Lee Min Jung (Ли Мин Чжун)

Осы актриса бізге «Жігіттің сарбаздарынан» таныс қой. Сол уақытта осы қызды неге Чан Дидің рөліне алмады дегендер көп болды. Өйткені әдемілігімен баршамызды тәнтті еткені рас.

Қазір көріп жүрген «Мидас» сериалында ол басты рөлде ойнайды. «Жігіттің сарбаздарынан» қарағанда бұл жерде ол өте салмақты, ақылды, нәзік қыздың рөлінде. Және осы сериалдан кейін оның табынушылары бірнеше мыңға артары сөзсіз. Өз рөлін әзірге керемет сомдауда.

Тал шыбықтай мүсін, харизма және әдемі келбеті осы үш сөзбен оны суреттеуге болады. Және де көптеген пластикалық хирургияның құдыретімен шыққан актрисаларға қарағанда Мин Чжун өзінің табиғи әдемілігімен мақтана алады.

Пы.Сы. “Жігіттер сарбазында” Ку Чен Пе оны “Мартышка” деп мазақтайды ғой. Осыны қазақша қалай аударды? Осыны біле алмай дал болып жүрмін )))

Қосымша ақпарат:
Аты: 이민정 / Lee Min Jung (Yi Min Jeong)
Мамандығы: Актриса
Туылған жылы: 16 ақпан 1983 жыл
Туған жері: Оңтүстік Корея
Бойы: 167 см
Салмағы: 49 кг
Отбасы: Үлкен ағасы бар
Білімі: Sungkyunkwan университеті (Театр факультеті)
Хобби: жүзу және фортепиано

Түскен дорамалар:
Midas (SBS, 2011)
To the Emperor (SBS, 2011)
Lunch Box / Dosirak (MBC, 2010)
Smile, You (SBS, 2009)
Boys Before Flowers (KBS2, 2009)
Who Are You? (MBC, 2008)
Kimcheed Radish Cubes (MBC, 2007)
Love Me When You Can (MBC, 2006)
Love and Sympathy (SBS, 2005)

Фильмдері:
Cyrano (2010)
White Night (2009)
Searching for the Elephant (2009)
Pruning the Grapevine (2007)
Moodori (2006)
Someone Special (2004)

Марапаттаулары:
29 қазан 2010 – (47th) Daejong Film Awards: Best New Actress (Cyrano Agency)
29 қазан 2010 – (47th) Daejong Film Awards: Popularity Award (Cyrano Agency)
8 қараша 2010 – (30th) Critics Choice Awards : Best New Actress (White Night)
2009 – SBS Drama Awards: New Star Award (Smile, You)

(с) wiki.d-addicts.com, koreanvibe.com

13 thoughts on “Lee Min Jung (Ли Мин Чжун)

    • Анар, жалпы пластика жасатуды мен жаман деп ойламаймын. Бәрі әдемі болғысы келеді ғой. Кореяда көздің үстіне жасалатын сызықты екінің бірі жасатады. Ал мысалға келтіретін болсақ, дәл сол сериалда Чан Ди болып ойнаған Ку Хе Сонның көздері мен мұрнында точно пластика бар. ))
      Сосын “Сестра золушки” дорамасындағы Золушка болып ойнайтын актрисаның түрі бәрі пластика екені анық ))

  1. түрі бәрі пластика екені анық ))//
    Жайлап Ресейге келді ол үрдіс, ана жолы бір шоуда айтып жатыр әлгі қыз мақтанып, мен де грам пластика жоқ деп))))
    КЗда, да жақында пластика жасамадым деп мақтанатын боламыз)))

  2. Анар, сенен бір өтініш. Анау “Ыстық ұя” фильміндегі бір өлеңнің қазақшасы бір нұсқасы бар еді ғой. Соны кім айтады, білмейсің бе? (егер сол ән болса, поштама жібересің бе деп тағы да ұялмай сұрап тұрған ба)) )

    • Мақпал, білмедім кім айтатынын. Осыдан көп жылдар бұрын шыққан еді ғой. Және ода авторлық құқық болған жоқ қой, сол себептен аса көп шығармады кажись. )

  3. ммм, сериалды коретын екен онда. магам бул актриса унайды.. актриса ма, жок алде алдынгы даромада сомдаган ролы ма ..унайды айтеуыр. рахмет “за рекомендацию” ))

  4. Pingback: “Байлық – сынақ” немесе “Мидас” жайлы | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s