Алақай!!!

Маған Қуаныш Сон Иль Гуктың автографын алып келді. )) Сол үшін оған көптен-көп рахмет!!!

Өздеріңіз хабардар болғандай “Ханзада Жумонгтың” басты кейіпкері Сон Иль Гук Астанада қонақта. Кеше, яғни 4-мамыр күні қазақстандық жанкүйерлерге автограф таратып, суретке түскен болатын.

Жаңалықтардан оқығаным бойынша 1 сағатқа жоспарланған кездесу 3 сағатқа жалғасып, актер барлық жанкүйерлерімен жолығып, автограф таратқан екен. Журналистермен пресс-конференция жасап та үлгеріпті. Ол біздің елде танымал екенін былтыр Кореяда елбасымен кездесу барысында біліпті. Қазақстаннан барған журналистер оның танымалдылығын айтып, елге шақырған екен. Міне, енді жолы түсіп отыр.

Бүгін кешке концерт болады. Сол шарадан суреттер мен видеоларды on.kz сайтынан көре аласыздар.

18 thoughts on “Алақай!!!

    • 🙂 Рахмет, Айжан! Бірақ негізі мен бұл актер түскен сериалдарды қарамаппын. Өйткені Қазақстан ТРК-дан түскі сағат 16:00-де көрсетіледі. Ал бұл кезде біз жұмыстамыз. Алайда үйдегілердің бәрі осы актердің фанаттары. Бұл түскен “Ханзада Жумонгты” 3 рет көріп тастаған шығар )))

  1. құтты болсын! Мен қуанып тұрмын, кеше керекте, біраз видеоларын көріп Қуаныштың, басқаша әсерде болдым, фанат емеспін онда да сұлу ажь🙂

  2. Құтты болсын, Зере!)) Қуаныш деген кісіні ертерек танымаған екенмін((, мен кішкене кешірек барып, кіре алмай тұрып қалдым біраз.

    • Ия, менде айтып жатырмын сені көрмей қалғаны-ай деп. Ол ана Ву Биннің дәл қасында жүріп не автограф алмапты, не суретке түспепті. Ай ішім ашығаны-ай )))

  3. Қарындасым, өз блогыма келген пікірлердің астындағы жауап беру дегенді басып, пікірлерге жауап жазғаным дұрыс па? Кейде өзіме -өзім пікір жазғандай болып кетеді. Пікірлерге жауап жазу ретін түсіндіріп жібересің бе, ағаңа?

  4. иә аға солай жасайсыз. Сізге жазылған пікірге жауап жазғыңыз келсе, не жәй рахмет айтып ілтипатыңызды білдіргіңіз келсе, мысалға сізге 3 адам пікір жазды, сіз 2-ші пікірге жауап жазғыңыз келді дейік, бірнеше пікірлердің арасындағы пікірге жауап бергіңіз келсе, сол жазылған пікірдің астындағы жауап беру түймесін басқанда, кішкене терезе пайда болады,соның ішіне жауап жазыңыз.
    Егер де жазылған пікірлердің ең соңғысына жауап жазар болсаңыз, онда да дәл жаңағыдай қимылды жасайсыз бірақ жаңа терезе пайда болып жатпайды, ең астындағы пікір терезе сол күйінде көрініп тұра береді, соған жаза бересіз.
    Өзіңіз бірнеше пікірге, жәй рахмет болсын, басқа нәрсе жазып трейнинг жасап көріңіз, егер қате кетіп жатса, ол комментті любой уақытта өшіре аласыз. Жоғарыдағы тақтадағы my blog , оның ішінде manage comments ішінен түзету жасай аласыз, керегін қалдырып керек емесін өшіріп дегендей. Тек байқаусызда оқырмандарыңыздың пікірін өшіріп, оқырмандарыңызды ренжітіп алмаңыз аға :)))
    басқа сұрақ болса қоя беріңіз, Ақзере болсын, басқасы болсын білгенше куана көмектесеміз ғой.
    пысы Зере сорри оффтоп

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s