A.N.Jell: You’re beautiful жапонша қайта жаңғырды

Корейлердің A.N.Jell: You’re beautiful! (A.N.Jell: Ты прекрасен!) деген дорамасы бүткіл әлем бойынша жақсы қабылданған сериалдардың бірі. Әрине жастар арасында. ) Ол туралы қысқаша мына жерде жазып едім.

Басты рөлдерде ойнаған Чжан Гын Сок, Пак Шин Хе, Чон Йоң Хва және Ли Хон Ки бір мезетте үлкен танымалдылыққа ие болды. Олар ән айтатын топтар да қазір өте танымал.

Сериалдың саундтректері әлі күнге дейін көпшіліктің сүйікті әндер қатарында.

Міне, осындай көп көрермен жинаған сериалға жапондар да өз нұсқасын түсіріпті. Римейк шығатыны жайлы мен білмеппін де, кеше онлайн 1, 2 сериясы шыққанын көріп, қатты таң қалдым. Сол мезетте бірінші сериясын көріп те тастадым. Өте ұзақ болады екен, бірінші сериясы корей нұсқасынан аса айырмашылығы жоқ. Алайда жапондар өз изюминкасын қосқан сыңайлы. Және әндерінің әуендерін солай қалдырыпты, тек жапон сөздерін жазған.Басты рөлдердегі Го Ми Намның рөлін Miori Takimoto, Хван Тхе Генді Yuta Tamamori, Шин Уды Taisuke Fujigaya, ал Джеремиді Hikaru Yaotome ойнайды екен.

Оқиғаның соңын асыға күтемін. Бұрын Корейлер «Жігіттер сарбазын» (Boys over flowers) Жапондардан кейін түсіріп, барлық кемшіліктерін ескеріп, сәтті шығарып еді. Енді Жапондар Корейлерден кейін түсіріп, қандай жаңалық әкелер екен?

5 thoughts on “A.N.Jell: You’re beautiful жапонша қайта жаңғырды

  1. қыздан кейін тұрған жігіт “Жігіттің сабаздарының” жапон нұсқасындағы жігітке ұқсайды екен, шашы ма, әйтеуір түрі келетін секілді ма… Маған жалпы корейлер түсірген нұсқасы ұнады =)

  2. Жапониядагысында 1 турган бала “непостижимый рай” телесериясындагы Тома Икута ал кыз Асия Мизуки одан кейнги турган бала F4деги ку чен пени ойнаган бала гой.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s