“Дон И” жайлы

Осы сериалды сол жұмыста болған соң көре алған жоқпын. Бірақ ара-арасында байқап қалғаным бар. Тарихи телехикая Чосон дәуіріндегі Сукчжон патшалық құрған уақыт туралы сыр шертеді. Дон И алғашында хан сарайында кір жуғыш болып жұмыс жасайды. Кейін өзінің ақылдылығымен, мейірімімен ханның ықыласына бөленіп, екінші әйелі болады. Содан кейінгі ханшайымдар арасындағы бәсекелестік, балаларының таққа таласы сияқты мәселелер қозғалады.

Менің бір таң қалғаным, Дон И-дің рөлін сомдаған актриса 1987 жылғы екен. Сериал барысында ол жас қыздан, үлкен келіншекке айналғаны да көрсетіледі. Осы корейлердің жасқа түкіргені бар-ау. Қай жасты ойнаймын десе де бәрібір, ең бастысы роль болса болды.

Дон И-дің рөлін сомдаған актриса Хан Хё Жу (Han Hyo Joo)-дің сериалға түсер барысында алынған сұхбатынан кішкене үзінді:

– Тарихи телехикаяда басты рөлді ойнаған қалай екен?

– Мен өзіме жүктелген жауапкершілікті қатты сезінемін. Өмірде болған адамды ойнау бұл екі есе қиын, сол себепті де бәрін дұрыс жасауым керекпін деп сеземін. Жан-жағымдағылар бәрі соны айтады, қатты шаршаған уақытта қиыналып кетемін, алайда өзімді қолға алып, қолымнан келгенін жасауға тырысып жүрмін.

– Алғашында сізге рөлді ұсынған кезде қандай әсерде болдыңыз?

– Басында көп алаңдадым. Қолымнан келе ме, келмей ме. Тарихи драмалар үлкен жауапкершілікті қажет етеді, әрі жанр жағынан да қиын. Сонымен қатар жас қыз болып, ересек әйелдің рөліне енуді де ойладым. Алайда кейін өзіме мақсат қойып, мұндай мүмкіндікті неге жіберуім керек деп ойладым. Сонымен қатар басты рөлді ойнау актер үшін үлкен құрмет қой. Мұндай мүмкіндік қайта келе бермейді, сол үшін тырысып көремін дедім.

– Дон И қандай адам болды, қалай ойлайсыз?

– Кішкентай кезінде отбасынан айрылып қалған соң, оның жүрегінде бір ауырлық болды, алайда жанын таза күйінде сақтап қалды. Ол батылдығы мен ақылы арқылы өмірінде кездесетін келеңсіздіктерді жеңіп отырды. Қиянаты жоқ адал адам болды деп ойлаймын.

– Тағы да басты рөлде ойнайтын Ji Jin-hee жайлы не ойлайсыз?

– Көбінің айтуынша ол өз ісінің маманы, әрі оның жанында бәрі өзін жақсы сезінеді дейді. Сондықтан түсірілім кезінде ол мені қолдап, көмектеседі деген үміттемін. Жалпы барлық актерлермен де жақсы қарым-қатынас орнайды деген сенімдемін.

«Дон И» телехикаясы 2010 «Жыл драмасы» номинациясы бойынша жеңіске жетті, әрі онда ойнағана актерлер Han Hyo-joo, Ji Jin-hee, Kim Yoo-seok үздік актерлер болып танылған.

Актриса Хан Хё Жу жайлы қосымша ақпарат:

Туылған жылы: 2 ақпан, 1987 жыл
Туылған жері:
Cheongju, Chungbuk, Оңтүстік Корея
Отбасы:
Үлкен екі ағасы және інісі бар
Білімі:
Dongkuk University, Theater and Film department, currently on leave
Дебют: Nonstop 5 (2005)
Түскен дорамалар:
Spring Waltz (2006),
As Much as Heaven and Earth (2007),
Iljimae (2008),
Brilliant Legacy (2009).
Dong Yi (2010)

Фильмдері:
My Boss, My Teacher (2006),
Ad Lib Night (2006),
Go, Bicycle (2008),
My Dear Enemy (2008)

One thought on ““Дон И” жайлы

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s