Сарбаздарда не жаңалық?

Біздің елге танымал төртеу: Ли Мин Хо (Lee Min Ho), Ким Хёң Чжун (Kim Hyun-joong), Ким Бом (Kim Bom) мен Ким Чжун (Kim Joong) жайлы жаңалықтарға арнағалы отырмын.

Таяуда ғана қыз іздеп жүрген Ли Мин Хо соңғы сериалда бірге түскен Пак Мин Ён-мен (Park Min Young) кездесіп жүр деген хабар тарады. Бұны олардың агенттіктері де растапты. Бұрыннан таныс болғандарына қарамастан, екеудің сезімі соңғы «Қала тыңшысы» дорамасында өрбіген ұқсайды. Қазір бұл жұп ең ыстық жұп саналуда. Ғашықтарға тек бақыт тілейміз! )

Ким Хёң Чжун өзінің соңғы шыққан «Break down» жеке альбомын жарнамалау мақсатында түрлі шараларда, концерттерде көрініп жүр. Жапония, Тайвань, Қытай елдеріне концерттік бағдарламалармен барып, елді өнерімен тәнті етуде. Мысалы, соңғы рет Қытайдағы Spring Cocoons Shenzhen Bay стадионында өткен концертте ол ең соңғы болып өнер көрсетті. Бұл әншінің аса құрметті қонақ екенін білдіреді. 160 доллар тұратын билеттерді фанаттар лезде сатып алыпты.

Ал, жаңадан түсірілетін «Падам, падам» сериалы үшін Ким Бом салмақ тастауына тура келіпті. Ол бір жылдай ешқандай фильмге түспеген. Осы сериалда көріп, фанаттар бір қуанып қалар.

Т-Мах тобының әншісі Ким Чжун осы айда әскерге аттанбақшы. Твиттерде 29-қыркүйек күні деп өзі айтыпты. Алдында бір шоуға қатысқанда «Алаңдаушылық бар ма?» деген сұраққа «Әрине, алаңдаймын. Бірақ бәрі барып-келіп жатыр ғой, яғни мен де барамын» – деген екен. Қорықпа, Ким Чжун, екі жыл екі айдай өте шығар )))

8 thoughts on “Сарбаздарда не жаңалық?

  1. мына красавчик 4 дос туралы даромамда ойнайды гой, мафиозниктын улы ))менын ен жаксы коретыным сол тортеудын ышынде.. машаллах, аман есен борышын отеп келсын деймыз!

  2. Ех, қуаныштымын жігіттер үшін. Барлығына сәттілік тілеймін. Әсіресе Ким Джунға :))” (уппа, Ай лов ю” деп айқалағым кеп кетті)))

  3. Төрт жігітті жазыпсыз да, Ку Хе Сонды ұмытып кетіпсіз ғой🙂 Ол қазір режиссерлық қырынан танылып жүр. Кітап та шығарды, суретшілік өнері де бар. Қазір жңа шыққан “Мюзикл” деген жаңа сериалда ойнайды.
    Ким Бомның “Падам-падамының” алғашқы сериясы эфирге 5-желтоқсанда шығады деп жатыр.
    Ким Чжун әскерге кетпес бұрын тобымен бірге бір ән жазып кетті.
    Ал, Ли Мин Хо осы қызбен кездеседі дегенін естігенде таңғалдым. Сериалдан тыс түсірілімдерінде арасында еш сезім жоқтай көрінген. Мен керісінше, Ку Хе Сонмен (бұрынырақта) кездесуі мүмкін деп ойлағам, бірақ қыз ыңғай танытпады ғой деймін.🙂 Дегенмен, бір сұхбатында өзі: “Пак Мин Енмен бұрын бір сериалда ойнағанмен,жәй таныс болатынбыз. Ол адамдармен тіл табысқыш, қамқоршыл, көп қасиеті Гу Хе Сонға қатты ұқсайды”, – деген екен.
    Жазбаңызға рахмет.

    • Қателеспесем, Гу Хе Сон нунаға қатты ұқсайды деді ғой деймін. Әпкесі ретінде сыйлайтын сияқты. Пак Мин Ен екеуінің қарым-қатынасы жайлы көп сөз қозғамайды, екеуі де, сонымен қатар кездеспейміз деп те конкретно айтпайды )

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s