Тағы бір аударма!!! Big Bang – Stay

Осы жолы оңтүстік-корейлік “Big Bang” тобының “Stay” әнін аудардық. Басында өзім орысша субтитрлардан аударған едім, сосын Жанкаға редакцияға жіберсем, ол пысығымыз бәрін басынан бастап, Айжаннұрды шақырып, екеуі қайта аударып шығыпты. ))) Оригиналдан аударған одан да жақсы емес пе, аударманы алып оқығанда қуанып кеттім. Өте керемет, сапалы аударма болыпты. Рахмет, сендерге қыздар! Лав ю! ))

Big Bang – 5 мүшеден тұратын (G-Dragon, Tae Yang, T.O.P, Dae Sung, Seung Ri) Оңтүстік-Корейлік топ. Ең алғаш 2006 жылы шыққан. Қазіргі уақытта Жапон сахнасын бағындырумен айналысып жатыр. Жалпы олардың табынушылары бүткіл әлемнен табылады. Топ болып бірнеше альбомдар шығарып тастаған, сонымен қатар әр мүшесі де өз проектерімен де шығып, көрермендерін қуантуда.

Пы.Сы. Субтитрлармен жұмыс істеуді біраз үйреніп қалдым. Тағы аударам дейтіндерге өте қуанып, қабыл аламыз! Сұрақтарыңыз болып жатса akzere.айқұлақ.gmail.com Хабарласыңыздар!

14 thoughts on “Тағы бір аударма!!! Big Bang – Stay

  1. Коп коп рахмет сіздерге,видеоларыңыз керемет. Биг Бэнг менің ен сүйікті группам.Әсіресе Джи Ди.Тағыда аудармалар кутем.

  2. әндері ұнамады. жалпы бұл топ ұнамады. аудармаға бола қарадым. жарайсыңдар, қыздар!

    осындай қысқа субтитрларды видеоның үстіне жазу үшін шамамен қанша уақыт кетеді? көз бен уақыттың соры болмаса үйренуге тұратын нәрсе екен дейм да. қызықтым.

    • Эльвира, былайынша аз уақыт кетеді. Онлайн бірге аударып тастаса болады екен. Айжаннұр тіптен ұйқастырып аударыпты. Керемет болды!
      Ал топ жайлы айтатын болсам көбіне жас қыздардың сүйіп тыңдайтын әншілері ғой. Маған ұнағаны Live қалай жақсы айтады, тіптен оригинал сияқты. Сонымен қатар бірнеше шоуларда оларды көргем. Өте дарынды балалар. Содан ақырындап өлеңдерін тыңдай бастадым.

  3. жарты күн кетті менде сабсты жөндеуге, и то бізде нобайы болған өзінде.
    Орыстар бір аударма жасаған екен, бірақ оның видеосының астында уже хардсабы бар екен, одан таза видео іздедік, еш қоспасы жоқ. Видео табылды бірақ таймингы алдыңғы видеоға сай ғып жасалғасын сәл артта қап қойды сабастар. Сол фангруппаның софтсабтарын қоспасыз видеоға қарай реттедім. Ұзақтығы бірдей болғанымен,сәл бөлек жерден қиылған екен,сабтар қала береді 2 сек-қа. Содан милисекундаларын жөндедім:)))) Сосын ана фангруптың жасаған шрифттерін өзгерттім, әдемі емес деп. Сосын үстіне оригинал сабсты қостым романайзед түрін.
    Одан кейін Ар жағын тағы Зере жөндеген шығар милисекундтарын білмедім:) Бірақ Зеренің миссиясы әйтеуір прогалармен жұмыс істеу:)
    Бірнеше
    Нудный шаруа енді, бірақ дым шаршамадым. Депресняк боп, ештемеге зауқым боп жүр еді, істеп жүрген шаруамнан мүлдем бөлек зат болғасын қайта сергіп қалдым:))))))

  4. tamawa))))) Bigbangnyn olenin kazakwa sabpen 1-ret korip turm!))) Jalpy kommentterdi okyp otyryp Bigbangdy endi tanyp jatkan adamdarga tan kaldym… endi ozim Bigbangnyn fanatkasy bogan son wygar^^)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s