“Байлық – сынақ” немесе “Мидас” жайлы

“Мидас” дорамасын көріп біткеніме аз болған жоқ, алайда рецензия жазуға бір уақыт құнттамай қойдым. Қазір соның бір сәті туған сияқты. Ең бірінші осы сериал жайлы айтарым, көрген сериалдарымның ішіндегі ең шынайы десем болатын шығар. Ертегі жоқ емес, бар, бірақ аз дәрежеде. Бұл жерде үлкен компаниялар, акциялар, ақша, сосын әрине бірін-бірі сату деген сияқты мәселелер қозғалады. Байқағаныңыздай, бәрі серьезно ))

Екіншіден, махаббат желісі ұнады. Басты кейіпкер Ким До Хен жастайынан кедей өсіп, үлкен ақша табуды көздейді. Университетті бітіріп, бұрыннан жүріп жүрген қызы Ли Джа Енге үйленбек болады. Алайда, дәл осы мезетте, оған үлкен ақшалармен жұмыс істеуге ұсыныс түседі. Ақшаның қу жетегінде жүріп, өзінің адамгершілік қасиеттерінен қалай арыла бастағанын байқамай қалады. “Тым биік көтерілсең, құлау да соншалықты ауыр” дегенді ескерсек, соңында өзінің біреулердің тек пешкасы болғанын түсінеді. Кеш деуге келмес, ақылы кіре бастап, қайта адамгерішік жолына түсе бастағанда жоғалған махаббатын қайтару, кек қайтару барысы да өте қызықты өрбиді.

Басы қызықпен басталған бұл дораманың соңы мені аса таң қалдыра қоймады. Бәлкім көп нәрсе күткен болармын. Жалпы алғанда ақшаның адамдардың өміріндегі пайдасы мен зиянын көрсететін үлгі тұтарлық сериалдардың бірі десем болады.

Актер Jang Hyeok-ті ең алғаш “Рахмет” драмасынан көргенмін, сол кезде өзінің актерлік шеберлігімен тәнті еткен. Ал Lee Min-jeong жайлы жеке жазбам да бар. Осы рөлі үшін ол ең үздік актриса атағына лайық деп ойлаймын. Өз рөлін керемет сомдап шықты. Ақылды, қарапайым, өзін-өзі ұстауы бәрі жарасып тұрды.

Сонымен қатар, осы сериалда Noh Min Woo атты корей әншісі ойнайды. Рейтингтің жоғары болуының бір себебі осы әншіге тиесілі дейді кейбірі. Алайда Но Мин У-сыз да сериал қызықты болар еді деп ойлаймын.

Пы.сы. Осы сериалдың Қуаныш үлкен фанаты болды. Бәлкім сериалға байланысты өз ойын жақсылап жазып жіберер.😉

3 thoughts on ““Байлық – сынақ” немесе “Мидас” жайлы

  1. Көңілімнен шыққан корея дорамасы!!!
    Сериалды түсіну оңай емес, шиеленісті жерлер көп.
    Қаржы мен акции айналасында бизнестің қалай жүргізуі (сериал сюжеті) жайлы.
    Бизнестің қыр сырын көрсетіп, арасына махаббат, аяныштық, жауыздық және т.б. адамдық сезімдерді, адами қасиеттерді көрерменге жеткізе алған сериал.
    Ең бастысы сериалда жігерлік танытқан Ким До Хеннің рөлі ұнады.
    Студенттерге көрсеуге міндетті дорамалардың бірі деп айтсам қателеспеспін, өйткені жоғарыда Ақзере айтқанындай шынайы түсірілген дорамалардың бірі, болашақ мансап қуамын деушілерге,
    жақсы кенестертерді ұсына алатын дорама!
    ТҮЙІН: “Адам болып жаратылған соң, адам болып қал” н/е “Адам болып туылу оңай, адам болып қалу қиын” – деген қазақтың мақалы бар емеспе.
    Яғни,
    Жеке өміріңді ұмытпау, мансабыңды қатар алып жүру.
    Ақшаның құлы болмау.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s