Арманмен қанат жайғандар/Dream high

Жазба авторы – Erkerai. Корей сериалдарымен қызығатын тағы бір керемет қыз. Сериал қарау жағынан қалыспасам да, ол сияқты тоқыма тоқи алмайды екенмін. Еркерайдың жұмыстарын өз блогында көре аласыздар.

Жақында көріп бітірген кәріс сериалы жайында жазбақпын. Бұл сериалды бесеу көрмесе, үшеу көрер.))  Соңғы уақытта Корей сериалдарын көру озып барады, сол үшін сериалдары туралы қазақша жазсам артықтық етпес.

Таяуда «Dream high» сериалын көріп бітірдім. Көрсетілімі басталғанша асыға күтіп жүрдім. Бастапқы 2-3 сериасын ұйықтамай көріп шықтым, қалғанын асықпай көре бастадым. Сериал ұнады. Арман-мақсаттар туралы көп қанатты сөздер айтылады ішінде, сонысы ұнады.

Сюжеті қарапайым болғанымен тереңірек үңілсе көп нәрсе түсінуге болады. Ұққаным, өмірдегі қиыншылықтарға қарамастан еш мойымау керек. Іштарлық көрсетпей, өзгенің қуанышымен бөлісе білсең, бақыт та, сәттілік те, достар да сен жағыңда болады. Жастар көрсе үлгі аларлық сериал екен.🙂 Енді, кәрістер тек қана сериалын қызық қылып қоймай, сонымен қатар саундтректерінде джынды етіп жазады. Өлеңдері жақсы, не дегенімен кілең айдолдарды жинаған ғой сериалға.

Рөлдерде:  Suzy, Kim Soo-hyeon, Taecyeon, Ham Eun-jeong, Wooyoung, IU.
Сонымен, Кореяның ең беделді «Кирин» өнер мектебіндегі өз армандары үшін күрескен 6 студент туралы.

Сон Сам Дон – жеке ферма ашсам деп армандап жүрген қарапайым ауылдың жігіті. Бірақ, Ко Хе Ми атты қызға ес-түссіз ғашық болып, соның артынан «Кирин» мектебіне түсіп кетеді. Сол жақта өзі білмеген керемет таланттың иесі болып шығады.

Чжин Гук — бұзақы, керемет төбелескіш, сонымен қатар проф. бишілерден кем түспейтін брейк дэнсер.

Ко Хе Ми – айтқанынан қайтпайтын, өзін жоғарғы сорт, ал қалғандарын екінші сорт санайтын қыз. Амалының жоқтығынан осы мектепке түсіп, өмірден көп сабақтар ала бастайды.

Юн Бек Хи – сезімтал, қарапайым жанұяның қызы. Бірақ. құрбысының (Ко Хе Ми) сатқындығынан кейін мүлдем өзгеріп, басқа қызға айналады. Өмірінде үлкен сахнаны армандамаған бұл қыздың бағы тез жанады…

Джейсон – тәрбиелі, ақылды, өзіне сенімді, ауқатты отбасыдан шыққан жігіт. Бишілік, әншілік қасиеті де баршылық.

Пил Сук – ақкөңіл мінезді, талантты қыз. Махаббаты үшін өнерден де бас тартуға дайын.

Қол боста қарауға болады, жалпы сюжеті өте қарапайым. Прямь көргенде арманда, көрмегенде арманда дей алмаймын, бірақ талғамда талас жоқ дейтін бе еді, очм солай. Ал, мынау трейлер:

Пы.Сы: Мына суреттегі әнші бізде Азиада да келген әнші емес пе?

3 thoughts on “Арманмен қанат жайғандар/Dream high

  1. жақсы сериал? уже көрип шықтым
    Осы сералдармен 7-8 ай болды ауырып қалдым ғой деймін))))
    уже 40 сериал 10 кино көрип? уже эксперт болыпп қалдым)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s