Өзбектер Корей тариханын эксперт

Корейлік бір блоггер өзбектердің корей тарихын білуіне таңданып, пост жазыпты. Ол өзбектердің Кореяның Чосон дәуірінен бергі хандары мен патшаларын білуіне, олардың ұлттық киімдерінің түрлеріне дейін хабардар болуына таң қалыпты. Тіпті мектептеріндегі мұғалімдері «балалар Корей тарихын Өзбекстанның тарихынан да көп біледі» деп айтыпты дейді.

Ал мұндай жетістік, әрине, Корейлік тарихи сериалдарының арқасы. Корей киномотографистері тарихты сериалдар арқылы насихаттауда үлкен жетістіктерге жетті. Өзбекстанда көрсетілген «Ханзада Жумонг», «Ұлы ханша Сон Док», «Сарай әміршісі» және т.б. корей дорамалары ел көңілінен шығып, қызығушылық тудыртқан екен.

Бұл блоггер біздің елге келсе қазақтардың өзбектерден де эсперт екеніне көзі жетер еді. Өйткені қай уақыттан бері қазақстандықтар да корей тарихын сериал арқылы зерттеумен келеді. Соның жемісі, жабыла жүріп «Жумонг Ханзаданы» да шақыртып алдық.

Қазіргі кезде көбінің айтатыны, осы кәрістер сияқты біздер де неге тарихи сериалдар шығармаймыз. Біздің батырларымыз жоқ па? Үлгі тұтарлық азаматтарымыз жоқ па? – деген сияқты. Бар ғой, әрине. Алайда дәл осылай түсіре алатын режиссер, сценаристер бар ма десеңші? Киноматография жағынан Корея мен Жапония әлдеқайда алға кетіп қалғаны жасырын емес. Біз ондай дәрежелі сериалдар түсіре алатындығымызға әлі сене алмаймын, шыны керек.

Сол себепті де әзірге Қазақстан тарихын тек кітаптан ғана оқимыз, ағайын. ))

10 thoughts on “Өзбектер Корей тариханын эксперт

  1. ханшайым деген әйел басшы жайлы сериалдың аяқ жағын көріп қалдым.🙂
    Не деген ерлік, мем. бір тұтастықты көздеу үшін, әйел бақытынан айрылады😦
    жапондардың сериалдарын көргенім жоқ, тарихи тұлғалармен😉
    мүмкін болса сериал алмасайық ағайын)))

  2. Бәрі тым жақсы жоспарланып басталады да, “Көшпенділердің” кебін киеді, содан да шығар..Өз басым тұшымды дүние болмайтын сияқты деп ойлаймын.

  3. Менде “Ұлы Ханша СонДок”тан кейін тарихтарына қызыға бастадым. Мдаа бізге олар сияқты сериал түсіру қайда..

  4. Менің группаласым бар, көбі оны кәріс, қытайға ұқсатады. Бірақ таза қазақ. Корея туралы, әсіресе Солт. Кореяны ерекше зерттеп, тарихын өте жақсы біледі. Кәрісше сөйлегенде де солар сияқты сөйлейді :)) Қазақтардан да бар ондайлар ))

  5. Men koreidinde turikterdinde kinosin kormim. Ol boska uakit oltiru. Serialdi ishi piskan shaldarmen kempirler gana koredi. Barin uide jatip ap korei turik dep shulagansha, kazakstannin damuina ules kosindar. Davai jumis istender

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s