MBC телеканалы Қазақстан жайлы деректі фильм көрсетті

Жақында Кореядағы беделді продюсерлік орталық кастинг өткізгендігі жайлы құлағдарсыздар. Соған орай бірнеше K-pop жанкүйерлері флэшмоб та жасаған. Осы оқиғадан кейін, жалпы қазіргі кезде еліміздегі Корей толқынының белең алып келе жатқандығы жайлы Кореядағы басты телеарналардың бірі MBC Қазақстандағы “Корей толқыны” жайлы деректі фильм түсірген екен. Арнайы фильм үшін билеген жанкүйерлердің басын қайта біріктіріп, таспаға түсіріпті.

Корейліктердің елімізге оң көзқарас танытуының бір себебі – елімізді Отан санайтын корейліктердің санынын көп болуынан да болар. Алайда фильмнен байқағанымыздай Сеул тұрғындары көбі Қазақстанды картадан таба алмады. Ал бізде керісінше жағдай, картадағы орны түгіл, тарихын бесіктегі бала да білетін күйге жеттік. Олар үшін бұл мақтаныш қой әрине.

Super Junior тобының үш мүшесі Қазақстан туралы біраз мағлұмат айтады. Болашақта Орталық Азияға барамыз деп үміттенеміз дейді. Әлбетте, күтеміз!

Сонымен қатар фильмде Алматыдағы корей мейрамханалары, Көк базардағы кимбап сатушылары, метродағы корей поездары және Қазақстандағы #1 кореец – Жумонг, яғни Сон Иль Гук жайлы сөз болады. ))

Пы.Сы. Күні бұрын ғана Астанаға Корей президенті Ли Мен Бак келді. Небір келіссөздер жүргізіпті. Бірақ жылына бірнеше рет Корей әртістері келіп, концерт қойсын деген келіссөз жоқ екен. Өкінішті. )

(с) YesAsia

8 thoughts on “MBC телеканалы Қазақстан жайлы деректі фильм көрсетті

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s