Бақытнұр Бәйтелұлы: “Корей жастары өте арманшыл келеді”

Оңтүстік Корей тұрғыны Бақытнұр қандасымызбен сұхбатты жалғастырамыз. Сұхбаттың бірінші бөлімін мына жерден оқи аласыздар. Бақытнұр сұрақтарға жауап бергеніне көп болды. Бірақ дәл сол кездері уордпресс ашылмай, кейін ашылған соң қаңырап қалмасын деп оқырмандарды қайта жинастырдым. Енді кезегі келген сияқты. Әдеттегідей, көп сұрақтар Эльвира ханымдікі. ) Осы сұхбат барысында Кореяның тұрмысы жайлы көптеген мағлұматтар аласыздар деген ойдамын.

Әйгілі “Winter sonata” дорамасы түсірілген парк. Бақытнұрдың жеке фотоальбомынан

Отбасыңа байланысты:
Жұбайың Кореяға сенен кешірек барғанын білеміз. Шет елге тез үйренісе алды ма?

Тіл білмегесін корей тіл курстарына барды. Осында әрбір Университеттің жанында шетелдіктерге арналған корей тілінің курстары бар. Курстар 6 кезеңнен тұрады. 3-кезеңін бітірген кісі едәуір сөйлеп кетеді. 4-5-кезеңін бітірсе ТОПИК атты корей тілінің емтиханның тапсыру арқылы университет, магистратураға түсіп кетеді.
Жұбайым корей тілінің 3-ші кезеңін бітірген. Жап-жақсы түсініп, сойлеседі. Ауа-райы, суы, тамағына да үйреніп кетті.

Қызың әлі кішкентай, дегенмен оның келешегін қазірден жоспарлап жатқан боларсыңдар. Сол жақтан балабақша/мектеп ізейсіңдер ме әлде оған дейін елге қайтуды жоспарлап жүрсіңдер ме?
Әзірге жоспарымыз жоқ. Барлығы уақыт өте келе өз орнымен болады деп үміттенеміз.

Қазақстанда ата-аналар балаларын әсіресе балабақшаларға бір жыл бұрын жаздырып қояды. Кореяда бала-бақшаға сұраныс біздікіндей жоғары ма? Мектеп пен бала-бақша ақысы қандай?
Бала-бақша өте көп, сосын барлығы ақылы. Бағалары әртүрлі. Орташа бала бақшаның ақысы айына 500 доллардан көбірек. Бірақ корейлер үшін мемлекеттен 50%-ға дейін жеңілдіктер береді. Қосымша ата-анасының жұмыс орнынан да жеңілдіктер болуы мүмкін. Жеке меншік мектептерден басқа барлық мектептер тегін.

Сувон қаласы туралы:
Сувон қаласының басқа қалалардан қандай ерекшелігі бар? Қалада туристерге арналған қандай орталықтар бар? Сеулге көшкің келе ме?

Сеул қаласын айналдыра қоршаған Гёнги атты провинция бар. (Бірақ Сеул бұл провинцияға бағынбай өзін-өзі басқарады.) Сувон қаласы осы провинциясын орталығы. Миллионнан астам тұрғыны бар. Сеул қаласынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан. Гёнги провинциясының орталығы болғандықтан саяси орны, экономикалық қуаты бар, әрі шетелдік туристердің ең көп келетін қалалардың бірі. Калада көптеген Мемлекеттік Университтердиң орталықтары бар болғандықтан білім орталығы болып да айтылады.

Самсунг Электроникстың басқару орны жане R&D орталықтары осы қалада. Тағы көптеген үлкен өндіріс орталықтары қала экономикасына орасан зор септігін тігізеді.

Туристер үшін қалада орта ғасырларда салынган Хуасоң атты хан сарайы әрі оны қоршаған ұзын қамал бар. Кореядагы ең үлкен жане атақты қамалдардың бірі ретінде қарастылады. Корей драма сүйер қауым білуі мүмкін  – Де Жангым атты теле-сериал осы паласта түсірілген.

Кореяның шағын диснейлэнды – Еверланд, туристерге арналған корей халқының ұлттық ауылы да осы қала маңайында орналасқан.

Еверлэндтегі барыстар

Сувон Кореяда футбол ең жақсы дамыған қаласы болып есептеледі. Қаладан Корей ұлттық құрамасында ойын көрсеткен көптеген жұлдыздар шыққан екен. Оның бірі қазіргі Азия құрлығының ең атақты футболшысы, Манчестер Юнайтед командасының ойыншысы Пак Жи-Соң осы қаланың құрметті азаматы. Казір қалада Пак Жи-Соң атты көше бар. Ол өзінің атындағы футбол орталығын да осы қалада ашқан. Сонымен қатар Кореяның футбол лигасында қаладан Сувон Самсунг Блубингз атты команда ойнайды. Жанкүйерлер саны бойынша Көкқанаттылар қазір бірінші орында.

Көкқанаттылар жанкүйерлері

Корея мәдениеті жайлы:
Драмаларын байқасақ корейліктер соджуды көп ішеді. Бұл недегенмен алкоголь ғой, оған неге шектеу жоқ?

Әрине 18-ге толмаған азаматтарға шектеу бар. Кәмелет жасына толғасын арақ ішу – корей мәдениетінің бір бөлігі. Бірақ діни наным-сеніміне байланысты ешбір арақ ішпейтін христиан дініндегі достарымыз бар. Оларға басқалары түсіністікпен қарайды.

Драмаларының көбі романтика жанрында түсірілген. Корейлер расында да сондай романтик халық па, әлде өмірлерінде романтика жетіспгенінен кинолардың бәрінде сондай әдейі пропаганда жасайды ма?
Махаббат қана мәңгі жырланатын шығар. Басқа тақырыптарға драма түсіру автор үшін оңай шаруа емес шығар, мүмкін. Көп қаржы мен еңбек талап ететін болса керек. Бірақ қазір өздерінің мәдениетін жаңғырту, жеткіншектерді патриоттыққа бөлеу үшін көптеген тарихи драмалар түсіруде.

Корей халқы әсіресе оның ішінде әйелдер қауымы өте сезімтал халық. Қыз балалары жігіттеріне еркелегіш, сосын жас жұптары (жүріп жүрген) өте арманшыл келеді. Әр адам әртүрлі болар. Бірақ менің әріптестерім үнемі қызыма солай сюрприз жасадым, енді сондай нәрсе істейтін болып келістік деп отырады.

Сенің ойыңша корей драмаларының миллиондаған адамның көңілінен шыға білуінің құпиясы неде?
Драмалардың көбісін азиялық яғни шығыс менталитетімен түсіретіндіктен өте көп адамды баурап тұрады. Көптеген сериалдарын үлкен мен кіші, әке мен бала бірігіп отырып қысылып-қымтырылмай көре алады. Әрі тәрбиелік маңызы да бар.

Бұл сериалдар Кореяның ТВ мен туризм индустриясына көптеген зор табыс әкеледі. Жапониядан жане Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен миллиондаған турист – корей драма жанкүйерлері Кореяға ағылып келіп жатады.

Кореяның саяси жағдайы:
Жемқорлық бар ма?

Алдыңғы сұхбатта айтып кеткенімдей кішігірім парақорлық мүлдем жоқ десе де болады. Ал өте үлкен ақша айналған жерлерде парақорлық пен жемқорлық бар. Экс-Президенті коррупцияға қатысы бар болғандықтан үйінің маңайындағы жардан секіріп, қайтыс болған. Баспасөзде банклерге немесе үлкен компанияларға қатысты коррупциялық істерді жариялап жатады.

Солтүстік Кореялықтарға оңтүстіктердің көзқарасы қандай? Екі елдің бірігуі болашақта мүмкін бе, қалай ойлайсың?
Солтүстік Кореяның лидеріне деген қөзқарасы жаман болмаса, халқына деген қөзқарасы басқаша. Ал бірігу жайлы негізінен 3 түрлі көзқарастағы адамдар бар. Біреуі орта жастан асқан адамдар. Олар негізінен соғысты көрген немесе естіген. Солтүстік Корей халқы да өзінің туғаны, жақыны екенін біледі. Екі корей біріксек деген ойда.

Екінші топтағылар орта жастағылар. Олар да негізінен бірігуді қалайды, бірақ екі ел автономиялы түрде біріксек, өзімізді өзіміз басқарсақ, өз проблемамызды өзіміз шешсек деген ойда. Қытай мен Хонг-Гонг сияқты.

Ал үшінші топтағылар негізіне жастар. Бірігуді қаламайды, себебі біріксек экономикаға кері әсерін тигізеді, оларды біз асырайтын боламыз, олардың экономикасын көтеру үшін неге біз қалтамыздан ақша жұмсауымыз керек деген ойдағылар. Әрі біз көп жылдар екіге бөлініп қалдық, екі түрлі системада өстік, тіліміз бен мәдениетіміз, көзқарасымыз бен дүниетанымымыз да басқаша, біріксек көп мәселе туындайды деп уайымдайды.

Жақында өткен Дэгудегі жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты

Әлеуметтік жағдайына байланысты:
Кореяда медициналық қызмет қандай деңгейде? Қымбат па? Ақысыз ауруханадар/поликлиникалар бар ма?

Медицина саласы өте жақсы дамыған деп дамушы елдерден көптеген адамдар келіп, емделіп, сауығып қайтып жатады. Кореяны енді Шығыстың мединциналық туризм орталығы болғызу мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Өзімізге медицина саласының қызмет корсетуі ұнайды.

Батыс елдерімен салыстырғанда ақысы төмен болуы керек, ал дамушы елдермен, Монғолиямен салыстырғанда қымбат келеді. Өз азаматтары мен тұрғындары медициналық сақтандыру қолданатындықтан сақтандырудың ішіне қамтылатын қызметтері арзандау түседі.

Шіркеу немесе қайырымдылық орындарында ақысыз жане арзан клиникалар бар.

Кореяда дін мәселесі қалай? Жексенбі күні шіркеуге барып, христиан дінін насихаттаүшылар көбейіп кеткен сияқты. Буддизм шеттетіліп жатқан жоқ па?
Статистика бойынша халқының жартысынан көбі буддизм, қалғандары протестанттар, католиктер және басқалары. Дінге сенетін адамдар да көп, сенбейтін адамдар да көп. Бірақ діндер арасында қайшылық аз. Көбінесе бір-біріне толеранттық сезім көрсетеді. Буддист болсын, католик болсын, протестант болсын ол менің корей баурым деген ұлттық көзқарас ұстанады көбінесе. Адамның діни наным-сенімі қатты құрметтеледі.

Корейлерде қай дінге сенсе де Конфуций ілімі мен Буддизмге негізделген ескіден келе салт-дәстүрі күнделікті өмірде маңызды роль атқарады.

Сұхбатқа рахмет, Бақытнұр! Отбасыңа береке-бірлік тілейміз! )

(с) Барлық суреттер Бақытнұрдың жеке альбомынан алынды.

4 thoughts on “Бақытнұр Бәйтелұлы: “Корей жастары өте арманшыл келеді”

  1. ooo finally! =) Бақытнұр, жауаптарыңа рахмет! Анар-жан, саған да рахмет еңбегін үшін.

    Баха, Сувон туралы, Самсунг пен Эверланд туралы айтып жатқан кезде, Самсунг өз қызметкерлері үшін Эверландқа баруға үлкен жеңілдіктер беретінін айтпадың ғой. Қанша еді – 50%? 70%? Сондықтан Эверландқа барғысы келгендер, міндетті түрде Бахамен хабарласып барыңдар дегім келеді =))))

    медициналық қызмет демекші, күні кеше ғана жаңалықтардан естіп едім – корейліктер қайырымдылық акция шеңберінде жүректері ауратын кішкентай қазақстандықтарды тегін емдейтін көрінеді. қуанып қалдым. Медицина расында жақсы дамыған ол жерде. Тіпті, қазір тек ем үшін ғана емес, қазақстандықтар пластикалық хирургия мақсатымен де көп барады екен ол жақтарға.

    Сұхбаттың жалғасы бар ме еді?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s