Концерт өтті…

Ия, Астанада 5-мамыр күні Корей орталығы ұйымдастырған Корей толқыны жұлдыздарының концертін тек теледидардан көре алдым. Күнделікті тыңдап жүрген әндерді әртістерің өздері келіп орындағанды тірідей тыңдау, көру – екі есе әсер сыйлайтын шығар.

Со Ын Ён (Seo Yeong-eun) орындаған “Қар гүлі” (“Snow Flower”) әнін осы екі апта бұрын “Х-фактор” жобасында Дария Ғабдул орындаған еді. Меніңше Дария оригиналдан кем орындаған жоқ. (Жалпы Х-фактор жобасы жайлы ойымды мына жерден оқи аласыздар). Сон Ын Ён “Қазақтар бізге ұқсайды екен, алайда әдемірек, әрі бойларыңыз ұзын екен” – деп комплимент айтып кетті. Өзі сондай сыпайы, күлімдеген, әдемі әнші екен. Өлеңдеріне де, өзіне де риза болдым.

“JQT” орындаған екінші әндері “Вирус Бетховена” дорамасынан болатын. Сол әнді Чжан Гын Сокпен “ауырып” жүрген кезде телефоныма көшіріп алып тыңдап жүрген едім. Топтың қыздары орындағанда құлаққа сондай жылы естілді. ))

“T-Max” тобы ерекше енді. “Жігіттер сарбазындағы” бірдей екі әнді айтты. “Paradise” және “Fight The Bad Feeling” әндері корей поп-музыкасымен қызығатындардың көбіне танымал. Қыздар тіптен олармен қосылып ән айтып отырды. “Paradise” әнін айтып болған соң, T-Max деп айқайлап, қайта шақырып алып, әнді қайта орындатыпты. Таңданып қалған шығар, сірә ))

Байқағаным, біздің елде Корей киноиндустриясымен, к-поп-музыкасымен қызығатындар өте көп. Және де болашақта осында концерт ұйымдастырамын десе аншлаг болатынына сеніммен айтуға болады.

Өкінішке орай, интернетте түсірілген видеолар аз. Тапқаныммен бөліспекпін. Қазақтандықтардың қалай қабылдағандарына өздеріңіз куә болыңыздар.  Біздің жақ оларға ұнады деп ойлаймын, тағы басқа әртістеріне айтып, енді концерттер көп болады деп үміттенемін! ))

16 thoughts on “Концерт өтті…

    • Оң жақтағы тәтей: Корея Республикасының Президентінің жанындағы Ұлттық брендтің Комитетінің төрайымы – Ли Бэ-ен ханым.
      Сол жағында ағай: Корея Республикасының мәдениет, спорт және туризмінің вице-министрі Мо Чоль Мин мырза.
      Көк көйлектегі қыз: Со Енг-ын, {кәріс сериалдарындағы, киноларындағы саундтректердің атақты орындаушысы}

      • рахмет, Қуаныш! Сол жерге барып, көріп, танысып қайттың ба не? (кімнің кім екенің жақсы біледі екенсің). Ана 4 жігіт “T-Max” тобы шығар, иә? Жумонг ханзадамен кездесу бәрі бір жерде болған ба? суретте оны көрмей тұрмын. а, сірә суреттің екінші жартысында тұрған шығар.

  1. иә, сәті түсіп барып келдім! :)))))))))))))))))))))))))))))))
    дұрыс айтасың, суреттің жартысында Сон Иль Гук бар,
    “JQT” -қыздар тобы бар🙂 әдемі екен, бірақ, қазақ қыздарына жетпейді!
    Сосын ұлттық киімдегі “Чонгдонг” театрының әртістері болған …

  2. Концертін мен де көргем, бар жұмысымнан қалып. Сосын көңіліме түйіп отырғандарым мынау болды:
    1. Расында, олар мұндай ыстық ықыласты қазақтардан күтпеген тәрізді. Олардың іс-әрекетінен көрініп тұрды.
    2. Біздің әртістердің “құлағына алтын сырға”. Барлық әнін жанды дауыспен айтқаны, сонымен қоймай, билеп, шоу ұйымдастырғаны керемет шықты. ( “T-Max”-тағы Ким Чжунның күлкісі де ұнады).
    3. “JQT” ортасында тұрған, шашын жайып жүрген қыз қазақтан аумайды екен. Тап менің күнде көріп жүрген көршім тәрізді.
    4. Осы концертті жүргізуші “Ханзада Жумонг” рейтингі 80 пайыз болды деп сәл артықтау, асырып айтып жібергендей. Корей сериалдары десе, ішкен асымды жерге қоятын мен көрмеппін. Жұмыста жүргенде бола ма, уақыты қай кезде еді оның? Егер “Ыстық ұя” мен “Жігіттің сарбаздары” 80 пайыз рейтинг көрсетті десе, әбден сенер едім. Оларды қайталап берген сайын жалықпай көрдім. Отбасымызбен көрдік. Сон Иль Гук мырза ренжімесін, бірақ ол кісіні танымадым. Бірақ сұхбаты ұнады, қарапайым жан екені көрініп тұр….
    5. Ең бастысы, блог иесіне үлкен РАХМЕТ.

    • Сізге де рахмет! Толықтай сізбен келісемін. Біздің қазақ әншілерін “Қарғайын десең – жалғызым, қарғамайын десең – жалмауызымның” кебін киеді. Осылай тірі дауыспен, шоу жасап әндер айтуға болады ғой. Шоу түгіл билеуді де білмейді. Репертуар жағы бәрінде ақсап жатыр. Біріңғай тойдың әндерін жазып әлек. ((( Ізденіс жоқ тіптен.
      Жумонгты мен де көрмедім ))) Бірақ үйдегілер бәрі көрген. Біз ол кезде жұмыстамыз ғой. Түсте көрсетеді оларды.
      Ыстық ұяның актерлері келсе енді )))))

      • Менде бар ықыласыммен Твдан көріп отсам женешем “Дым дауыстары жоқ қой”, қайсысына ғашық боп жүрсін” деп қалды, оны көңілге алған мен жоқ, кіріп кетейін деп отырдым Твға.))))

  3. Қуаныштың репортажы ұнады, көп суреттерімен. Жоқ қайта сол Жумонгты көп адам көрген сияқты, тіпті жігіттерге дейін. Сосын ауылдағы адамдар сарбаздарға қарағанда сол түстегі Жумонгты қарады

  4. Жігіттер қысылып тұр ма дим қатты, әйтпесе көрермендермен байланыс жоқ қой еш. Ұйымдастырушылар біраз кісілердің сауабына қалған екен, рахмет ол кісілерге. Осындай шетелдіктердің концерттері жиі болып тұрса өз әншілеріміз де ілгері дамитын шығар.

    • Бәлкім видеода дұрыс көрінбейтін шығар. Бірақ барғандардың айтуынша керісінше жақсы байланыс болды, әндерді бірге айтып, қолдап отырды. Ал біраз қысылғаны бәлкім күтпегендері шығар ))

  5. Pingback: Сарбаздарда не жаңалық? | Корей толқыны

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s