«Қашқын. Б жоспары». OST.

Осы сериалдың бірінші сериясын ғана көрдім, одан кейін үзіп-үзіп қарағаным болмаса, уақыт болмады. Rain-ның түрі күлкімді келтіреді. Неше түрлі физиономиялар жасап. )) Былайынша қызық сериал сияқты. Түсірілім Сеулде, Пусанда, Токио, Осака, Йокогама, Шанхай, Пекин, Макао және Гонконгта да жүріпті. Бәрінен бұрын музыкасы керемет. Кейде ойлаймын, осы корейлер сюжеттен бұрын музыканы бірінші жасай ма деп, өте үлкен жауапкершілікпен таңдайды ғой саундтректерін. Сериалдан бұрын әндерін іздеп әуре боласың.

Сериалды көрмегендіктен, рецензия жаза алмаймын, қолымнан келетіні саундтрегін іздегендерге көмегім тисін деп ұсынып отырмын.

Трэклист:
01. Running & Running – MBLAQ
02. Saranggateun geon mitji – Shim Seung Hoon
03. Chaos A.D. – (4minute)
04. Poison – Jea
05. Mayday – (Oran-G)
06. Crazy Bounce
07. Gun Likes A Girl
08. Gloria
09. Dragon Of China
10. Jaetbit Noeul
11. Break Out
12. I Like To Move It
13. Bullet Dance
14. Chunkukeuroee pyeondo
15. Born To Run
16. No More Cigarette
17. Unlimited

Өлеңдерді көшіріп алу үшін http://files.gameworld.kz/vn38pmujkb.html мына сілтемені броузерге қойып, Enter басыңыз, ары қарай нұсқаулықтарды оқыңыз.

10 thoughts on “«Қашқын. Б жоспары». OST.

  1. Рэйн ойнағаны үшін қарағам. Шыққан кезде-ақ. Ютубтан. Ел арнадан өзің сияқты бір-екі сериясын ғана көргем. Қазақшаға қандай жаман аударған десеңші! Рэйнге, ой, яғни.. сериалға обал! Дауыстары да келмейді, аударма да толық емес. Сосын бір күні күндіз қолым тиіп, орысша аудармасымен де бір сериясын қарадым. Ол тіптен жаман екен! (орысшамен салыстырғанда қазақшамыз айналайын болып шықты).

    Сериал жайлы ойым: Сюжет қызық, бірақ Рэйн мен басты рөлдегі қыз екеуі мүлдем жараспады. Қыздың ойынына +3 (out of 5) деген баға берер ем. Сериал қаржылай өте қымбат болуымен және ішінде көп атақты актерлардың ойнауымен есімде қалды.

    Сериал туралы мен білетін қызықты мәліметтер: Хван есімді қылмыскер профессор әйелді ойнаған актриса сериал түсіріліп жатқан кезде жол апатына ұшырайды. Сол үшін сценаристтер оның кейіпкерін 12-шы серияда атып кеткен деп көрсетеді. Кейін, сериалдың сонына қарай ол актрисаның жағдайы жақсарып, сериалда түсірілімін қайта жалғастырған болатын (19-шы серия). Ол кезде сериал режиссері «Сериалдың атына сай, өкінішті жол апаты салдарынан, біздің де кенеттен Б жоспарын ойластырып, сюжетті соған қарай бейімдеуімізге тура келді» деген болатын.

    Анардың трэк тізіміндегі №1 әнін Рэйннің «шәкірттері» MBLAQ тобы орындайды.

    Көп жылдар бойы корей сериалдарында көрінбеген актриса / актерлар бұл сериалға түсуге келісімдерін беріп, түскен болатын. Мысалға: Рэйн үшін бұл соңғы 5 жылдағы бірінші сериал болды, басты рөлдегі актриса үшін соңғы 6 жылдағы бірінші сериалы, Кай рөлінде ойнаған Дэниел соңғы 4 жылда корей драмаларында ойнамаған болатын. Ал профессор Хван рөлін ойнаған актриса тіптен Fugitive драмаға дейін көп жыл бойы Жапон елінде ғана түсіп жүрді.

    Келісім-шарт бойынша Рэйнге әрбір серия үшін 46,5 мың (1 $ = 1079 won) доллардай ақы төленуі керек болатын. Сериал біткен кезде, сериал түсірген компания жалақыны уақытысында төлемегені үшін Рэйнге 300 мың доллардай ақша қарыз болды.

    Өкініштісі, сериалдың рейтингі төмен болды. Бірінші сериясы көрсетілген кезде 21,7 болса, соңғы сериясында рейтингі 12,7-ке дейін түсіп қалады. Жөнсіз.

    Анардың мәліметіне кішкентай толықтыруым – сериал Жапонияның Киото қаласында да түсірілген болатын.

    • Рахмет, Эльвира! Сенің жазбаңнан өзім де көп мағлұмат алдым. ))
      Осы сериал жайлы форумдарды оқығанда көбі басты рөлдегі актрисаның ойнына көңілдері толмағанын айтқан екен. Топас болып бәрінің жынына тиген ұқсайды. ))

  2. Менде 2-ші, 3-ші сериясын көрдім да, қоя салайын дедім, менің быкусымдағы емес екен. Рэйнге де аса құштар емеспін. Бірақ, сол серияларын көріп отырып, музыкасына құлап түстім. Әсіресе “Mayday” өлеңіне. )

    • Бұл сериал Джейм Бонд туралы ешбір фильмді өткізбей қарайтындарға, авантюра туралы киноларды ұнататындарға қызық болады. Романтика жағы қатты емес, көбіне сол атыс-матыс, авантюра, экшн, ақылды әрі қу шпиондар…

      Сюжет сонысымен ұнады маған.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s