«Мәңгілік достық» немесе бір сериалдың желісімен ой-толғаныс

«Last friends» Жапон дорамасынан кейін басымда біршама ойлар сан-саққа жүгіріп кетті. Қай кезден бері өмірлік, салмақты, шынайы сериалдарға құмартып жүрмін. Осындай ізденіс ішінде осы дорамаға тап болғаным бар.


Сюжетін баяндаған соң, қызғаншақ-маньяктар, лесбиянка-гейлер, сосын Жапония менталитеті жайлы ұзыннан-ұзақ пост болады. Оқуға дайынмын десеңіздер, кеттік.

Сериал – өмір табыстырған 5 дос жайлы, және олардың тағдыры мен өмірінде жолығатын адамдар жайлы сыр шертеді.

Митиру – ақкөңіл, «мінезсіз» қыз. Шешесі екеуі әкесінен ажырасып, Токиоға қашып келеді. Шешесінің де жүргіштік, ішетін қасиеті бар, қызының үйден кеткенін қалап жүреді. Сөйтіп жүргенде Митируға жігіті Соскэ бірге тұрайық деп ұсыныс жасайды. Қатты қуанған Митиру алғашында Соскэмен бейбіт өмірге аяқ бастым деп ойлайды. Алайда жігітінің қызғаншақ, онда да маньяк-қызғаншақ екенін білмейді. Бірге тұра бастаған соң-ақ, оның әрбір минутын бақылаумен болады. Кіммен кездестің, сөйлестің, қайда бардың, және мардымды жауап алмаса соққының астына алады.

Соскэ – Митиурдың жігіті. Мемлекеттік органда қорғансыз балаларды бақылау комитетінде жұмыс істейді. Сыртынан жинақы, сымбатты, салмақты жігіт. Алайда жақсы көруді – ол түгелдей иелену деп түсінеді. Қызы Митирудың барлық істерін бақылап жүреді, ол істейтін шаштараздың терезесінен жұмысын бақылап тұрады. Митиурға ешқандай жігіт атаулы жоламау керек. Сонымен қатар Митирудың құрбысы Руканың оған ғашық екеніне күдіктеніп, одан ажыратып алмақшы болады.

Рука – Митирудың мектептен бірге келе жатқан құрбысы. Алайда Митиру Токиоға көшіп кеткелі бері оны жоғалтып алған болатын. Екеуі дүкенде кездесіп қалып, қайта қауышады. Рука – заты әйел болғанымен, ішкі жан дүниесі ұлдар сияқты қалыптасып өскен. Мотокроссингпен айланысып, түрлі жарыстарда жеңімпаз болған. Ішінде мәңгі бүгіп келген сыры – Митируды шынайы сүйетіндігі.

Эри – Рукамен үй жалдап тұратын құрбысы. Стюардесса. Әріптесінің ашынасы бола жүріп, көп нәрсе күтпейді. Қанша жерден үмітсіз болса да, ол өзін жоғалтпай, реалистік көзқарас пен батыл ұстанады.

Такэру – бастапқыда Эридің досы болып саналып, кейін Рукамен танысып, Рукаға ғашық болады. Такэру кішкентай күнінен әкесінің басқа анадан туылған әпкесінен зорлық көріп келеді. Содан бері қыздардан қорқады, яғни сексуалды планда оларға жолай алмайды. Сол себепті көбі оны «көгілдір» санайды.

Осылай бесеуінің тағдыры шиеленісіп, достасу барысында, небір қиындықтар мен өмірлеріндегі кейбір келеңсіздіктерден жеңілу мен жеңу процесстері баяндалады. Бастапқы мақсаты – Митируды Соскэден ажырату, оның маньктык аңдуын қойдырту. Бастапқыда бәрі оңай көрінгенмен, кейін келе осы Соскэден Рука да, Такэру де, Митиру де азап шегеді. Сериал соңына дейін адамды «напряжениеде» ұстап отырады. Соңынан көп нәрсе күттім. Алайда мен ойлағандай болмай шықты. (Оны енді өздеріңіз көргенде түсінесіздер). Бірақ бұл сериалдың жаман екенін білдірмейді.


Осы қызғаншақтық дегеннен өзім қорқам шын айтсам. Ширек ғасыр өмір сүріп, айналамда біршама қызғаншақ еркектерді көрдім. Өткенге, кеткенге, итке-құсқа, жылжитын заттың бәріне қызғану – бұл ауру ма деймін. Менің бір әріптесім болатын, соның күйеуі есік алдында терезеден бақылап тұратын, әйелінің не істеп жатқанын. Телефон шалады, бер жақта бір жігіттің даусы шықты ма, бітті, үйінде хай-вай. Ақыры ажырасып тыңды ғой. Онда да асылында қыздың сіңлісі күйеуі ұрып жатқанда келіп қалып, ата-анасы, бәрі жабылып жүріп ажырастырып алды. Әлбетте қызғанышсыз да болмайды, бірақ өміріңді шектеулеп тастаса біраз ойлану керек сияқты. Сенімсіздік, бітпейтін ақталу, жоқ жерден сақтық, үрей – осының бәрі саған керек пе? Әлбетте оларға да біреуге ақыры үйлену керек. Бірақ дәл осындаймен күресе алатындай әйелінің де жүйкесі берік болу керек па, әлде еркектің өзіне емделу керек па, ол жағын психологтарға қалдырайық.

Осы уақытқа дейін де лесби/гей дегендерге менің көзқарасым нейтралды болып келді. Ал мына сериалдан кейін тіпті түсінгендей болдым ба деймін. Егер сондай адамдар бар болса, яғни табиғат та жаратты ғой ол адамды. Неге олар «изгой» болулары керек? Олардың ішінде қаншама толғаныс, стресс жатыр, ерекше болғандары үшін кінәлі сезініп, қаншама жүк артып жүреді. Мысалы, осында Рука қатты қиналып, тіпті жынысын ауыстыруға бел буады. Сонда дәрігер одан сұрайды: «Бәлкім, сен туыстарыңа айтып, қандай бар, сондай етіп қабылдауын сұрарсың?» «Мен қатты қиналып кеттім. Қиналғандығым сонша бақырып, айқайлағым келіп кетеді.» – деп жауап береді. Кейін әкесімен сөйлескенде былай дейді: «Әке, кешірші, мен сен ойлағанда бола алмаймын. Біреуге әйел бола алмаймын, бала таба алмаймын. Үмітіңді ақтай алмаймын. Алайда мен өз жолымды тауып, бақытты боламын. Сен ол жағынан уайымдама. Кешірші» деп жылайды.  Осы сияқты егер ауытқушылығы болса қазіргі трансвеститтер сияқты, елге жария қылмай, тыныш өз жолын тауып, бақытты болуға болар ма еді?

Жалпы Жапон менталитеті мені таң қалдырудан жалығар емес. Олардың сериалдарын қарап, тіптен құдайсызданып кеткен ба дейсін. Әлбетте мәдениеттілік, әдептілік жоғары деңгейде. Алайда өмірлеріне бояусыз қарай бастасаң, рухани азғындалып бара жатқандары көп сияқты. Кейбір жерлерде тура біздің көршіміз ресейліктердің өмірі елестейді. Шығыс менталитеттен жұрдай болып бара жатқан сияқты. Осындайды қазір БАҚ-та сөз қыла ма екен? Әйтпесе дорама барысында кішкентай балаға сексуалды зорлық көрсету, некеге дейін бірге тұру, жалпы «жата кету» мәселесі кәдімгідей еш проблема емес екеніне көзім жетті. Дамыған демократиялы елдерде сана басқарады делік, ал санасыздардың осы тұрғыда нендей сұмдыққа барарын кім ойлайды?

Менің ойымша – әрбіріне саналы, ақылды болу жазбаған. Өмірде небір айуан тәріздес ғұмыр кешетіндер көп. Осыларды басқаруға бірден-бір құрал – дін деп ойлаймын.

Айтпақшы, менің сүйікті жапон-актерлерімнің бірі – Нишикидо Рё мені таң қалдырды. Оны жек көруге шақ қалдым. Яғни ол өз рөлін өте дұрыс атқарды деген сөз. Барлық актерлеріне, жалпы сериалға ризамын. Менің фавориттерімнің арасына қосылды. Және де Жапондық дорамалардың бір жақсы жері қысқа, әрі нұсқа етіп жасайды, 11 сериясын демалған 3 күнде бітіріп тастадым ))

5 thoughts on “«Мәңгілік достық» немесе бір сериалдың желісімен ой-толғаныс

  1. бұл сериалды қарамаппын. Қарағандар көбісі Нишикидо Ре құрсын деп жатады:)) Жақсы мағынада әрине:)
    Бірақ шынымен айтатындар да болған екен, осы дорама теледидарда жүріп жатқан сәтте , Нишикидо уақыт тауып достарымен тамақтануға барғанда бір бұзық Нишикидоны ұстап алып Масамиді басынушы болма, ұқтың ба деп кәдімгідей угрожать еткен екен :))) Бұл енді Реның актерлік талантының көрінісі ғой:))
    Ал жалпы жапон қоғамына келсек, иә көп нәрседе шекара дегенді ұмытқаны рас. Бірақ болғанмен бұл қоғамда да батыстағыдай емес ашық түрде гей лесби екенін айта алмайды

    • Ия, Ре ойынын қатырды.
      Жалпы Жапонияға танданысым Харуки Муракамидің кітаптарынан басталды. Әлі күнге дейін Жапония жайлы небір оқиғалардан жаным түршігеді )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s