріп жатқаным» айдарында «Secret garden» тұрған еді, естеріңізде болса. Басты рөлдерде Хён Бин (Hyun Bin) және Ха Джи Вон (Ha Ji Won). Хён Бин бізге «Мир, в котором они живут» сериалынан таныс. Жалпы танымал актерлердің бірі.

Сюжетке келетін болсақ, Хён Бин байдың баласы Ким Джу Вонның рөлін сомдайды. Атасынан қалған үлкен қонақүйдің басшысы болады. Күндердің бір күнінде, аяқ астынан (корей сериалдарына тән) каскадер қыз – Гиль Ра Имді кездестіріп қалады. Осы уақытқа дейін махаббатты сезініп көрмеген ол, алғашында оның неге ойынан кетпейтіндігін ойлап таң қалады. Қанша жерден ойламайын десе де есіл-дерті Гиль Ра Имде болады. Сөйтіп, қызық болғанда Гиль Ра Имге менің ойымнан неге шықпайсың деп айып тағады. Кейін келе өзінің ғашық болып қалғанын аңғарады, қызды жаулап алу процессі басталады. Алайда бәріне кедергі – байлық, ата-анасы және тағы сол корей сериалдарына тән – өткені. Ким Джу Вон жас кезінде лифтіге құлап кетеді, сол кезде Гиль Ра Имнің әкесі оны құтқармақ болып, өзі қайтыс болып кеткен екен. Міне, қаншама кедергі. Оған қоса жандарының ауысып кететінін қосыңыз.

Очм, не керек, мен мұндағы оқиғаға сенбедім. Розовый көзілдіріктілер, соның ішінде енді линзасы он есе қалың киетін қыздарға арналса керек. Шындыққа жанаспайтын эпизодттар көп, сонымен қатар Ким Джу Вон каскадер қыздың артынан қалмай жүгіреді. Қаншама рет «отшивать» етсе де, ертеңінде қайтып келіп тұрып алады. Басқасы болса, өз абыройын түсірмей, баяғыда жайына қалдырар еді ғой. Соңына дейін қарауға шыдамым жетпеді. Мен үшін тым зеріктіретін сериал болды.

Сериал үлкен рейтингпен өткен екен. Сонымен қатар сәтті туындылардың біріне қосылыпты. Бәлкім бұл актерлерге айтылған шығар деп ойлаймын. Жандары ауысқан кезде бірден қыздың, ұлдың рөлін ойнап кету оңай емес қой. Бастапқыда басты рөлді Чжан Хёкке (Jang Hyeok) ұсынған. Алайда ол «Мидас» сериалына түсу үшін сценарийден бас тартқан екен. Өте дұрыс жасаған, әзірге «Мидас» маған ұнап келе жатыр…  Ол жайлы көріп біткен соң жазармын.

5 thoughts on “Ертегілер әлемі

  1. Енді 13-ші сериясына келдім. Шыныменде “аххх” дейтіндей емес екен. Жұрт мақтағанға шыныменде бір керемет екен деп ойласам. :)) Рейтингті актерлері көртерген-ау. Бірақ, өлеңдері жақсы екен.) Big Bang-тің осы сериялға қойған пародиясын көріп, кәрісше түсінбесемде өлдім-ау күлкіден.

  2. мяяя Зере бар ғой өстіп құртасың:)))) Осы Сикрет гарденді маст си тізіміне алғашқы 3-тік ішіне қосып қойған едім:)))Енді шото ол райымнан қайттым:))))

  3. корея мен үшін керемет ел! себебі мәдениеті дамыған, басқа ұлттарға үлгі боларлықтай қасиеттер көп-ақ оларда. сол кореяға барып тұру бір армандарымның бири. казакша билетин корей ұлтының азаматтары мен азаматшаларын озиме дос болуга шакырамын. хабарласыныздаршы! elenora.m@mail.ru

  4. келіспеймін жақсы сериал, және өте қызық,
    бұл фантастика жанрында түсірілген ғой, сол себепти де жәй өмірде кездеспейтін сюжет көрсетілген

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s