“Ыстық ұя”. Қосымша.

Менің блогыма «Ыстық ұя» деп күніне қаншама рет іздеп келетінін білсеңіздер ғой… Алайда сериал жайлы көп мәлімет бере алмағаныма кейде қынжыламын. Сериал 2004 жылдары түсірілгендіктен, интернетте көп мәлімет жоқ. Алайда басты рөлдерде ойнайтын актерлер жайлы (Rain, Song Hye Kyo) жазып кеткен едім, сериал түсірілген жер жайлы да.

Осы мақалада сериалдың саундтрегіне арнағым келіп тұр. Көбінің ізденісі сол жердегі әндер екен. Толық саундтректі көшіріп алу үшін http://files.gameworld.kz/a1x4gcfp1y.html мына адресті бос браузерге қойып, Enter басыңыз, ары қарай нұсқаулықтарды оқыңыз.

Ал басты саундтректің бірі «I think I love you» әнін шамам келгенше сіздерге аударып қойдым ))

Сені сүйетін сияқтымын…

«Жоқ, олай болуы мүмкін емес»
Өзімді осы сөздермен тоқтататынмын
Сені сүюіме де еш себеп болған емес.
«Бұл кішкене қызғаныш. Жалғыздықтан болар» –
деп өзімді алдаумен болдым
Ал енді сезімімді ішімде сақтай алар емеспін.

Қайырмасы:
Сені сүйетін сияқтымын…

Солай болуы керек.
Сағынамын, қасымда болмасаң
Ештеме істей алмаймын,
Сен менің ойымнан шықпайсың.
Осылай болып жатқан соң
Қазір білемін
Мен сені сүйемін.

Біз бір-біріміз үшін жаралмағанбыз
Және дос болу – ең дұрысы
Бізді ештеме ортақтастырмайды
Келіспеушіліктер де көп
Қалайше енді ғашықтар бола аламыз?
Бәрінің де айтатыны осы емес пе?
Бәрін де жақсы түсінемін
Бірақ енді мен өзімді кінәлі сезінгім келмейді.

Пы.Сы. Осы сериал біткен соң Rain түскен “Беглец. План Б” сериалын көрсетпекші екен. Бұл – судай жаңа сериалдардың бірі. Бірге тамашалаймыз деп үміттенемін.

14 thoughts on ““Ыстық ұя”. Қосымша.

  1. кім көрсетпекші? қай тілде?

    мен ыстық ұяны сол Рэйннің жетістіктерімен қызыға бастағанда қарағам (қателеспесем Ел арна көрсеткен болатын). Бүткіл Қазақстаннан 3-4 жылға кешігіп. Сосын ұнатқан соң, ютубтан сол сериалмен байланысты бірнеше корей бағдарламалардан үзінді көргем. Біреуі Рэйн, жаңағы қыз бен басты рөлде ойнаған екінші баланың қатысуымен болған бағдарлама. Сонда жүргізуші үшеуінің қолдарына бірнәрсе беріп қояды, үшеуіне ортақ сұраққа кімнің жауабы “иә” болса, сол кісі жаңағы нәрсеге жасырын басу керек болады. Сұрақтардан бірі былай болды: “Ыстық Ұя дораманың танымалдығы менің жақсы ойынымның ғана арқасы”. Осыған “иә” деп біреуі жауап береді. Жүргізуші кім “иә” дегенін, кім Ыстық ұяның жетістігін өзінің ғана арқасы болды деп ойлайды деп сұрап еді үшеуіне, бәрі үндемеді =) Сосын компьютер көрсетті кімнің қандай жауап бергенін..

    кім “иә” деді деп ойлайсың, фанатик қыз?

    Өлеңге қатысты: 2008 жылы қазақ радиосынан осы ыстық ұядан бір өлеңді қазақшаға аударып, айтып жүрді ғой бір әртісіміз. Жап-жақсы ақ айтып жүр ед =)

    • Эльвира, “Беглец. План Б” сериалын осы Ел Арна көрсетеді. Кешкісін орысша, ертеңінде түсте қазақша ғой дим.

      Ал екінші сұрағыңа келер болсам, менің ойымша Сон Хе Гё “Ия” деп басты. ))) Рэйн біраз қарапайым сияқты, хотя ол да ия деуі мүмкін, прикол үшін ))

      Ал қазақша ән туралы айтар болсам, плагиат қой. Менің білуімше ол авторлық құқық сатып алмаған.

      • иә, Сон Хе болды басқан =)) Сұрағанымда неге айтпадың деп сұрап еді жүргізуші “ұялдым. Бәрі “иә” дейді деп ойладым, сосын солай жауап бердім” деді. Содан кейін сол қыз ұнамай қалды маған =))))

        Рэйн өте қарапайым расында. Күні кеше (28 сәуір күні) екінші рет Time журналының сұраптамасы бойынша Әлемнің the most influential адамдардың тізіміне кірді. Сонда да өте қарапайым болып танылуда.

  2. негізі корей сериалына отырғызған* мені осы Ыстық ұя))))
    3-4 сериасынан бастап көре бастадым қатты ұнады, онан кейін кетті ғо сериалдар бірнен кейін бірі)))

  3. Маған “ей, шіби!” деп ұрсып жүретіні ұнайды🙂 Дубляжды Жұлдызбек Жұманбай (ТЮЗ-дың супер актері) мен Күнсұлу күшті жасаған!

    • Ия, сол “Шіби” деген аударманы да жақсы тапқан. Қарапайым тілмен, құлаққа жағымды аударма. Осы жағынан да сериал ұтымды болды деп ойлаймын.
      Бірақ “Алақай!” деп айқайлайтын жер негізі дұрыс еместеу. Өйткені оригинал нұсқада “Файтинг!” деген сөзді айтады (жалпы кәрістер осы сөзді көп қолданады), яғни “Алға!” дегенге көбірек келеді.🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s