“Жерұйық” фильмі жайлы

“Адамзаттың бәрін сүй – бауырым деп”.  Абай

“Негізі әр ұлттың өз сұлулары мен уродтары бар”.  Sako

Режиссер: Сламбек Тәуекел
Сценарий: Лаврентий Сон
Басты рөлдерде: Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес.

«Жерұйық» фильмінің жабық көрінісіне барған уақытта қыздар маған бұрылып, сенің «кәрістерің» деп жымыңдап қояды, мен де күлдім. Фильм Қазақстан жеріне 1937 жылдарда кәрістердің жер аударуынан басталады. Кейін шешендер, күрдтер, неміс, еврейлердің қоныстануына ықпал ететін басты кейіпкер – колхоз председателі Орынбайды суреттейді. «Іштен шыққан жаумен» күресуі, ауыл балаларының білім алуына, жұмыстануына барынша ықпал етеді, жалпы сол жылдардағы көптеген қиыншылықтар қозғалады.

Қазіргі уақытта сол кездерден бастап мекендеген елдер, және тағы басқа, бәріміз бір мемлекеттің астында тыныштықта өмір сүріп жатқан жайымыз бар. (Лайым солай бола берсін).

Ұлттар достастығын қозғау өте қажет мәселе. Өйткені жоқ десең де ұлтараздық кикілжіңдер ара-тұра болып тұрады, оның ушығып кетпеуіне бәріміз де жауаптымыз. Өйткені «Жаман ұлт болмайды, жаман адамдар болады» деген – факт. Сонымен қатар «көтерілген жұрт – есуас» дегенді де қоса отыру керек.

Фильм арқылы адамдарға қатты әсер етуге болатыны белгілі, тәрбиелік мәні зор. Бірақ жеткізілетін басты идея ашық түрде емес, жасырын болса фильм құрылымы анағұрлым қызықты болар ма еді. Сол кезде фильмді талқылау да, көруге құмар жастар да тартылар еді деп ойлаймын.

Кәріс әйелдері мен балалары Қазақ жеріне келіп жаңа тірлік бастады (minber.kz)

Режиссердің айтуы бойынша, кәрістер ең игілікті халық. «Ешқашан жақсылықты ұмытпайды, әрі заңды қатаң қадағалайды» – дейді. Бәлкім солай шығар, сонымен қатар кәрістерден басқа қарашайлардың өкілі Ислам Байрамуков қазақ еліне жақсылығы үшін рахметін айтып, қазақша сайрап жүреді. Бұған тағы әзербайжандық Асылы Османды қосыңыз, неміс ұлтынан жазушыс Герольд Белгер де бар, мұндай мысалдар көп екеніне сенемін. Байқағанымыз, саналы адам бәрін де түсінеді, соған байланысты әрекет етеді. Ал ұлтшылдықты жырлап, кім мықты, кім жаман деу білімсіздіктен туындап отырады.

Сол білімсіздікті осындай фильмдермен түсіндіріп, жеткізе білу керек. Картинаның сапалығы жағынан, көркемдеу жағынан да жақсы түсірілген. Сол жылдардың атмосферасын бере алды деп ойлаймын. Тәжірибелі актерлерді жинапты, көбісі театр актерлері екенін байқадық, өз рөлдерін жақсы алып шықты (сериалдардағы ойындарымен салыстырғанда). Режиссерлердің бірі Лаврентий Сон суретші баланың прототипі дегенді естігенде таң болдық. Әлбетте прототип бар кезде шынайылық аз да болсын жақын болады ғой.

Фильмнің тұсаукесері 30 мамыр күні Астанада (ОКЗ-да сағат 16.00-де), 1 маусым күні Алматы қаласында (“Арман”кинотеатрында сағат 19.00-де) өтеді  Сол 1 маусымнан бастап Қазақстан кинотеатрларында экранға шығады.

7 thoughts on ““Жерұйық” фильмі жайлы

  1. мына суреттегі алматылық театральный әртіс кәрістер әппақ қой тегі…37 ж. аш жалаңаш жер аударылып келген кәрістерге түр әлпеті мүлдем ұқсамайды…ыстыққа күйген, суыққа тоңған әбіржіген түрлері байқалмайды… шамалы естественный образға түсу үшін грим жасалмапты

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s