“Көркем жігіттің” махаббаты + “A.N.Jell – Still as ever” аударма

Алдында «Ел Арна» каналын қосып қалсам, күтпеген жерден «A.N.Jell: Ты прекрасен!» сериалына тап болдым. Бұрыннан осы сериалды неге көрсетпейді екен деген ой болушы еді. Ал, енді міне. Канал басшылығы көрермендердің ықыласына әбден бөленейін деген болар.

Қазақша аудармасы да керемет – «Көркем жігіт». Әлбетте, басты кейіпкерлердің бірі Ко Ми Нам есім «Көркем» деген мағынаны білдіреді. Сериалды тұңғыш рет «A.N.Jell: You’re beautiful!» деп аударғаны да сондықтан.

Сериал өте қызық, сюжет жағынан да, көркемдік жағынан да, махаббат деген… асып-тасқан, ал әндерін айтсаңшы… Мен осы сериалдың саундтректерін жарты жылдай қайталап тыңдай берген шығармын. Ал Хван Тхе Генға деген махаббатымды осыған дейін жазғанмын. ))

Сіздердің назарларыңызға осы сериалдың толық саундтрегі мен үздік әндерінің бірі «Still as ever» әнінің аудармасын ұсынамын. Әндерді толық көшіріп алу үшін http://files.gameworld.kz/uantkdkr7g.html мына сілтемені браузерге қойып, Enter басыңыз.

Әндер тізімі:
1 Still – Lee Hong Ki
2 Descend from the Sky – Oh Won Bin ft. Miss $
3 Without Saying – 9th Street
4 Lovely Day – Park Shin Hye
5 Promise – Lee Hong Ki
6 My Heart’s Calling – Kim Dong Wook
7 Without Saying – Park Shin Hye
8 Still – A.N.JELL
9 Promise – A.N.JELL
10. Without Saying- Ver.Piano
11. Still – Ver.Bossa
12. What should I do

Және клип:

Пы.Сы. Осы әнді аударуға көмектескен Қарасақалға рахмет! Және де басқа да проектілеріме қол ұшын беріп, өтінішімді жерге тастамай, бар жағынан көмектесіп жүрген Теріскейге, Тотыға, Айжанға, Ұшқынға үлкен алғысымды білдіремін! Рахмет сендерге, достар!

19 thoughts on ““Көркем жігіттің” махаббаты + “A.N.Jell – Still as ever” аударма

  1. Мына топтың үшінші жігіті (қара шашты гитарашы) ұнады. Былай еркекке ұқсайды дегенім ғой.🙂
    Ал, ана сарысының “есі қалай өзі?” деп ойлап жүрмін. Қызды тіпті ұнатпадым. Ұнатпағаннан гөрі, “елдің бәрі ақымақ па, немене?”, “қыз екенін қалай білмейді, хотя бы еркекшоралау болса, бір жөн” деймін. Соған қарағанда, сериалды қабылдай алмай жүрген сияқтымын. Тек сол қара шашты көру үшін қарайм кейде🙂

    • Кәусар, бұл енді ертегі ғой.🙂 Оны шынайы қабылдамау керек. Жәй оқиға желісіне қызыға қарап отыра беру керек ))
      Енді өзің ойлашы, ана жігіттердің көбі қызға ұқсайды ғой. Сол себепті қызды жігіт ретінде қабылдай беруі мүмкін нәрсе болғаны ғой. ))

  2. Ваааааай, супер, енді кәрістердің де әнін қазақша түсіне алатынымызға қуанып қалдым! Слушай,Анар ханым, мына ән ұнап қалды, мыпы3 форматы бар ма сізде?

  3. Жынданский дорама)Гын Сок оппаны катты жаксы коремин!букил олендерин тындайм клиптарын корем Хён Чжун екеуинин)))ал Шин У ды ойнагаг Чон Ён Хва да кушти!оны осы дорамада аяп кеттим!Ф4-гы Чи Ху сиякты!а Джереми тап-татти!бирак онын жылаган кезинде мен де бакрып жылагам!Ко Ми Намга жыным устайды!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s