Құбыжық

Автор: MissK
Аудармашы: Сымбат Әділбек
Кейіпкерлер: Йесон/Энни,Кюхен
Рейтинг: PG-13

1 бөлім. Бастама
Жауапсыз махаббат-жүрек ойлап тапқан ең ақымақ нәрсе.
– Сәлем!-тұтқада құрбымның даусы естілді.
– Саған да сәлем!-түсініксіздікпен жауап бердім.
– Жұма ма?
– Дәл солай!
– Тағы сонда барамысың?Сен бос қиялыңмен емес, дұрыс өмір сүруді үйренсеңші.Жасың болса жиырмаға келді,әлі ешкіммен жүрген емессің.Шынайы өмірге қайтып келсеңші.
-Тағы бітпейтін ақылың ба?Сен шаршамадың ба?Сен таң атпай мазаны алатын сағат сияқтысың.Жұманың кешінде маған тек сен ғана қоңырау шаласың.
-Білесің бе құрбым, мен шаршадым.Бұл сенің өмірің,нақтысын айтсам өмір деуге келсе.Сен бұл ойыңнан бас тартпайыңша, көріспегеніміз дұрыс болар, – тұтқаның ар жағынан үзік дыбыстар естілді.
Ойымның бір бөлігі өзімнің соңғы бір жылда тек жұманың кешін күтумен өтетінімді,оны бір көруді, оның балқытатын даусын бір естуді аңсайтынымды түсінді.
Ең алдымен бұл жерде менің өмірімде болған оқиға баяндалатын болғандықтан, өзімді таныстырып өткенім дұрыс болар.Сіздердің алдарыңызда жазылып біткен кітаптай ашылғым келеді.
Менің есімім Энни.Жақында жиырма бірге толдым.Анам менің он бес жасымда дүниеден өтті.Әкем болса отбасылы болып,өзін маған несие картасымен айырбастады.Мен Нью-Йоркте туылып,сонда өстім.Сондықтан Сеулді өзімнің жаңа мегаполисім ретінде таңдадым.Осында мектепті бітіріп,тілді жақсы меңгеріп,жақсы ауданға орналассам да,өзімді жалғыз сезіндім.Мені жігіттер мүлде қызықтырмады.Жоқ,мүлде деуге болмайды.Жәй, менің жүрегім оны көргенде көкірегімнен шығып кете жаздайтындай жігіт болды. Бір жыл бұрын мен бұрынғы әдетімше түнгі қаланың көшелерінде кезіп келе жатқанымда,кенет менің тынысым тарылып кетті…
Көшедегі бір кішкене ғимараттың жертөлесінен бойымды ерітіп әкеткен,керемет дауысты естідім.Денемді өзіме түсініксіз,керемет бір сезім билеп алып кетті.
Бойымдағы барлық күш-жігерімді жинап,ептеп кірдім…
Көз алдыма өте ыңғайлы орналасқан сауық орны көрінді.Онда би алаңы болмағанымен,мені еліткен керемет дауыс иесі ән салып тұрған сахна болды.
Көмірдей жалтыраған қара шашы,өзінің тұңғиығына түсіріп,жібергісі келмейтіндей сұлу көздері.Кішкене сәбидікіндей,бірақ сондай тамаша бет-келбеті,өзіне қайта-қайта қарата берді.Еріндері,сәл қызарған және сондай тартымды.Оны үнемі Йесон деп таныстыратын бұл жігіттің дауысы, ең әдемі және сондай тұнық.Оның өлеңдерінің бір үзігін тыңдағаннан, бүкіл ауыртпашылықтарым мен қиыншылықтарымды ұмытатынмын.Күшті,нәзік,сезімтал және кішкене дірілі бар дауыс.Оның еріндерінен шыққан әр үн денемді шымырлатып, жүрегімді бұрын болмаған жылулыққа толтыратын.
Мен бұл адамды ессіз және жауапсыз сүйдім.
Бұл жылдың ішінде мен оның ән салғандағы әрбір қимылын,әрбір қозғалысын жатқа білдім.
Оны жанымның әр бөлшегімен сүйдім.
Міне бүгін де жұма.Менің әрдайым тағатсыз күтетін,жаныма жылулық бертеін адамымды көретін күн.
– Саған бұрынғыша ма?-маған осында даяршы болып жұмыс жасайтын Кюхен жетіп келді.
-Я,- маған үнемі, ешбір сұрақсыз,өзімнің үстелімді дайындап қоятын,сүйкімді жігітке жымидым.
-Оған қашан жақындайсың? Одан да мен сендерді таныстырайын,әйтпесе,қартайғанша осы жерде отыратын боласың.
Кюхен әдеттегідей сол әуеніне қайта басты.
-Қызыл шараптан бір бокал,ал таныстықты кейінге қалдырайық,-Йесонның жанынан айналып шықпай жүрген қыздарды көріп жауап бердім.
-Сенің осылай дегеніңе жарты жыл болды,-Кю сәл ашуланып.
-Соған қарағанда,мен әлсіз сияқтымын.
-Бұл жігітті қалай сүйетініңді тек соқыр ғана байқамас,-ол өз жұмыстарын әрі қарай атқаруға кетті.
Шынымды айтсам Кюхеннің бұл сөздері жайлы көп ойланғанмын.Бірақ,егер Йесон менімен танысуға бас тартса,мұнда мүлде қайтып орала алмайтынымды,оның терең көздері мен тұнық даусынсыз өмір сүре алмайтынымды білдім.
-Танысуға қалай қарайсың?-мен отырған диванның жанына бір ер адам кеп жайғасты.
-Маған әкем танымайтын еркектермен сөйлесуге рұқсат етпейді,кешір,-деп өзімнің сүйіктіме қайтадан назарымды аудардым.
-Мынаны қарай көр!Әлі маған жалынарсың,-әлгі адам өз достарына кетті.
Ал мен Йесонның көзқарасының біршама өзгергенін байқадым.
Неужели?
Жооооқ,мүкін емес.
Мұндай қылықтар маған жат емес.Әр жұма сайын мұндай мазаны алып,танысқысы келетіндердің ешқайсысысы менің келісімді ала алмайтын.

2 бөлім
Сыр ақтару

Өйткені саусақтарым тоқтамай сырқыраған аурудан көзімді ашуыма тура келді.Бүкіл денеме ине қадалып,кірпіктерім жабысып қалғандай болды.Тағы бір ұмтылыс жасап,көзімді аштым.Төбемде көзімді шағылыстырған лампа жарығы көрінді.Ойыма кешегі болған оқиға келе бастады.Міне,мен өлердей ғашық болған жігіт,мені үйіме дейін жеткізіп салмақшы.Оның көздері сондай әдемі,ал дауысы сәл қобалжып тұрғандай.
Күлкі…..Қорқыныш……Барлығы үзілді.
Қозғалуға талпыныс жасап көріп едім,қолымнан келетін сияқты,бірақ әрең дегенде.Қатты ауырып барады.Аяқ-қолдарым бос…мүмкін бұл түс шығар,келесі жұмада періштемнің даусын қайта естірмін?
-Ояндың ба?Құдайға шүкір!-Йесонның даусы тыныштықты бұзып,жалт қаратқызды.
Көзімді дереу ашып,оның дәл кешегі күнгі қорқынышты күлкісін көрдім.Бұл жымию тұла-бойымды қорқынышқа бөледі.
-Не болып жатыр?Чонун?
-Тағдырдың қатал әзілі,-иегімді қолына алып,сәл жымиды.
-Саған не керек?Тәнім бе?Ақша ма?Дене мүшелерім бе?Мені өлтіресің бе?-бойымдағы үрей денемді билеп, науқас адамша дірілдетіп жіберді.
-Маған жәй ғана сен керексің.Мен осыны қаладым,-оның жүзіне күлкі үйірілді.Ал мен болсам,қорқыныштан денемді жиып алдым.
-Ауыртып барады,өтінем,-иегімнің сәлден соң үгітіліп қалатынын сезгендей үн қаттым.
-Айқайла,сені ешкім естімейді.Айқайла,маған жалын,өзіңді жіберуіңді өтін,-жүзіме қарап бар даусымен айқайлады.
-Құбыжыққа ғашық болған екенмін,-қорқыныштан не деп қойғанымды байқамай қалдым.
-Не дедің?Мұндай құйтырқы сөздеріңмен мені сендіремін деп ойладың ба?Мені қуыршақ қылғың келе ме?-оның көздері ашуға толып,еріндері булыққан ызадан дірілдеп тұрды.
-Кешір,-аузымнан шыққаны сол-ақ еді,кенет қабырғаға қатты жабысып қалғанымды сездім.
Мен шыңғырып жібердім.Демалуға дәрменім жоқ,жылауға батылым бармады.Менің қабырғаларым…..Жоқ,олар өз орнында.

-Кешір,кешірші мені,-жігіттің даусынан өзімнің бұрынғы сезімтал үнді ғашығымды танығандай болдым.

-Демалуым қиын……
-Кешір мені,өтінемін,-ол мені асқан қамқорлықпен кереуетке жатқызды.Ал көз алдымда тағы да қараңғылық.
Демалуым,қозғалуым қиын.Денемнен жанымды ажыратып жатқандай қиналып барамын.Оң жағымның барлығы ауырып барады.Көз жасымды тыюға тырыстым…ауырып барады….сыздап барады…
-Өз-өзіңе келдің бе?Кешір мені,кешір,-жігіттің көзінен қорқыныш,ашу,нәзіктік байқалды.Барлық сезім бір өзінен табылып тұрғандай.
-Ауырды,қатты ауырды….Маған енді бұлай жасамашы,-жанарымнан аққан жас жүзімнен сырғанады.Я,мен әлсізбін.
-Мен құбыжық емеспін.Мені бұлай атама.
-Кешір,енді атамаймын.Маған тұруға көмектесші.
Оның жанасуы бойымда түрлі сезім иірімдерін туғызды.Бірақ,арасында қорқыныш болмады.Мен ең алдымен қорқуым керек еді ғой.Әлде қорқыныштың аяушылық сезімімен алмасқаны ма?
Йесонды көргеннен жүрегім ақылымды тыңдамай дүрсілдей бастады.
Көйлегімнің зырғытпасын жайлап ағыта бастап,қорқып,үнсіз қалдым.Оң жақ қабырғамды түгелдей жайлаған қызыл гематома сәтсіз құлағанымды байқатты.
-Мен не істедім?-оның көздері қорқынышқа толы болды.Ыстық еріндері көгерген жерге тие бастады.
-Ауырады!Тиіспе,-дедім.Оның көздерінен бағанағы ашулы ұшқындар қайтадан көріне бастады.
-Мен өзіммен бұлай сөйлесуге рұқсат бермеймін.Мен сенің сауық орнындағы жымиысып отыратын қуыршақтарың емеспін,-оның қолдары бетіме тақала бастады.
-Есіңнен алжастың ба?Мен онда тек сен үшін,сенің дауысың мен көздерің үшін ғана барып жүрдім.Екі сағат болса да,сенің даусыңды есту үшін әр жұманы күту оңай дейсің бе?Жүзіне қарап,бір сөз айта алмайтын адамды сүю оңай дейсің бе?Мені өлтіруіңе болады,кәнекей,жылдам,өлтір!Онсыз да өмір сүрудің мәнісі қалмады.Менің ешкімім жоқ,ешкімім.Әкем болса өгей ұлы маған тиіскендіктен, мені басқа елге көшіртіп жіберді.Мен ең болмаса анамның зиратына бару үшін елге қайта алмаймын.Мен жалғызбын,мүлде жалғызбын.Ал қазір сені де жоғалттым.Жүрегімде әлі де болса бар сезім тез-ақ өледі.Сонымен бітті…Барлығы бітті.Менен не қалайсың?Сенен қорыққанымды ма?Мен сенен қорықпаймын,қорқа алмаймын,сол үшін өзімді жек көремін.Мен сені жек көре алмаймын.Өйткені, саған деген сезімім барлығын жауып тастайды.Мен өзімнен жиіркенемін,өз сезімімнен жиіркенемін,маған ауыртпалық әкелген қолдарың…..ал ішімде көбелектер ойнап жүргендей.Қарғыс атсын.Мен ешкімге жымиған емеспін,тек ол жексұрындарға маған тиіспеуін өтіндім.Мен сені сүйемін.Неліктен сені сүйемін?
Айқай…
Ауырып барады…
Қараңғылық…

3 бөлім
Сұлу қыз бен құбыжық
Адамдар өзгелерге зиян келетіреді,себебі сол зияндық өздеріне келіп,қиналамын деп ойлайды.Бірақ неге сен қиналасың?Мен қандай көмек көрсете аламын?Сені құтқару үшін,мен барлығын жасаймын….Сені сүйемін.
Мен көзімі ашуға қорықпадым,жәй ойлануға уақыт керек болды.Өздерімнің сөздерімді,жасаған іс-әрекеттерімді,алда не болатынын ойлануға уақыт керек еді.Есіме еріксіз «Сұлу қыз бен құбыжық» мультфильмі түсіп,жүзіме күлкі үйірілді.
Неге екенін білмеймін, бірақ мен мультфильмдерді өте қатты жақсы көретінмін, тіпті кейіпкерлеріне еліктейтінмін.
Құбыжық болып туылмайды, оларды өмір құбыжық етеді. Оның көздерінен сүйіктімнің әлі де болса алжаса қоймағанын,сәл де болса өзгеруге үміт бар екенін көрдім.
Оның «кешір» деген сөзі, жанарында тұнған көз жасы, өзіне-өзі әперген қорқыныш пен үрейі.
Аяушылық па? – Я, бірақ неге екенін білмеймін.
Ғашықтық па? – Қаншалықты оқыс естілсі де – Я!
Оны ханзадаға айналдыра аламын ба? – Білмеймін…
Көздерімді ашуым керек, оны қайтадан көргім келеді.
Көзімді әрең ашып,бөлмені дұрыстап қарап шықтым.Ашық көк түсті суреттер салынған қара күлгін түсті түсқағаздар, түзу қабырғаны жауып тұр.Қара түсті еден, жиһаз аз.Бұл кішкене түсініксіздеу екі есіктен тұратын бөлме болатын.Бірінші есігі – тысқа шығарса,екіншісі – жуынатын бөлмеге апарады.Шағын ғана жуынатын бөлме, айна, дәретхана.Кереует бөлменің қақ ортасында тұрды.Үстінде ауруды басатын дәрі мен бір бөтелке суы бар тумбочка.
Ол тас жүрек құбыжық емес сияқты….
Киімдерге арналған кішкене шкаф және көптеген классикалық туындылар орналасқан кітап сөресі.Көркем әдебиеттен талғамы жақсы екен.
Киім шкафын ашып қалың көрпе, ұйықтайтын шалбар, төрт футболка мен жейде таптым.Соңғысын киіп көріп, көйлектің ұзындығымен бірдей, бірақ кеңдеу екенін байқадым.

Сен қайдасың? Неге келмейсің? Менен қорқасың ба? Менің сөздерімнен қорқасың ба?Тышқанның өзіне бас салайын деп тұрған мысыққа сезімін білдіргенін естіп пе едіңіздер? Мүмкін….мен қателік жасаған шығармын….
– О, Дэвид Сэлинджер! – сүйікті кітабымның түпнұсқасын қолыма алып, қуаныштан бос бөлмеге даусым қаттырақ естіліп кетті.
«Қара бидай тұңғиығында» – қызық, оқылмаған, жаңа сиқты.Бірнеше дәріні жұта салысымен кереуетке отырып,өзіме сондай жақын және таныс өмірге кіріп кеттім.
Бұл кітап маған өзімді еске түсіретін…анам өлгеннен кейінгі күйімді…өмірге енді ғана қадам басып келе жатқан, үлкендер әлемінің түкке тұрғысыз заңына бағынғысы келмейтін жасөспірім.Жасөспірімдік ымырасыздықпен оларға қарсы шығып, өзі жасаған конфликтті өз басынан өткізеді.Міне, нақ осы қатарлар арқылы өгей ағамның маған жасағаны, анасының көзқарасы, әкемнің оларды тастай алмайтындығын мойындағаны есіме түседі.Біле білсең, әке, мен қазір есіктері тарс жабылған жабық бөлмеде отырмын.Мүмкін, қабырғаларым сынған болар.Әйтсе де, сендер бақыттысыңдар….
Көз жасым анық басылған әріптерді шайып, кітаптың аппақ парақтарына тамып жатты.
– Неге жылап отырсың? – мұңды дауыс есімді қайта жиғызды.
– Менің сүйікті кітабым, көп нәрсені еске түсіреді…
– Жаман нәрселерді ме? Сондықтан жылап отырмысың?
– Жақсы нәрселерді де.Сол кеште осы кітапты алу үшін дүкенге барғанмын.Бірақ, тек кәріс тіліндегі нұсқасын таптым.Осы кітапты іздеу арқылы, сенің дауысыңды естіп қалдым…
– Сонда осы жаман нәрсе ме? – ол ашуланған сияқты.
– Жоқ әрине,бұл мен үшін анам өлгеннен кейінгі ең бақытты жыл болды.Рахмет.
– Мен құбыжықпын.Сен менімен неге адамша, досың ретінде сөйлесесің? – ал мен болсам күлкіден жерге кіріп кете жаздадым.

– Сен «Сұлу қыз бен құбыжық» мультфильмін көріп пе едің?
– Жоқ.
– Міндетті түрде көретін бол.Мүмкін сонда сенің жымиғаныңды көрермін, – әрең дегенде ол мұңға толы көздерін көтерді.
– Маған оқып берші?! – ол аяғыма басын қойды.
– Бұл ағылшын тілінде…
– Мен ағылшын тілін шамалы білемін, ал қалғанын өзің түсіндіріп бересің бе?
– Онда, сен де маған көмектес? – оның көздері бір түрлі жалындарға толып кетті.
– Мен сені ешқайда жібермеймін!
– Егер жіберсең де, мен сенен кете алмаймын.Кешір,- мен тағы да өз сөздерімен қатты қысылдым.
– Маған отыру қиын, ал жатып оқи алмаймын…сенің кеудеңе басымды қойсам бола ма? – ұялған көздеріммен жігітке қарадым.
Ол жәй ғана мені тізесіне отырғызып, кішкене және күшті қолдарымен белімнен құшақтады.
-Жоқ, енді ауырмайды, – іштей дем алып, кітапты оқи бастадым.
Жеңіліс – ерте үміт үзгендерге ғана келеді.Басқа жолдар табылмағанда,қауіпті жолдың шарасыздығын мойындау – нағыз даналық…

4 бөлім
Мен сүюді білмеймін
Мен көзімді жылдам ашып, еріндеріммен ауаны жұтуға тырыстым,бірақ ауа да қырсыққандай өкпеме бармады.
Ыстық дене мені қолдарымен құшақтап, бауырына басып жатты.Тұруым керек, мынандай жағдайда дем алуым қиын.
Оның құшағынан ептеп босандым.Ол сондай сүйкімді, кішкене мысықтай, тізесін құшақтап, кері аударылып жатты.Үстін көрпемен жауып, жуынатын бөлмеге бет алдым.Мүмкін су денеме қуат берер?
Жуынып жатып, денемдегі алып гематоманы көріп, үнсіз күрсіндім.Қимылдаған сайын ауырлық сезініп, дәрілер де көмекке келе алмады.
Үстімде қалған киімдерімді шешіп, салқын суға түсе бастадым.
Айқайласам ба?Жоқ болмайды…Тамағымнан бір үн шығар емес.Тек тізерлеп құлаймын, салқын қабырғаға жансқаным сол-ақ еді, қабырғам сыздап қоя берді.
Қызық, дәл қазір анамды да, әкемді де ойламадым.Тек сол көздерді соңғы рет болса да, көргім келді.Өлерімнің алдында.
– Энни…
Оның қолдарын сезіп жатырмын, жылы алақанын, өзіме ыстық даусын естіп жатырмын.Жоқ, қолымнан келмейді, қатты ауырып барады…қатты.
– Ауа, – естір деген үмітпен сыбырлап жатырмын.
Еріндері, оның еріндерін сезіп жатырмын.Ол менің тыныс жолдарымды тағы да ауамен толтыруда.Мені өзіне қайтарғысы келетін сияқты.Мен қолымнан келгенше тырысып жатырмын.Мен қайтып келемін…
– Йесон, – ыңырсығандай күйде жатып, оянуға тырысып көрдім.
– Тыныш, тыныш, – сондай нәзік дауыс мені тыныштандырып, өзінің жанымда екенін, мені тастамағанын сездіріп жатқандай.
Салқын бірдеңе денеме жанасқандай болды.Суық әрі жұмсақ жанасулардан денемді жиырып алдым.Көзімді ашып, қамқорлыққа толған екі жанармен кездесіп қалдым.Бұлай жасауына не себеп болды?Мүмкін, оған жылулық жетіспеген болар.
– Бұл жарақатқа арналған мазь, – соққы тиген жерге жақты.
– Рахмет.
Соңғы рет жуынатын бөлмеде киімсіз болғаным есіме түсіп, қызарып кеттім. Мені жалаңаш көрген жалғыз жігіт.Мен жан-тәніммен сүйетін құбыжық.
– Мұнда жатқаныма қанша уақыт болды? – уақыттан мүлде құр қалған сияқтымын.
– Төрт күн, сен бірыңғай ұйықтадың.Мүмкін бұл соққыдан болар.Кешір.
– Жазылар, – кенет ішім қорылдап, сүйіктім күліп жіберді.
– Біреу сөйлеген сияқты, – ол күлді де, есінеп сыртқа шығып кетті.
Кереуеттен көтеріліп, комодтағы шалбар мен майканы киіп алдым.
– Эй, сен неге тұрдың? – Йесон маған қарай жүгіріп келді.
– Сен қарсы емессің бе? – үстімдегі киімдерін көрсеттім.
– Саған жарасады, – ол күлімдеді.
– Сенің иісің сезіледі, – өзіме сондай таныс сүйікті иіссуымды иіскедім.
– Кешір, мен тамақ жасай алмаймын, сондықтан міне, – ол маған қайнатылған раменді ұсынды.
– Ештеңе етпейді.Мұнымен тамақтанғаныңа көп болды ма?
– Өмір бойы десе болады, – ол өткен өмірін еске түсіргендей мұңайды.Мен бұл сезімдерді өте жақсы түсінем, себебі өзім де осылай жасайтынмын.

– Егер сен күндердің күнінде маған сене бастасаң, саған керемет тағам әзірлеп беремін.Менен құтылмай тұрып, маған біршама уақыт берші, саған бір-екі тағам түрін үйретейін.
– Сен неге бұлай дейсің? – оның көздері ашулы болып кетті, мен жаңа соққыға дайындалып, көзімді жұмдым.
– Сен менімен өмір бойы бірге болып, бақытты болғың келеді деп ойламаймын.Әйтпесе, сен мені алып қашудың орнына сөз салар едің.Оның үстіне мен де жабық қамалда есімнен алжасқан сияқтымын.Мен, сен жанымда болғанда ғана өмір сүре аламын.Бірақ, уақыт өте келе сен маған келуден жалығасың ал мен болсам сенің көздеріңсіз әр секунд сайын өлім құша бастаймын.Сен басқа қызды кездестіресің, оған ғашық боласың, өз отбасың болады.Ал мені…жібере саласың ба, әлде өлтіресің бе, бәрібір, енді мен сенің дауысыңсыз өмір сүре алмаймын.Бұл мені қорқытады.Мүмкін барлығы мені есалаң деп ойлайтын шығар…маған тіке айтқандар да болды.Кюхен мені көргеннен дірілдейтін, тіпті екеуіңді таныстырайын деп өтінетін,бірақ мен қорқатынмын.
– Менен бе?
– Жоқ, сен маған көз қырыңды салмайсың ба деп қорқатынмын.Сен мені мазақ етіп, ал мен өзімнен аттап кете алмай, сенің концерттеріңе келе алмаймын ба деп қорқатынмын.Білесің бе, мен жуынатын бөлмеде демала алмай жатқанда, өлерімнің алдында сенің жүзіңді бір көріп кетсем екен деп ойладым.Мен ақымақпын, – көзімнен ыстық жас парлап ақты.
– Сен мені сүйесің бе? – оның жүзінен таңғалғанын байқадым.Оның шынымен сенгені ме?
– Сен де мені есінен алжасқан деп ойлайсың ба? – мен күле бастадым, бірақ қатты қолдар менің иегімнен мықтап ұстап алды.
– Сен мені сүйесің бе? – Йесон айқайлап жіберді.
– Сүйемін және осы жаныма қатты батады.
Ыстық еріндері менің еріндеріме тиді, жәй ғана тиді.Мен өзімді құдды бір фарфордан жасалған қуыршақ сияқты сезіндім.
– Мені ешқашан, ешкім сүйген емес, мен оның қандай болатынын білмеймін.Мен сүюді білмеймін, – оның даусы қобалжығандай болды.
– Сен өзің сезінесің.Жүрегің саған бағт-бағдар береді, -мен оның кеудесіне қолымды тигізіп, жүрегінің соғысын байқадым.
Оның қолдары менің қолдарымды қысып, көзін жұмып, жымиды.Бұл жолы оның күлкісінен ашу да, қорқыныш та сезілмеді.
Бір сөз сенің қабылдаған шешіміңді өзгертіп жібере алады…Бір сезім сенің өміріңді өзгерте алады…Бір адам сені танымастай ете алады…Басыма қанша қиыншылық түссе де, мен сол адам болғым келеді.

5 бөлім
Мен құбыжықпын…
Бұл жолы мен ауырғаннан емес, қабырғаны жарған айқайдан ояндым.Жүрегім сыздап кетті.
Бұл оның даусы болатын.Ол қорқып, қалтырап жатты.Не болғанын білгім келді.Дененмнің ауырғанына қарамастан, оған қарай аударылып жаттым.Біз бірге ұйықтаған болатынбыз, бірақ бұның қазір маңызы жоқ.Менің сүйіктім қиналып жатыр.Тәні емес, жаны қиналып жатыр.Ол қорқынышты түс көріп жатқан сияқты.Көздері жұмулы, бірақ, кірпіктері дірілдеп жатыр.Көздерінен тамған жастары, еріндеріне тиді.
– Мама, керек емес өтінемін.Мені ұрмашы.Мама, жоқ.Менің еш кінәм жоқ.Ауырады, қатты ауырады.Мен қаламаймын, шыдай алмаймын.Маған неге бұлай жасайсың? – оның айқайлаған дауысы, менің жүрегіме тікен болып қадалып жатты.
Мен қорықтым, өзім үшін емес сүйіктім үшін.Йесонның неге сонша қиналып жатқанын түсінбедім.Оны мұндай жағдайда көру, жаныма қатты батты.
– Чонун-а, бұл жәй қорқынышты түс, – жігітті қатты қысып құшақтап, басынан сипадым.
– Кішкентайым менің, ояншы, өтінем, – көздерімнен еріксіз жастар ытқып шыға бастады.
– Вукки, Вукки, мені тастама.Бауырым, өтінемін, – ол қатты қалшылдай бастады, көз жасы сарқырамадай болып, әдемі еріндері тістеліп, қан жоса болды.
– Йесон, – бойымда қалған соңғы әлімді жинап, оны бар күшіммен сілкіледім. – Йесон! – дереу еріндеріммен оны сүйе бастадым, бес секунд…еріндерімен бірдеңе деп айқайлап жатыр, он секунд….денесі босаңсып, менің сүйісіме жауап қайтарды….тыныштық.
Әр сәт сайын ол мені құшырлана сүйе бастады.Еріндерім оның тістегенінен ауырып барады.Дереу өз-өзіме келіп, денемді аулақ ұстауға тырысып жатқанымда, шарасынан шығып кеткен көздерді көрдім…ашуға толы көздерді…
Ол мойнымнан шап беріп ұстап алды.Босануға тырысып едім, қолымнан келмеді….әлім құрып барады.Ауа жетіспейді, тынысым тарылып барады, ал көздерім болса жайлап жұмылып барады.Оның көздері…иісі…
– Энни! Энни! – біреу мені қазір орналасқан қараңғылықтын шығарып алмақ болды, естіліп жатқан дауыс жаққа қарай бет алдым.
– Энни, өтінемін, мені тастамашы.Мен қорқамын, – біреу менің бетімді сипады.
– Чонун? – өзіме таныс көздерді шырамытып көрдім.
– Мен, мен қалай болғанын білмеймін….неге, – ол алақанымен басын қысты. – Сенің айтқандарың дұрыс, мен құбыжықпын, нағыз құбыжықпын…
– Маған айтшы, саған не болды? Жан қиналысыңды өзіңе жақын адаммен бөліссең, жеңілдейсің.
– Мен сені осымен екінші рет өлтірмек болдым…
– Ол кезде, сенің көздерің…ол сен емес едің.

– Осыдан кейін сен мені жек көріп кетсең, дұрыс шешім қабылдайсың.
– Сені жек көре алмаймын, өйткені өте қатты жақсы көремін.
– Мен Сеулдің сыртында туылдым.Толыққанды отбасым болды.Біз тыныш ауданда, екі қабатты шағын үйде тату-тәтті өмір сүрдік.Бірақ, жабық есіктің артында ертегі тозаққа айналатын.Мен үш жасқа толғанда, інілі болдым.
– Вукки ма?Сен оны шақырып жаттың.
– Я, Вукки.Ол менің бұлтты күндегі күншуағым болатын.Мен үшін ең қымбат адам болатын.Екеуміздің бөлмеміз бөлек болса да, бірге ұйықтайтынбыз.Әкем бізді мен он жасқа келгенде тастап кетті.Ол анам мен оның айқай-шуына шыдай алмады.Анам көп ішетін, әкем үйде болғанның өзінде, өзімен бірге бөтен еркектерді ертіп келетін.Ол бізді ұратын.Әкем әйелге қол көтере алмағандықтан, шыдады.Үйден кететін кезінде бізді өзімен бірге алып кететінін айтты.Ол шынымен алып кеткісі келді, бірақ анам сол кездің өзінде бір прокурормен жақындасып, сот шешімін өзінің пайдасына асырды.Вукки екумізді, тозаққа тастап кетті.Ал сосын…, – оның көздерінен жас төгіле бастады.Оны құшағыма алып, көздерінен сүйдім.
– Жалғастыр, шеріңді ақтаруың керек.Менен жасырма, – ол сәл босаңсығандай болып, белімнен құшақтады.
– Әкем кеткеннен кейін, күнде таңертең анамның бөлмесінен шығып бара жатқан, танымайтын еркектерді көретінмін.Анам ішіп, артынша бізді ұратын.Мен Вукки үшін қатты қорықтым.Оның айқайы мен көз жасы менің жүрегімді ауыртатын.Мен он алтыға келгенде, анам ақша үшін бізді бір түнге қалталы әйелдерге сатты.Мен бас тартып, жалындым, бірақ ол, егер келіспесем, орныма Вуккиді алатынын айтты.Мен бұған жол бере алмадым.Бірақ анам көп ұзамай Вуккиді де өз істеріне пайдалана бастады.Көп ұзамай мен қатты науқастанып қалдым.Інім маған қарайласып, жанымнан бір елі аттамады.Бірақ оның көздерінен бұрынғыдай жас балаға тән ұшқынды көрмедім.
Ертеңгі күні жексенбі болатын.Ұйқымнан көңілді оянып, нұрын шашқан күнді көрдім.Көп ұзамай он сегізге толсам, інміді алып кетіп, бақытты ғұмыр кешетінімізге сенімді болдым.Сол сәтте оны құшақтағым келіп, іздеп шыққанымда…бөлмесінде асылып қалған күйінде таптым.Вукки бұл азапты көтере алмаған сыңайлы.Осы шешімді дұрыс деп тауыпты…, – Чонун дірілдеп кетті.Мен өзімдікімен қоса, оның да көз жасын сүртіп, жұбатуға тырыстым.
– Жаным менің, сүйіктім.Сенің қиналғаныңды көрмес үшін барлығын жасар едім, – оның бетін алақаныммен ұстап, әр миллиметрін қалдырмай сүйіп шықтым.
Көзін ептеп көтеріп, маған қарады.Бес минут екеуміз осылай бір-бірімізден көзімізді алмай қарап отырдық.Оның еріндері ақырындап,менің еріндеріме тие бастады.Осы адам үшін сақтаған барлық нәзік сезімдеріммен жауап қайтардым.

– Мұнымен аяқталған жоқ.Вукки хат қалдырып кетті.Хатында апамды жазғырмауымды өтініпті.Бірақ мен олай ете алмадым.Мұның бәріне сол әйелдің кінәлі екенін білдім.Ол бізге құл ретінде қарады.Туған ұлдарын ақша үшін сатты.Мен айнаға қарағанда өзімнен жиіркенетінмін.Вукки бұл өмірден кеткеннен кейін де ол жыламады, оның әкем сияқты ез екенін айтты.
– Мен 24 тамызды күттім, менің туылған күнім.Сағат онды соқты.Мен киім-кешегмді жинап,он екіде келуі тиіс әкемді күтіп отырдым.Мен тағатсыздана тосып отырғанымда анам келіп, мені жібермейтінін, оған әлі қызмет етуім керек екенін айтты.Кенет, бойымды кек билеп үстел үстінде тұрған вискиді, үстіне құйып жіберіп, үйді өртедім.Ол ішінде қалды.Мен туған анамды өлтірдім, мен құбыжықпын, – ол қайтадан жылай бастады.
– Сенің ешқандай кінәң жоқ, ісіңе өкінуші болма, – бар дауысыммен айқайладым.
– Сен мені жек көресің бе?Мен адам өлтірдім, өз анамды…
– Ол адам емес болатын, – Йесонды одан сайын құшағыма қатты қыса түстім.
– Мені тыңдағаныңа рахмет.Мен бұл жағдайды алғаш рет саған айтып отырмын.Сенің көзқарасың…
– Чонун-а, менің де жүрегімде жазылмас жара бар.Сені кездестірмей тұрғанымда, менің өлгім келетін.Сен мені құтқардың, шын мәнінде құтқардың.
– Неге олай дейсің?
– Анамның өліміміне әкем кінәлі, өгей шешем мені уландырмақ болды, ал өгей ағам зорламақ болды.Сондықтан әкем маған кредиткасы мен Сеулге дейін ұшаққа билет алып беріп, үйден қуып шықты десем де болады.Он бес жасымда мен елден, отбасынан қуылдым…
– Мені сүйші, өтінемін.Маған сүюді үйретші, жүрегімді өзіңнің жүрегіңмен бірге соққызшы…

6 бөлім
Жұма…
Бүгін сен менің түсіме ендің.Мен сені әдеттегіден бөлек құшақтадым.Я, мен сағынып жүрмін, есімнен алжасатын болдым…
Бұл бөлмеде қанша күннен бері отырғанымды,қанша сағат жалғыздықтан оны сағынғанымды,қанша минут бойы жынданып кете жаздағанымды, қанша секунд осында қалғым келмейтінін ойлағанымды білмеймін.
Бірақ анық білетінім ол бұрынғыдай емес, жанасуларыма үреймен қарамайтын болды.Менің жанымда отырғанда, оның жүрек соғысы жиілей түсетін.
Қызық…мінезін түсініп болмайтын адам өмірімді төңкеріп тастаған сияқты.Одан да қызығы мен одан мүлде қорықпадым, оған деген сезімім тұрақты болды.
Неге мен?Неге бұлай?Басымда көп сұрақтар айналып жатты.Мен сұрадым, түсінуге тырыстым.Бірақ толыққанды жауап ала алмадым.
Оның бұған дейін ешқандай қызбен бірге болмағанын білетінмін.Болған жағдайда да бір-екі кездесуден кейін ол қыздармен кездеспей қоятын.Ол ғашық болып қалудан қорқатын.Балалық шағындағы оқиғаның қайталануынан қорқатын.
Неге мен?Шынымды айтсам, түк түсінбедім.Мүмкін мен оны ішкі түйсігіммен қызықтырған болармын.Ол өзін мықты қылып көрсеткісі келді.Адамдарды басқарғасы келді.Адамдық қатынастардың не екенін білмей, тірі қалу үшін анасының прототипі болуға тырысты.Бірақ, бұл оның қолынан келмеді.
Өте мейірімді, өте нәзік, тым үрейлі.Оның үлкен мейірімді жүрегі қара түтінмен жабылды.
Балалық шақтағы қалған жара, ең ауыры.Сүйіспеншілікке бөленбеу, інісінің өлімі, зорлық-зомбылық…мен тағы жылап жатырмын, ал жүрегім қарс айырылуда.

– Көздерің неге жасқа толы? Сен мені жақсы көрмей қалдың ба? –көз алдымда кішкене баланы көргендей болдым.
– Сені қатты сағынғандықтан жыладым.Міне, сен келдің! – жасымды сүртіп жатып, жымидым.
– Жыламашы, өтінемін.Неге екенін білмеймін, сенің көз жасыңды көру, мен үшін ауыр.
– Аз да болса, менің жанымда болшы.Өтінемін, кетпеші.
Оны мықтап құшақтап, бүтін бөлшектей болып, айырылғым келмеді.Оны құшырлана иіскеп, қазір кететініне сенбедім.Әр жанасқан сайын, оның әлі де қобалжып, дірілдейтінін байқадым,сонда да шыдадым.Дәл қазір жаңа мүмкіндікті пайдаланып, ақырын еріндеріммен бетінен, иегінен, мойнынан сүйе бастадым.Оның қолдары дірілдесе де, мені итермеді…ішкі сезімдерін жүрек соғысы білдіріп тұрды.
Чонун менің айммалағаныма қарсы емес.Мен оны сәл де болса өзгерткен сияқтымын.Күн, ай, жыл, он жыл… осы адамның күнде азанда бетімнен сүйіп, «сүйіктім» деуі үшін қанша уақыт керек.Бұл өзі мүмкін нәрсе ме?Білмеймін, бірақ сенемін.
– Чонун-а,сенің қазір кетіп қалатыныңды сезіп отырмын.
– Бүгін жұма, – мұңайды.
– Жұма…ойланып қайталадым.
Екі апта.Осында болғаныма тура екі апта болды.Маған осы кезге шейін кімнің осыншама жетіспегенін ақыры түсінген сияқтымын.
– Чонун-а, маған ән айтып берші.Әр күн сайын сенің даусыңды бір есту үшін өмір сүрдім.Барша ғаламдағы ең сүйікті дауыс.
Ештеңе деместен, мені кереуетке жатқызып, қасыма жатты.Оның даусы мені ұйқы патшалығына әкетті.Кішкентай қолдары шаштарымды сипады.Оның қолдарында мысықтың сүйкімді марғауына ұқсап, пырылдадым.Бірақ осындай «мистика» тарауындағы ертегінің де аяқталатынын ойладым ба?

7 бөлім
Мен сені сүйемін
Бір сағат, екі, төрт, алты…концерттің аяқталғанына қанша уақыт болғанын санап отырдым.Ол осы он төрт айдың ішінде бірде бір рет концерттен кейін клубта қалып көрген емес.Ойым сан-саққа жүгіріп отырды.
– Қайда жүрсің? – бос қабырғаға сөйледім.
Кеудемде бір түрлі сезімдер аласұрып жатты.Өзімді анам жұмыстан келмей қалған күнгідей сезіндім.Мен бұл жерде қамаулымын, оны іздеп шыға алмаймын.
Есіктің тұтқасынан естілген сыбдырға назарымды ауды.
– Чонун-а? – шошып кеттім.
Үсті-басы қан жоса болып кеткен, жарақаттанған, аяғында әзер тұр.Менің құбыжығым құрбанға айналған сияқты.Қабырғамның ауырғанын ұмытып, жігітті демеп, кереуетке жатқыздым.
– Сен боссың, кете беруіңе болады, – мен жүгіріп шығып кеттім.
Жоқ менің кететін ойым болған жоқ, мен бұл жігітті сүйдім.Үйдің ішін дұрыс білмегендіктен, жолымдағының бәрін құлатып ,таза шүберек пен дәрі-дәрмек іздей бастадым.Он бес миутта барлығын тауып, қайтып келдім.
– Сен… – оның көздерінен таңғалғандығы көрінді.
– Сені тастап, қашып кетеді деп ойладың ба?Ақымақ, сен қандай ақымақсың.Мен сені ешқашан тастамайтындығымды айттым емес пе.
Жарасына тиіп кетпес үшін, киімін қырқып тастадым.Шалбары да алысқа ұшып кетті.Сулы шүберекпен қанын тазартып, алған жарақаттарын көріп тағы да шошындым.Пышақ, жұдырық іздері.Көзіме еріксіз жас келіп кетті.
– Кішкене ауырады, бірақ шыдашы, өтінем, уақыт өте келе жазылып кетеді.
– Ауырып барады, – түрін тыржитып алды.
– Кешір жаным, – жарасын үрлей бастадым, – Міне, іше ғой, – ауруды басатын дәріні ұсындым.
– Рахмет.
– Не болды?Мұны жасаған кім?Не үшін?
– Кюхенға бір жігіттер тиісіп, сенің неге келмей жүргеніңді сұрап жатты.Ішінде біреуі саған берген уәдесін орындамағанын, сені әлі рахатқа батырмағанын айтты.Мен бұны естігім келмеді, кеуде тұсым қатты шаншып кетті, үндемей тұра алмадым,- менің кесірімнен, бұған мен кінәлімін.Сол түні клубта маған тиісіп, мен бас тартқан жігіттер есіме түсті.

– Кішкентайым менің, бұл менің кесірімнен, – жылап жібердім.
– Жыламашы, өтінемін, мен…мен сені сүйемін, – бұл сөздер ашық күндегі найзағайдай боп тиді.
– Мен сені сүйемін? – мен жынды адамдарша күле бастап едім, Йесон қорқып кеткен сияқты.
– Бәрі дұрыс па?
– Кешір, жәй жүйкем сыр беріп жатыр, – мен терең тыныстадым, көңілім өз орнына түсті, – Йесони, менің намысымды қорғағаның үшін рахмет, бірақ, келесі жолы бұл қайталанса, үндемей-ақ қой.Мен басқа жігітке қарамаймын, жыл бойы қарамадым,қарамаймын да.Мен үшін тек сен ғана барсың.Тек сенің көздеріңді өмірімнің әр секунды сайын көргім келеді, тек сенің тынысыңды ғана денемде сезгім келеді, тек сенің қолдарыңа өзімді ұстатуға рұқсат беремін.Егер сені жоғалтып алсам, өмірімнің мәнін жоғалады.Мен сенің әр кірпіктеріңді, денеңдегі әрбір жарақатыңды сүйемін және бұл өзгермейді.Сенің еріндеріңді, кішкене саусақтарыңды ешнәрсе ұмыттыра алмайды.Сенің өткен өміріңді білемін, бірақ, бұл мені қорқытпайды, мен тек сендегі барлық ауыртпашылықты өзіме тартып алғым келеді, саған жеңіл болса болды.Одан да мен саған көрген қиыншылығыңды ұмыттыратын қамқорлық пен естеліктер сыйлағым келеді.
Белімді қысып алған қолдарды сезіп, көзімді көтердім.
– Маған сүюді үйреткенің үшін рахмет.Енді кел, сәл демалайық, – ол кереуетке жатып, мені өзіне қысып құшақтады.
– Саған батады, арқаңмен жат, – бұл күйде жатқанда, оның жараларына тиіп кетіп, ауыртатын болды.
– Жанымда сен болғанда, ауырмайды, – шашымды иіскеп, сыбырлады.
– Сені сүйемін, мойнын сүйіп, бауырына одан сайын еніп, нағыз бақыттың не екенін түсіне бастадым.
Бүгінгі ұйқым ерекше тыныш болды, сергек болып ояндым.Көзімді ашып, оның ұйықтаған күйін ұзақ бақыладым.Періште, сүйікті және сұлу періште.
Жоғарыда…Жаратқан ием…ғажайыбыңа РАХМЕТ!!!
Еріндерінен сүйіп, тамақ іздеуге ас бөлмеге бет алдым.Бірақ асханаға бірден бармадым.Шалбарыма қан тигенін көріп, Йесонның бөлмесіне бардым.Ол екінші қабатта орналасқан екен.
Күлгін түстегі үлкен бөлме бір түрлі сезімге бөледі.Тым қараңғы және қайғы әкелетіндей.Қызыл түсті көрпесі бар үлкен диван.
Оның көлемді шкафын ашып, киімдерінің қаншалықты көп екенін көріп, таңғалдым.Соңғы коллекциядағы көптеген әйгілі маркалар.Бұл маған түсініксіздеу көрінді.Өйткені ол аптасына бір-ақ рет жұмыс істейді, ал менің қолымдағы бір жейде мың евродай тұрады.
Еденге түсіп тұратын кең шалбар мен майканың жиегін беліме байлап, киіп алдым.Гномдарға ұқсап қалмас үшін, ішім мен арқамды ашық қалдырдым.Жарайды, мен асханаға барайын.

Бірінші қабатқа түсіп, үйді жақсылап қарап шықтым.Жертөлеге апаратын есік жабулы.Келесі есік жылы түсті жуынатын бөлмеге апарды.Оңға бұрылып, ашық түсті қонақ бөлме мен әр тілдегі көптеген кітаптары бар кітапхананы көрдім.Өзімнің мекенімді тапқан сияқтымын.Негізгі іздеген жеріме бір сағаттан кейін бардым.кеше үйдің бұл бөлігіне мән бермеппін.Асханасы өте үлкен.Бірақ, бір сұрақ туындады.Жалғыз тұратын, тамақ істей алмайтын жігітке мұндай алып асхананың не керегі бар?Есесіне, мен өзімнің екінші сүйікті мекенімді тапқан сияқтымын.
Қызық, тоңазытқыш түрлі тағамдарға толы.Сондықтан әр түрлі тағам жасау қиынға түскен жоқ.Дәмдеуіштерді іздеп жатып, тартпалардың бірінен сөмкемді тауып алдым.Қуанып, ішінен IPad-ымды алдым.
Ән тыңдап, тамақ әзірлегенді жақсы көретінмін.
Қышқыл ет, қуырылған тофу мен теңіз өнімдерінен жасалған сорпа дайын.Дәл қазір жаңғақ соусына қуырылатын, күріш пен көкөністі жасап жаттым.
– Ай, – қорқыныш пен ауырғандықтан шыңғырып жібердім.Мені жылдам белімнен құшақтап алды, ал мен алақанымды кесіп алдым.Ауырады.
– Кешір, кешір, – құлағымнан құлаққапты шешіп, сүлгіні алып, кесіп кеткен жеріме басты.- Мен оянсам, қасымда болмай шықтың.Шақырып едім, келмедің.Сені кетіп қалған шығар деп ойладым.Қолымдағы заттарды үстел үстіне қойып, мені қатты құшақтады.
– Сені қорқынышқа бөлеп, жалғыз қалдырып кеткенім үшін кешір.Сенің раменді жеуіңді доғарғаныңды қаладым.Әйтпесе,ол менің түсіме кіретін болды.Сосын, ас әзірлегенде үнемі ән тыңдап жүремін.Сондықтан сенің шақырғаныңды естімей қалдым.Сені қорқытқаныма өкінемін, – ақырындап алған жарақаттарының орнын сүйе бастадым.
– Енді саған қамқор болатын кезек келген сияқты,- ол жараланып қалған қолымды алды.
– Жоғарыға барайық, бәрібір сенің жараңды қайта таңуым керек.Сонымен қоса өзімді де емдейін, – жігіттің қолынан ұстап, жоғарыға көтерілдім.
– Саған киімім жарасып тұр, – мені өзіне тартып сөйледі.
– Мен ергежейлі гномға ұқсап тұрмын, – ашуланған кейіп танытып, еркелей бастадым.
– Менің сүйікті гномыма, – жымиып, мұрнымның үстінен сүйді.-Сүйіктім…

8 бөлім
Он бес ай
Өмірімдегі ең қорқынышты күндердің өткеніне екі апта болды.Әрең дегенде өзімді бақытты сезіне бастадым, сол үшін күнде жаратқанға алғыс айтамын.
Чонунның денесіндегі жарқаттар қуанышыма орай жазыла бастады.Күн сайын ол жыли түсіп, жиі күлетін болды.Түнде көретін қорқынышты түстері басылды.Күнде таңертең ояна салысымен, сүйіктімнің бетінен бар мейірімділікпен сүйіп, періштедей сұлу келбетіне тамсанып қарап, таңғы ас дайындауға барамын.
Ол мұны жақсы көретін және күнде азанда төменде оны тосып, кофе ішіп, кітап оқып отыратыныма үйреніп қалды.Артымнан білдірмей құшақтап алып, сүйетінін айтатын.Бір рет те болса осы үш сөзді, менің бір жылғы жауапсыз махаббатымды қайтару үшін ұмытпайтын.
Бәрінен бұрын менің оған кітап оқып бергенім ұнайды.Кішкентай мысықтар сияқты, тіземе басын қойып жатады.
Сүіктім, бұл әлемдегі ең нәзік, мейірімді адам.Мұндай адамды тағдыр не үшін ұзақ жылдар бойы жазалағаны түсініксіз.
Кейде ол маған бала сияқты көрінеді, ал кейде оның сөздері жүз жыл жасаған адамның сөздері сияқты.
Сәл бір түрлі, бірақ сондай қызықты.Ол үнемі басқа әлемде отқандай, ойланып кететін, ондай кезде мазасын алмаймын.Себебі сол кезде, оны ешнәрсе мазаламайды.Мен үшін бұл ең маңыздысы, бастысы оның бақытты болып, жүрегінде қуанышты естеліктердің қалуы.
Кеше, күні бойы екеуміз диснейлік мультфильмдерді көріп, жақсы көретін жаңғақ қосылған балмұздақ жедік.Ол ешқашан мультильм көрмепті, үйіндегілер рұқсат бермеген екен, сосын балалық шағы да аяқталып қалыпты.Бірақ, кеше оның балалыққа толы көздерін көріп, бір қуандым.Бақыт, оның жүзіндегі шаттық мені жаңа жылдағы шырша секілді жарқыратты.
Біз «Сұлу қыз бен құбыжықты» көрдік, бұл енді Йесонның сүйікті мультфильмі.Ал бүгін таң атысымен ол «Акуна Мататаны» әндетіп жүр.Қызық.Менің сүйіктім.
– Чонун-а, – мен асханада, қолымда бір кесе шәймен интернетте отырдым

– Не қарап отырсын? – мені артымнан құшақтап, құлағымның тұсынан сүйді.
– Өз университетімнің сайтын.
– Сабаққа қайта оралғың келе ме? – ол мұңды демалды.
– Мен академиялық демалыс алсам ба деп едім, ол үшін не керек екенін қарап отырмын.
– Шын ба? – ол қуанып кетті.
– Я, немесе сабаққа еркін қатысуды сұрармын.Үйден оқимын.
– Осының дұрыс болар, – ол мені орындықтан көтеріп, үстелге отырғызды. – Тек мендіксің, – ерніме сыбырлады.
– Тек сендікпін, – аяғыммен белінен қысып алып, жігітті құшақтадым.Бетімді, мойнымды ыстық еріндерімен осымен нешінші рет балқытты.
– Жоғарыға барайық, – қолдарыммен мойнынан құшақтадым.
– Сүйіктім, менің, тек менің…
Тәтті ұйқыдан шыңғырған дауыстан ояндым.Көзімді ашып, қараңғыда еміс көрініп, айнаға қарама-қарсы тұрған сұлбаны көрдім.
– Чонун-а, – кереуеттен тұрып, шамды жағып, дауыстадым.
Нақ бүгін, алрғаш рет шынымен қорықтым.Оның жүзі ашудан булыққан, көздері тағы да тозақ отындай жанған, даусы қарлыққан.Қабырғаларды жағалап,сыртқа шығып кету үшін, оны айналып өте бердім.
Ол қазір ұйықтап жатқан болатын және не істеп, не қойғанын білмеді.Бұл бұрын да болған…бірақ…бүгін мен қорықтым.
Мен өлуге, оны тастап кетуге дайын емеспін.
– Чонун, сүйіктім, бұл мен, – оның есін жиғызғым келіп еді, бәрі бос әурешілік.
Ол тура жабайы аңдай маған төнді.Артымда есік тұтқасын сездім, яғни, енді екі қадам аттасам, бірінші қабаттағы жуынатын бөлмеге тығылып қала аламын.
Бір қадам, екі қадам…бостандық, баспалдақтан түсіп келемін, бірақ оның демін мойын тұсымнан сезіп тоқтап қалдым.
Қорқыныш денемді тағы да сал қылып тастады.
Соққы, қараңғылық…
– Энни, өзіңізді қалай сезінесіз? Мені естіп тұрсыз ба? – алыстан дауыс естілді.Басым сыздап, қабырғаларым, қолым сырқырап барады.
– Ай, – көзімді ашып, таныс емес орындағы көзді ауыртқан жарықтан ыңырсыдым.
– Мені естисіз бе? – алдымда ақ халатты ер кісі тұрды. Сүйкімді.
– Естідім, естідім. Тек айқайламашы. Басым мина алаңында тұрғандай.
– О, қалжыңдап жатқаныңызға қарағанда, өмір сүресіз.
– Бұл қуантады, мүмкін. Маған не болды?
– Сіздің есіңізде жоқ па? – маған таңғалған кейіпте қарады, – өзіңіздің қысқаша өмірбаяныңызды айтып беріңізші.
– Энни Максвел, Нью-Йоркте туылып, өстім.Сеулге он алты жасымда көшіп келдім.Донгук университетінде оқимын.20 жастамын.
– 21 жастасыз.
– Не? 21?
– Я, сіз 21 жастасыз.
– Өзімнің қаншада екенімді жақсы білемін.
– Қазір қай ай және қай жыл?
– Маусым, 2011 жыл.
– 3 қыркүйек, 2012 жыл.Сіз өміріңіздің соңғы он бес айын ұмытқан сияқтысыз…

9 бөлім
Гном
Неге өзімді жаман, бос сезінемін.Өмірімнің бір жылын жоғалту…жоқ бұл одан емес, енді қайтара алмайтын нәрсені ұмытқан сияқтымын.Жүрегім ауырады.
Не болды?Бұл не?Не боп қалды?
Көзімнен жас тоқтамай ақты.Мені нені ұмыттым?Кімді ұмыттым?
Екі күн өтті, мен болсам жүрегімнің неден ауыратынын білмедім.Дене ауыртпалығы тек, сыртқы көрініс қана, а ішімде болып жатқан…түк жоқ, бос сезім.
Сен кімсің? Неге келмейсің?
Мәңгілік ғашық болып қалу – негізінде өте қорқынышты естіледі.Бірақ, ол адаманың атын да білмей, өмірді қалай жалғастырамын.
– Неге жылап жатырсың? Барлығы дұрыс па? Бір жерің ауыра ма? – бір бөлмелі палатада жатқандықтан, жиі келіп тұратын медбике қасыма жүгіріп келді.
– Жоқ, бәрі дұрыс, – әлсіз жауап бердім.
– Жылап жатсаң, несі дұрыс,мұны жасаған, сені әкелген жігіт, – қолымдағы көгерген жерді көрсетті.
– Не?Мені кім әкелді?Сен сол күні…
– Кешір, айта алмаймын, – медбике кетуге асықты.
– Жалынамын, өтінемін, – аяғына жығылдым, – өтінемін көмектес.
– Тұр, – мені орнымнан тұрғызбақшы болды, бірақ дес бермедім.
– Өтінемін, мен өзіме не болғанын білмеймін.Өмірімді онсыз елестете алмайтын нәрсені ұмыттым.Менің ақшам көп, төлеймін.Тек өтінемін, – көрпені алақаныма қысып алып, көз жасыма тағы да ерік бердім.

– Ақшаның қажеті жоқ.Одан да, маған не болғанын айтып бер, – кереуеттің жанына отырып, көздеріме мұқият қарады.
– Сенің есімің кім?
– Ми Ра.
– Мен Эннимін.
– Ал, енді айта бер.
– Өмірімнің соңғы он бес айы есімде жоқ.Бірақ, осы уақытта маңызды бірдеңе болғанын білемін, – алақанымдағы жарақатты тағы да қарап шықтым. – Мұны қалай түсіндірерімді білмеймін, бірақ ішкі жан дүнием бос.Сен мені жігіт әкелгенін айттың.Мүмкін мен соны сүйетін шығармын?Білмеймін, ештеңені түсіне алмаймын.Мен қазір орналасқан шұңқыр, барған сайын тереңдеп барады.Өтінемін, маған көмектесші.
– Қазір, қыз шығып кетіп, екі минуттан соң қайта оралды, – міне сені мына киіммен алып келді.Жігіт сені, баспалдақтан құлап қалғанын айтты.Денеңнен зорлық белгілері табылмады.Сондықтан, жігітті көп ұстамады.
– Оның түрі қандай?
– Ол әдемі, өте әдемі.Ұзын, дене бітімі көркем, қара шашты, ерекше есте қалғаны батып кетуге болатын тұнық көздері мен даусы.Ол бұл палата мен емделу ақысын толығымен төледі.Маған оның сен ес-түссіз жатқанда, жиі келіп тұрғанын айтты.Ол тек бас дәрігермен ғана сөйлескен.Бірақ, не туралы сөйлескенін білмеймін.
– Мен оны тауып алуым керек, оны көруім керек.
– Егер ол мен барда келсе, саған айтамын, -Ми Ра мені жұбатқысы келді, – бірақ сенің осы уақытқа дейін араласқан жолдастарың, таныстарың бар емес пе?
– Я, бірақ мен телефонымды таппадым, сондықтан ауруханадан шыққаннан кейін ғана хабарласамын.
– Сен тез жазылып келесің, сондықтан жақында шығуың ықтимал.
– Рахмет саған, көп рахмет.
– Сен енді тынық, сәлден соң келермін, – жаңа танысым күлімдеп шығып кетті, мен бірден әкелген киімдерді қарай бастадым.
– Киімдерді бірден үстіме киіп алдым.
– Мен ергежейлі гномға ұқсап қалдым.
«Менің сүйікті гномыма.Сүйіктім…» сондай таныс дауыс миымды тесіп өткендей болды.

10 бөлім
Йесон
– Сіз менің күнде осылай мазамды аласыз ба? – осымен екінші апта, аурухананың бас дәрігері келе береді.
– Я.Мені түсіңізде көрмейінше, келе беремін.- Оның атын сізге айта алмаймын.Энни, сіз ол адамның қолынан не келетінін білмейсіз.
– Мен, құрып кеткір өмірімнің он бес айын жоғалтып алдым, ұйықтаудан, тамақ жеуден қалдым.Ішімдегі дерт мені бөлшектерге бөліп жатыр.Мен қалай өмір сүретінімді білмеймін.
– Уақыт өте келе басылады.Есіңізге түсуі де, түспеуі де мүмкін.Миыңыз ол естеліктерді өзі кілттеп тұр, яғни бұған өзіндік себеп бар.
– Дертім басылмайды, ал өмірдің мәні жаңа жылдық шырша сияқты есігімнің алдына кеп тұрмайды.Көріскенше,- есікті жауып алдым.
Алақаныммен бетімді басып, қабырғаға жабысып, сырғи жөнелдім.Жылауым керек пе?Жоқ, жылай алмаймын.Денемнің құр сүлдері қалған…
Онымен қоса, артымнан біреу аңдып жүргендей сезінем.Енді тек жындануым қалып еді.
Дірілдеген қолдарыммен ашуымды көліктің рулінен алдым.Негізі психиатрға қаралуым керек болар.
Шашылып жатқан пәтерге кіріп, жерде жатқан кітаптарға аяғым шалынып қалды.Осымен қанша рет, өмірімнің сол айларын еске түсіретін нәрсе табу үшін, бөлмені ақтарып тастадым.
– Мына жерді жинастыру керек, ертең сабақ, – кітаптардың арасында жатып, көзіме бір кітап түсті. «Қара бидай тұңғиығында» – кәрісше әріптермен кітап атауы жазылып тұр екен.Мен мұны ақыры сатып алғанмын ба? Бірақ, неге кітапты сатып алуға шыққаным есімде, қалғанын білмеймін?
Әзер дегенде аяғыма тұрып, Ipad-тағы «play» батырмасын бастым.
Динамикадан «Акуна Матата» айқайлап жатты…
Тіземмен жерге отыра кеттім.Көзіме жас келмеді.Айқайласам ба?Мәнісі не?Ешкім келмейді, ешкім құтқармайды, ешкім естімейді.Осынша таныс өлеңнің қатарлары, ескерту жасағандай, өзінің тек мультфильмнің әні еместігін айтып тұрғандай миыма құйылып жатты.
Әр түн сайын жынданып кетердей боламын.Түсіме өзіме түсініксіз жәйттар кіреді.Бір әйел, екі бала, зорлық-зомбылық, өртеніп жатқан үй…және көздер, өртеп жіберетіндей көздер.

Денені сергітетін салқын душ пен ыстық кофе.Ащщ, ащы, бірақ бүгін лекция бар.Соңғы уақытта, көйлек, биік өкшелі аяқ киімнің не екенін ұмыттым.Күн сайын, Сеулдің барлық көшелерін аралап, ең болмағанда өткенді еске түсіретін нәрсені іздедім.Джинсы, футболка, кеды…күнде осы киімдер.
Университетте келе жатып, өзіңнен кішілердің бас изеп жатқанын қызық көрдім.Осы қабырғада өткен бір жыл.Есімде еш нәрсе жоқ.
Таныс күлкі…
– На Ри, – құрбымды көріп, құшағымды ала жүгірдім.
– Жәй ма? Ақылыңнан адастың ба?- қыз мені итеріп жіберді.
– На Ри? Не…
– Екеуміздің енді құрбы емес екенімізді ұмытып қалдың ба?Өзіңнің «жұмаңа» құры, – қыз кері бұрылып, жаңа құрбыларымен кете барды.
– На Ри! – дәліздегі барша жұртты қаратып, әлсіздіктен жерге отыра кеттім, – Мен өмірімнің соңғы он бес айын ұмытып қалдым.Бірақ, тек саған ғана сенгенімді білемін.Есіме түсіре алмаймын.Оны есіме түсіре алмаймын,- көзімнен көптен бері шықпай жүрген ыстық жастың қалай аққанын байқамай қалдым.
– Түрегел, – жаныма келген қыздың даусын естідім.Қуыршақ секілді бағындым. – Көліктің кілтін бер,- қолын созды.
– Қайда барамыз? – жасаураған көздерімді көтердім.
– Ішеміз, ақымағым, ішеміз, – қасындағы қыздарды жіберіп, қолымнан қысып ұстап алды.
Тілді үйренуіме, оқуға түсуіме, пәтер, көлік таңдауыма көмектескен На Ри болатын.Ол менің бұл түсініксіз өмірдегі шамшырағым болатын.Ол менімен бұлай сөйлесетіндей, оны жоғалтып алатындай не істеп қойдым екен?Жақын адамымды неге ренжіттім?Мүмкін одан да жақын адам пайда болғандықтан шығар.
– Ал, айта бер, өміріңдегі жалғыз махаббатты қалай ұмытып жүрсің? – алдыма вискиді қойды.
– Не?
– Сен өліп-өшіп жақсы көрген, бізді де ұмыттыруға себеп болған жігітті айтам.Әр жұмада клубқа барып, оның ән айтқанын тамашалайтынсың…
– Ол қай жерде орналасқан?
– Мен қайдан білейін, сен мені бірге жүр деп шақырмайтынсың, мен сұранбайтынмын.Сен бір жылдан астам уақыт оған ғашық боп жүрдің, бірақ бір жақындамадың.
Бір сағаттан аса уақыт құрбымнан есімде жоқ нәрселерді сұрап, бір бөтелке ішімдікті қалай тауысқанымды білмей қалдым.Аяғыма әзер тұрып, қолыма таусылмаған ішімдікті ұстап жүре бастадым.
– Қайда кетіп барасың? – құрбым қарап тұрды.
– Тағы бір бөтелке аламын, – барға саусағымды создым.
– Әй, сен құбыжықты ма…
«Құбыжыққа ғашық болған екенмін» – біреуге айтып жатырмын.Бірақ, кімге?
«Мен құбыжық емеспін, мені бұлай атама» – сол дауыс…көздер…
Көз алдыма суреттер келіп жатыр.Бөлме, үлкен кереует, қызыл көрпе.
Қолымдағы стакан еденге құлап, майда бөлшектерге бөлінді.
– Йесон………..

11 бөлім
Мүмкіндік
«Махаббат – денелердің ғана емес, ақыл-естің, ойдың, жанның, қызығушылықтардың бірігуі.Махаббат – төсекте жату емес, әлемдей алып, күшті сезім.
Жорж Санд
– Дайын ба? – мен кішкене кабинетте детективке қарсы отырдым.
– Я, бірақ нәтижелері…, – Шиндон басын төмен түсірді.
– Не? Айтсаңызшы.
– Йесон деген біреу табылып еді, бірақ бірден үзіліп кетті.Өкінішті, Йесон оның шын аты болмағандықтан, бұл жігітті табу мүмкін емес.
– Сіз жарты жыл бойы мені үміттендірдіңіз.Мен сізге жұмысыңыз үшін кем төледім бе?
– Өкінішті-ақ.Мен түрін де танымайтын сүйікті адамыңсыз қалай өмір сүруге болатынын түсінбеймін.
– Дәл солай.Түсінбейсіз.
Ғимараттан шығып, Сеулдің аязды ауасын жұттым.
Осымен жарты жыл өтті.Есік алдында ақпан айы.Мен жоғалдым, бұл сезіммен өмір сүруді үйрене алмадым.Сол үшін бүкіл әлемге, өзімге деген жек көрушілігім артты.Миым арасында пайдасы жоқ көріністерді көрсетіп тұрды.Мен Вуккиді есіме түсірдім.Бірақ, Сеулде мұндай есімді қайтыс болған балалар жоқ болып шықты…Бос әурешілік.Осы уақыт бойы жұма күндері жанды дауыста ән айтатын клубтардың барлығын аралап шықтым.Ешкімді таппадым.Есіме тек түскен көздер, дауыс, Йесон…
Қолымдағы дірілді басу үшін тартқан шылымды тастап, көлігімді оталдырып, тұрақтан жылжи бастадым.
– Күндегідей ме? – жаныма күнде келетін кафенің даяршысы келді.
– Я, – сәл жымидым.
Соңғы рет қашан күлгенімді, тамақ дәмін сезгенімді білмеймін.
Бұрышта отырған сүйкімді бейтаныс жігітті көргенде, ішімде бірдеңе жыбырлады.Кеудемде өмір сүруін тоқтатқан жүрегім бір-екі рет соққан сияқты.Бойымды тез жиып алып, бұрыштағы үстелге жақындадым.Орындықты құлап қалмас үшін мықтап ұстап алдым.

– Кешіріңіз, – жігіттің шошынған көзқарасын байқадым.
– Біз таныспыз ба?Мүмкін бір жерде кездескен болармыз?
– Жоқ, мен сізді алғаш рет көріп тұрмын, – көздері көркем жігіт басын шайқады.
– Бірақ, мені көргенде неге шошындыңыз?
– Сіздің жүзіңіз тым солыңқы болғандықтан. Жағдайыңыз дұрыс па?
– Я, бәрі дұрыс. Қателесіп кетіппін.Қайырлы кеш болсын, – жігітке күлімдедім…мен күлімдедім!!!Осы уақытқа дейін алғаш рет шынайы күлімдедім.Оны бір жылдан артық танитын сияқтымын.Ол мені танымайды, соған қарағанда әбден шаршаған миымның тағы бір сандырағы болар.
– Алло, сен қайда жүрсің? – жаңағы жігіттің даусын естідім, – Кім-кім, бұл Кюхен! – басыма соққы тигендей болды.
Кю, Кюхен…Қарғыс атқыр…Бұл есімді есіме түсіру үшін ойлана бастадым.
«Кюхенға бір жігіттер тиісіп, сені сұрап жатты…» – өте әлсіз шыққан өзіме таныс дауыс есіме түсті.
– Минни, сені он минут қана күтемін, одан артық күте алмаймын, – ашуланған Кюдің даусын естідім.
Тағдырдың маған берген мүмкіндігін пайдалану үшін тура он минутым бар.
Бүкіл күш-жігерім мен ойымды жинақтауым керек…
Қалам, қағаз…әріптерді жылдамдатып қағаз бетіне түсіріп жатырмын.Қателесіп, қайта жаздым.Жігіттің төлемақыны сұрап жатқанын естіп, қағазды бір қарап шықтым.
«Ертең 22.00 – де менің үйімнің шатырында.Егер 22.05 –те келмесең, Вуккимен кездесемін.Өмірімнің мәнін алып кеткен екенсің, бәрін бетіме айт.Сол кезде ғана өмірімді әрі қарай жалғастыра аламын».
– Мынаны Йесонға бер.Менің өмірім сенің қолыңда, Кюхен…

12 бөлім
22:00
Бүкіл күн қобалжу мен қорқу сезімімен өтті.Түсініксіз, өзімді ине шаншитын Вуду қуыршағы ретінде сезіндім.
Уақыт орнынан қозғалар емес. Мені мазақ қылып тұрғандай. Менің оған керек еместігімді сезетіндей тоқтап қалды.
Мен оған керек болмасам, басқа ешкімге де керек емеспін ғой…Мен жалғызбын.Ғаламшарда жеті миллиард адам бар, бақытыңды әйтеуір табарсың дерсіздер,бірақ мен бұны қаламаймын. Білесіздер ме, көрші ауладағы апай сізге ешқашан анаңызды алмастыра алмайды, ал күлкісі махаббатын бере алмайды…Бұл «Ымыртта» («Сумерки») фильміндегі күй сияқты.Ондағы басты кейіпкердің ішкі жан дүниесі, мен өзімді дәл солай сезінемін.Жүрегімнің ауыратыны соншалық, біреу келіп егеумен егегендей болады.
Сенің жүзіңді бір көрсем, ең болмаса есіме түсірсем деп армандаймын.
Жаратқан ием, оның жүзін өлерімнің алдында бір секунд бұрын есіме түсіріп, көз алдыма елестетсем екен.Өміріммен әсем күлкі мен бас айналдыратын махаббатты сезініп қоштасқым келеді.
Өлім…бұдан артық не болсын?Тыныштық пен ой тазалығы, ауруды сезінбейсің.Өлім алдында бәріміз теңбіз, бұл біздің тағдырымыз.
Өлім…қорқынышты сөз…жоғалтатындары барларға қорқынышты.Ал маған?Өлгеннен кейін баратын жер болса, апаммен кездесіп, оны қайта құшақтаймын.Сенімен де сонда кездесетін шығармын.Әрине, әзір емес.
Өлім…Мен қорқамын…
Неден қорқамын?Сенің мені сүймегеніңнен, сүйген жағдайда да, есімде жоқ…Дерт…Өкпе…ештеңенің де мәні қалмады.Сенде де, менде де…
Қалың жемпірге оранып, уақытқа қарадым…уақыт болды.Қолымда бір бөтелке қымбат шарап пен шылым…
21:58
Сондай жалғызсыраған тыныштыққа құлақ түріп тұрмын, бұл тыныштықты тек көліктердің даусы бөліп тұр.Ол әлі келген жоқ.
21:59
Қолымдағы бөтелке ғимараттың аппақ қабырғаларын қызыл түске бояп, төменге құлады.Осымен бәрі бітті.
22:00
Мен нені күтіп едім?Ол келген жоқ.Оның ақымақ болыппын, сені сүйемін деп жетіп келетінін күтіп пе едің?Жоқ, нағыз ақымақ менмін.Қалай…Қалайша…
– Аааааа, – айқай жүрегімнің түбін тесіп шықты.Қолыммен қоршауды ұстап, төменге қарадым.Биік…
– Менің әлі бес минутым бар, сондықтан қоршаудан әрі тұр, – салмақты, тұнық…менің ең сүйікті дауысым…
Басымда кенет тұтанған ойлар, аяғымды теңселдірді, орнымда тұра алмай, тіземмен отыра кеттім.
Бұл дауыс, бұл дауыс…ыстық, нәзік, денеңді еріксіз баурап әкететін дауыс.Екі жыл бұрын мені өз торына түсірген дауыс.Сүйемін…Сүйемін…Есіме түсті…Қалайша ұмытқам…
Менің есіме түсті…бәрі!Әр сәт, дем, жанасу.
– Чонун-а, – бойымды жиып, артқа айналып қарауға дәтім бармады.
– Сен мені есіңе түсірдің бе?
– Сенің даусың, ол үнемі менің ойымда болды…
– Бірақ, дәрігерлердің айтуы бойынша…

– Қатерлі дертті ұмытсаң, жазылып кетеді деп ойлайсың ба?Кеудемдегі тесік сені есіме түсіре алмағандықтан, күннен-күнге үңірейе түсті.Неге маған бұлай жасадың?Неге бір рет болса да келмедің?Менің жағдайымды неге сұрамадың? – дереу оған қарай бұрылдым.Жыламадым…жылай алмадым.
– Мүмкін біздің бірге бола алмайтындығымыздан шығар? – оның көздері менің бет-жүзімде ойнап жүрді.
– Ақымақтық.Біз…
– Мен құбыжықпын, – сөздері ауаны тесіп өткендей болды.
– Олай айтушы болма, – есім шыға жаздады.
– Мен сені қаламаймын, сенімен бірге болғым келмейді, – тым салмақты үн.
– Алдама!
– Мен сені сүймеймін.
– Мен сені сүйемін…Не? – мен сенбеймін, себебі көздерің басқаны меңзеп тұр.
– Біз қайтадан бірге бола алмаймыз, бұрынғы қатынасымыз да қателік болатын.Мен тек сенің маған үйреніп қалуыңды қаладым, полицияға шағымданбасын дедім.
– Өтірік, – аяғыммен жерді тепкілеп, келіспейтігімді көрсеттім.
– Бұл шындық.Қабылдауыңа тура келеді.
– Қабылдағым келмесе ше?
– Сені сүйетін болсам, жарты жыл бойы тығылып жүрер ме едім?
– Жақсы, сенікі дұрыс.
– А?Бәрі осылайша оңай болғаны ма? – ол таңданып қалған сияқты.
– Мен Кюхеннен беріп жіберген хатқа бәрін жазғам.Сен барлығын түсіндіріп бердің, ал мен өмір сүруімді жалғастырамын.Осымен көрініс те бітті.Тек менің бір өтінішім бар.Осыншама азаптанғаннан кейін, бас тартпайтын шығарсың.
– Тыңдап тұрмын.
– Бір сүйші.Тек бір рет…
Лезде, бас салған, ыстық, сезімдерге толы сүйіс…Қазір арамызда болып жатқан құбылысты тек осылай түсіндіре аламын.Менің нақ қалағаным осы.Жорамалымның дәлелі табылды.Тура тапқан сияқтымын.
Шатырдан кетіп бара жатып, артымдағы жігітке бір бұрылып қарамадым.Жүзімде күлкі болды.Иә, мен күліп бара жаттым.Жоқ, мен есімнен адасқан жоқпын.Мен тек оның мені сүйетінін білдім,Қатты сүйетінін.
Ааааа…Мұны қалайша білгенім сіздерді қызықтыра ма?!Жарайды!
Естеріңізде ме?Сіздерге автотұрақтағы мазамды алған көлік жайлы айтып едім ғой.Міне, сол көлікті күнде көрсем де, мән бермейтінмін.Қазір бәрін есіме түмірдім…МЕН БАҚЫТТЫМЫН.
Бұл Чонуннің машинасы болатын.Мені күнде сырттай бақылап жүретін, мұны әлі де жалғастыратынына сенімдімін.
Олай болса, оның екінші рет маған сезімін білдіруіне ұмтыламын.Файтин!

13 бөлім
Джои
Осы өткен жарты жылда алғаш рет дұрыс ұйықтадым.Алғаш рет жымиып көз іліп, қорқынышты түстен емес, таңғы жарқыраған күннің шапағынан ояндым.
Сағат таңғы жеті болды, мен алты сағат ұйқыдан кейін әлемді бағындыруға дайын тұрдым.
Бірақ шынымды айтсам, алдымда әлемді бағындырудан да қиын міндет тұрды.Ол – Йесон деген жарықтықтың психологиясына ену.Оның ойын түсіну.М-иә, бұл әлсіз қыз үшін қиын нәрсе.
Осынша уақыттан соң алғаш рет гардеробтың алдында ұзақ тұрдым.Бүгінгі таңдауым қара түсті тырысқан джинси шалбары, жағасы түрлі әшекей тастармен тігілген ақшыл жейде және биік өкшелі бәтеңке болды.Шашымды жоғарыға буып, көзімді әдемі етіп бояп, қысқа сұр пальтоны кидім.Керемет.
Сағат тілі таңғы тоғызға жақындады…ас ішуге уақыт бар екен.Жер асты автотұрағына түсіп, өз машинамның жанына келдім. Шылымның енді қажеті жоқтығын түсініп, қоқысқа лақтырып тастадым.Жаңа өмірге зиянды әдетсіз…
– Эх, оппа, көлігіңді дәл артыма емес, шамалы жақынырақ қойсаң ерлік ісімнің куәсі болар едің, – өз-өзімнен сөйлеп жымидым.
Менің сүйікті кафем ашық екен.Кофенің иісі бұрқырап шығып жатты.Залдың ең түбіндегі үстелге отырып, планшетімді алып, «Қара экран» атты киноны көре бастадым.
Қоңыраудың шылдыры даяршыларға жаңа клиенттің келгендігін хабардар қылды.Джинсы, алтын түймелі қара пальто, қара қалпақ және жарты бетін жапқан көзілдірік.Ким Чонун, сенен тыңшы шықпайды екен.
Негізінен, тыңшыны аңдыған қызықты іс болып шықты…

– Қайырлы таң, – жаныма таныс даяршы келді.
– Қайырлы таң Хекки, – бар езуіммен жымидым.
– Құлпырып кетіпсің, оның үстіне күле бастапсың.Соған қарағанда жаңа нәрсе болды-ау, – маған бірінші рет көріп тұрғандай қарады.
– Жәй, бүгін мені қорқынышты түстер мазалаған жоқ, – кафенің іші тыныш болғандықтан, әр сөзім анық, барлығына естіліп шығып жатты.
– Сен ашуланып, жыламағанда өте әдемісің, – жігіт күлімдеді.
– Ал маған сенің күлімдегенің ұнайды.
– Саған күндегідей ме?
– Жоқ, бүгін таңғы ас ішейін, – көзімді қыстым.
Аңдушыма сәл қарап қойып, ойша жоспарымның жүзеге асып жатқанын білдім.
Көлігімнен түсіп жатып, курстасымды қағып кете жаздадым.
– Энни, міне қызық!
– Сәлем Донхэ.Қалайсың?
– Өмір өз ағынымен өтіп жатыр.Сенің қайтып келгеніңе қуаныштымын.
– Мен де.Айтпақшы,мен сабақтан сәл қалып қойып едім.
– Қуана көмектесемін.Сағат екіде кітапханада кездессек қалай болады?
– Жарайды.Сен ең жақсы адамсың, – театр әртісіндей өтірік күліп, арқасынан қақтым.
– Сені аудиторияңа дейін шығарып салайын.Мынандай сұлуды біреу алып қашып кетпесін, – жігіт иығыма қолын салды, ал мен артымнан тесіп өтетіндей көздердің қарап тұрғанын сездім.
Жоспарым өрге жүзіп келеді.
Енді, мектептегі мұғалім айтпақшы, «Жасалған жұмысты тексеретін уақыт келді».
Сағат 14:50 болды.Мен қолыма ұялы телефонымды алып, кітапхананың алдында күтіп отырдым.Кенет ол шырылдады.
– Энни, сәлем.Бұл Донхэ ғой.
– Иә, Хэ. Сәлем.
– Тыңдашы, мында бір жарғдай болып қалды.Бір есерсоқ көлігімен үстіме шалшық су шашыратып кетті.
– О, құдайым-ай, – көліктің түсі мен маркасын сұрағым келіп, өзімді зорға ұстадым. – Сенде бәрі дұрыс па?
– Иә, дұрыс, бірақ менің үйге баруым керек.
– Әрине, бастысы ауырып қалма.Көлікке отыра салысымен жылытқышты қосып қой.
– Жарайды.Мүмкін, кешке кездесерміз?
– Иә, мен қарсы емеспін.
– Саған мекен-жайымды смс-пен жіберемін.
Өзімді шопинг терапиямен емдеп, ең қымбат мейрамханадан ас ішіп, он бес минутқа үйге кірдім.Джинсы мен жейде тізеден жоғары келген қара көйлекпен алмастырылды.

– Керемет, – өзіме көңілім толып, кездесуге аттандым.
Жігіттермен жүзеге аспай қалған кездесулерді айтып отырудың мәні жоқ.Бір аптаның ішінде тек Донхэнің пәтерінің сигнализациясы бес рет ойнады, біреу оның әжесінің ауруханаға түсіп қалғанын айтты, көлігінің дөңгелегін ұрлап кетті, ақырында Чеджудегі бір компанияға тәжірибе жинақтаушы болды.Міне, осылайша Донхэнің де жайы тынды.Бірақ іс мұнымен бітпеді.Менің сүйікті даяршым администратор ретінде басқа мейрамханаға, ал көзімді қысып, жымиған жас мұғалім басқа факультетке ауысып кетті.
Бүгін тағы да аяқталмай қалған кездесуден келе жаттым.Бұл жолы кездескен досым Шивонның, спагеттиден іші ауырды.
«Акуна-Матата» деп, бар даусыммен ән айтып, пәтерімді аштым.Бір қадам жасап, тұрған орнымнан қозғалмай қалдым.
– Джои?
Терезенің алдында алты жыл бойы мені аңдыған қорқыныш тұрды…
Алдымда өгей ағам әлемдегі ең құйтырқы күлкімен жымиып тұрды.Әлі де зорлық жасағысы келген адамның жымиысы…

14 бөлім
………..
– Джои?
Аяқтарым еденге жабысып, денем еркіме бағынбай кеткендей болды. Тек миым ғана жылдам қашықтықта жүріп келе жатқан кемедей жұмыс істеп тұрды.
– Мені көргеніңе қуаныштысың ба? – міне, осы жымиыс…мен жек көретін, жиіркенетін адамның жымиысы.
– Шынымды айтсам, таң қалып тұрмын.Қандай шаруамен келдің? – бар күш-жігерімді жұдырығыма жинап, алға қарай қадам жасадым, өйткені шегінерге жол болмады.
Нөмірі бірінші ереже – қарсыласты моральдық тұрғыдан құрту.
– Мен үйленейін деп жатырмын, саған шақыруды жеке өзім әкеліп тастағым келді, – шашымды ұстап, өтірік ыржидым.
– О, құттықтаймын, – қуанғандай кейіп танытып, қолымды создым, іштей бұл айуаннан өлердей қорқып тұрдым. – Кешір, мен мында зиянды әдеттермен айналысып кеттім, – бір қорап шылымды нұсқап, балкон есігінің тұтқасына қолымы создым.
– Балконға шығасың ба? – ағам таң қалып қарады.
Ағамнан бөлек, мен ашық балкондардан қорқатынмын. Биіктіктен емес, тек балкондардан. Таңғы шәйін ішіп отқан адамымыен бірге әлгі балкон құлап кететіндей болатын.Бұл жерде алты жыл өмір сүріп, бұл есікке бірінші рет жақындадым.
– Қорқыныштарымды жеңіп үйреніп жүрмін. Саған атылып жатқан жоқпын ғой! – есікті жылдам ашып, балконға шықтым, Чонунның әлі де болса төменде тұрғанына үміттендім. Ол менің балконнан қорқатынымды білетін. – Осы жерде тұра тұршы, әйтпесе, қорқамын, – ернімді дөңгелете еркелеп, оны балконға шығардым.
– Құшақтай да аламын, – мен келіспейтіндігімді білдіріп, басымды шайқадым.
– Әкем қалай?
– Онымен араласпайсың ба?
– Жоқ, онымен соңғы рет үш жыл бұрын сөйлескем, – төменге қарап, өзіме таныс сұлбаны көрдім.
– Оның жағдайы жақсы, менен немере күтіп жүр.Ал, сені соңғы рет аузына қашан алғанын да білмеймін.
– Мені мұнымен мұқата алмайсың, – қораптан шылымды алдым. – Иә, сонымен неге келдің?
– Тойыма сыйлық алуға, өйткені сенің ол тойға бармайтыныңды білемін.
– Мен сенімен жақындаспаймын.Бес жылда ештеңе өзгерген жоқ, – шылымды тастап, ештеңе болмағандай жылы бөлмеге қайта кірдім.
– Бірақ бір нәрсе өзгерді…бұл жерде сені қорғайтын әкең жоқ, – қатты қолдар иығымды қысты.
– Мен айқайлаймын, – оның қолдарынан босап, атылатын жыландай сөйледім.
– Онда сәттілік…Сенің дыбыс өтпейтін қабырғаңнан даусың қарлығып қалғанын қаласаң.
– Сенімен жақындасқанша, өлгенім артық.
– Енді, бұл сенің таңдауың, – ол жақындай түсті.

Дереу асханаға қашып, тартпадан пышақты алып, ағама қарай кезей бастадым.
– Мұның саған не қажеті бар? Менің саған не керегім бар?
– Спорттық қызығушылық, артық ештеме емес, – өз жемтігіне келе жатқан аңдай жақындай бастады.Қолымдағы пышақ, оның жүрек тұсына тақалды.
– Сенің қолыңнан келмейді, – пышақты мезеді.
– Энни!Аш!Энни! – есіктің соғысы мен Чонунның ашулы айқайы оны елең еткізді, осы сәтті пайдаланып, оны итеріп жібердім.
– Чонун-а! – енді айқайлай бастағаным сол-ақ еді, мықты қолдар мені қабырғаға тақады.
Одан соң бәрі тұман сияқты болып кетті. Йесонның бет-жүзі, айқай, төбелес….менде ауа бар, бірақ демала алмаймын.Лезде,ішіме бірдеңе тигендей болды.Аяғым әлсіз қалып, жерге құлап түстім.
– Адамдар дәл осылай өле ме? – қанға боялған қолдарым мен ішіме тығылған пышақтың сабына қарап сыбдырладым.Көздерім өзінен-өзі жұмыла бастады.
– Балақай, бәрі жақсы болады, – Чонунның даусы…. бірақ мен жауап бере алмаймын, әлім жоқ.
Оның жедел жәрдем шақырып жатқанын, жылап жатқанын,бетімнен сүйіп жатқанын сезіп жатырмын.
– Сені сүйемін, кішкентайым менің…
…одан соң тыныштық…қараңғылық…

15 бөлім. Мәңгілік.
Жаныңа жақын адамдардың көз жасын көру өте қорқынышты, ауыр және мұңды дейді.
Соған қарағанда бұл сөздерді менің жағдайымды түсінбейтін, басымнан өткен жайларды сезінбейтіндер айтқан болу керек…
Міне, осымен екінші күн, бұл өмірдегі менің ең сүйікті, ең жақын адамым жылап отыр. Ал мен ештеңе жасай алмаймын, қозғала да алмаймын. Бірақ ең ауыры оның көз жасына себепкер мен екенімде.
Мен қараңғылықтан шығып, өзіме қайта гөр деген дауысқа ұмтыламын, бірақ денем қозғалар емес, кірпігімді де қозғалта алмаймын.

Йесон, менің сүйіктім…мені күннен күнге тереңге батырып бара жатқан құздан алып шыққан адам осы. Мен бірнеше рет өле бастағам, ал ол болса мені бұл қараңғылықтан алып шығатын.
– Сүйіктім, сені қатты сағындым. Сені әр таң сайын құшақтап, әр сәт сайын сүйіп, өмірімнің әр күнінде саған қарап отырғым келеді. Сен мені жалғыз қалдыра алмайсың. Сенің оған құқығың жоқ. Сен маған уәде бергенсің, екеуміз үнемі бірге боламыз деп серт бергенсің, – өзіме таныс сөздерді қайталап жатты, – Кешір, кешір, маған…, – үстелдің сықыры мен алыстап бара жатқан жүріс менің мүлде жалғыз қалғанымды сездірді. Ішімде бірдеңе қарс айырылып жатты, қайдан екені белгісіз бойыма күш жинала бастағандай болды.
Бейтаныс бір тылсым күш мені шын өмірге итеріп жібергендей болды. Көздерімді ашу қиынға түсті, денем болса мүлде өз иесін тыңдамады. Мен тек оны жоғалтып алатынымды білдім, олай болатын болса, мен несіне жер басып жүремін.
Бір бөлмелі палата өзім жақсы көретін сары раушандарға толы болды. Бірақ, одан басқа түк жоқ. Чонун жоқ. Дірілдеген қолдарыммен тамырыма шанышылған инені алып тастап, қатты ауырғаннан айқайлап жібере жаздададым. Ішім жылдам қозғалыстан жанымды азаптап жіберді. Бірақ менің тұруым керек. Аяғым дірілдеген күйі орнымнан тұрдым. Көзімнен жас еріксіз сырғып, жүре бастадым….
Бес метрдегі қашықтық өмірімдегі ең алынбас қамал болады деп кім ойлаған. Палатаның есігін әрең ашып, пышақ тиген тұсым ауырса да, алға қарай жүрдім…Оны қайтаруым керек…
– Чонун, – айқайлауға тырыссам да дауысым қатты шықпады.
Қорқып кеткен медбикенің көзінен олардың мені күтпегенін білуге болады, дәрігер болса жылдам қасыма жетіп келіп, мені қайтадан кері апарғысы келді.
Күйзеліс кезінде, соңғы демде адамда күш пайда болады дейді. Дәл қазір мен де шымыр денелі дәрігерді итеріп жіберіп, қатты айқайлағыш трубкаға соңғы демімді салып сөйледім:
– Йесон..
Сүйіктімнің есімі аурухана қызметкерлерін ғана емес, емделушілерді де елең еткізді.
– Болды қалқатай, ойнап болған шығарсың, – құлағымның тұсынан өз тілімде сөйлеген дауысты естіп, есім шығып кетті.

– Оны жайына қалдыр, – өзіме сондай таныс дауыс бұлтсыз күндегі найзағай секілді әсер берді. – Мен өзім, – міне өзіме ыстық қолдар мені құшағына қысты.
– Чонун-а, қайтып оралғаның үшін рахмет, – төсегіме қайта жатып, көзіме келген жасты сүрттім.
– О не дегенің? Сен…. Сен менің не айтқанымды естіп жаттың ба?
– Я, екі күн. Сенің даусың мені құтқарды. Жымиғандай болып, жауап бердім.
– Ақымағым сол, мен тек кофе алуға шықтым ғой, сен болсаң мені кетіп қалды деп ойладың ба, – жасымды сүртті.
– Маған не болды? Мен мұнда ұзақ….
– Сен көп қан жоғалттың, саған менің қанымды құйды. Екеумізде де бір топ екен. Сен бізбен он күн болған жоқсың. Бүгін он бірінші күн. Маған сенің оянбауың да мүмкін екендігін айтты. Енді сенде менің бір бөлігім бар, сондықтан сен үнемі менің жанымда болуға міндеттісің.
– Жаным менің, мен сен жоқ әлемде ешқашан өмір сүре алмаймын. Сені өлердей сүйемін. Өткен жолы шатырда айтқандарым үшін кешір, саған деген сезіміме күмән келтірсем кешір.
– Соның арқасында қазір менің кофеханамда Ынхек секілді басқарушы, ал Теджудегі филиалымда Донхэ секілді директор бар. Кейде менің қызғанышымның пайдалы тұстары да бар.
– Енді сен әр жидеңнің бағасы мың доллардан кем түспейтінін және Кореядағы ең үлкен клиниканың бастығы неліктен сенен қорқатынын түсіндіруге тиіссің. Сен кімсің өзі?
– Білгің келетіннің бәрін айтам. Сені ешқашан алдап, өкпелетпеймін. Сол жағдайдан кейін психотеропевтке барып, түсімде келетін өзімнің екінші меніммен көмектесуге көмек сұрадым. Бізде барлығы жақсы болады, бақытты боламыз, саған уәде беремін. Біздің балаларымыз болады…..бесеу, сосын итіміз болады. Сені әрдайым қорғап, қолдап жүремін, – әр саусағымды сүйген ол, ішіндегісін жасырмады.
– Мені үйге алып кетші, бұл жер қорқынышты және ыңғайсыз. Болады ма? – оған жалынған көздеріммен қарадым.
– Канин! – Йесон дауыстады. Мені бағана дәлізде қорқыттан жігіт шыға келді.
– Я, хён, – жігіт маған қарап күліп жымиды, мен болсам, сүйіктіме қорғаныш іздегендей жармасып алдым.
– Бұл…, қорқыныштан кекештеніп, танымайтын жігітті нұсқадым.
– Ой, кешір, ол сені қорқытып жіберді ме? – нәзік қолдар арқамнан сипады. Бұл Канин. Бұл менің жақсы досым әрі осы уақыт аралығында сені қарайлап жүрген оққағар. Сот аяқталмайынша, Канин сенің қасыңда жүреді.
– Сізге бұлай қарағаным үшін кешірім сұраймын, тек сіздің ағылшын тіліңіз….
– Канинді сенің отбасың жіберді деп ойлап қалдың ба? – мен басымды изедім. – Бұл әлемде сені енді ешкім ренжітпейді, мұрнымнан сүйіп, Йесон оққағарға жақындады. – Біз үйге бара жатырмыз, сондықтан дәрігерлерге ескертіп, дәрі-дәрмек, ем жөнінде кеңестерін біліп бер.

– Жарайды. Бүгін онсыз да оның пәтеріндегі соңғы заттарын алып келдік, – есеп бергендей жігіт палатадан шығып кетті.
Спорттық киімдерімді киіп, бетімді үлкен көзілдірікпен жауып алдым. Оның қолдарын ұстамағалы қанша, қазір ол қасымда, денемнің әр бөлшегімен оның жанасуын сезініп келемін.
– Біз қайда барамыз? – көліктің қала сыртына шығып бара жатқандығын көріп, өзімді мазалаған сұрақты қойдым.
– Үйге, – Чонун салмақты жауап берді.
– Ал, толығырақ? Менің пәтерім басқа жақта орналасқан, оның үстіне менде дежавю…, – миымда біздің алғашқы көлікпен келе жатқанымыз және оның салдары келе бастады.
– Сені үйіңе қайтқысы келмейтін шығар деп ойладым, сондықтан сенің тұрғылықты мекеніңді өзгертуге шешім қабылдадым.
– Енді, бәрі сәтті өтті ме?
– Қазір көресің, – қолын тіземнен алып, Йесон көлік қорабынан пультті алды.

Үстін қар басқан үлкен әдемі қоршау. Пультті басқанда қоршау ашылып, көз алдыма әдемі салынған мүсіндер мен фонтан, жан-жағында орындықтар көрінді. Керемет…
– Бұл…
– Біздің үйіміз, сені осы үйдің иесі болады деп үміттенемін.
– Қандай әдемі.
– Сонымен сен келісесің бе?
– Йесон-а, мен сені сүйемін, өте қатты сүйемін. Сенімен кез келген қиыншылықтан өтуге бармын. Тек маған мені тастап кетемін, сенсіз өмірім жақсы болады деп айтпауға уәде бер. Менен қашып, тыңшы болмай, бірден өзіме келіп, өзіңді мазалап жүрген мәселелеріңді бөлісемін деп уәде бер. Егер басқа біреуді сүйіп қалатын болсаң, оны менен жасырма, тек менімен сөйлес…бұл бізге дос боп қалуға мүмкіндік береді…, сөзімді аяқтауға мүмкіндік бермей, мені сүйіп алды.
– Білесің бе, менің жасымдағы адам алғаш рет ғашық болса, бұл мәңгілік…., – мені көтеріп, жаңа үйімізге, жаңа өмірімізге қадам бастық. – Сені сүйемін, сұлуым.

16 бөлім. Менің ең сүйікті құбыжығым…
«Бақытты адамдар сағатқа қарамайды дейді, бұрын мен бұны жоққа шығарар едім…Бес сағат үндемей құшақтасып отыра беру? Жалықтырады және бос уақытыңды текке шашу.
Таңертең тұрып, сүйіктіңді оятып алмау үшін қозғалуға қорқу…және оның әр бөлшегін жатқа танысаң да, талмай қарап отыру. Сенімен барлық сырын бөлісіп, ең асыл армандарын, тілектерін ашып айтса бұл – бақыт. Оған қоса бұл – махаббат.
Білесіздер ме, менің сүйіктім ешқашан сүймеді…жоқ, олай емес…бүкіл өмірімізде ол мені, мен оны сүйетін боламын. Алғашқы махаббат ең таза және шынайы дейді. Шынымен де дәл солай…
Біз ауруханадан шыққаннан кейін, көп уақыт өтті, нақтырақ айтсақ менің өмірім өзгерді. Бұл уақыт аралығында тағы да екі рет ауруханаға жатып шықтым. Бірақ, бұл туралы кейінірек.
Сіздерге де бәрін ретімен білген қызық қой?
Ағамды ондаған сот отырысынан кейін түрмеге қамады. Біз бұдан қорқынышты түс ретінде өтіп кеттік. Бұл туралы тек денемдегі тыртық пен әкемнің ағамды кешіруін өтінген хат қана еске түсіреді. Әкем мені қорқытып, дымсыз қалдыратынын айтты. Бірақ, бұл ең бейшара аргумент болатын, себебі менің күйеуім…
Міне, тағы да алға жылжып кеттім ау деймін. Я, күйеуім. Чонун мені қызы емес, жұбайы ретінде таныстырып жүрді.
Той туралы айтатын болсақ, екеумізде үлкен той болғанын қаламадық. Біз Сеул сыртындағы кішкене шіркеуде некемізді қидық. Енді ол кішкене бала сияқты қуанып, барлығына мені жұбайым, асыл қазынам деп мақтап жүрді.
Өзінің Кореядағы ең үлкен компанияның иесі екенін айтуға қорыққаны әлі есімде. Мені клубта ән айтатын Йесонға ғашық болып қалды деп ойлады. Ал алдымда Чонун – оның атын айтуға сескенетін тұлға. Оны бұқаралық ақпарат құралдары газет беттеріне көп түспейтіндіктен Мистер Икс деп атап кеткен.
Осылайша мен оның қымбат жейделерінің сырын аштым…
Сіздерге оның бұл байлыққа қалай жеткені қызық болар?

Әкесі мұра ретінде қалдырған ақшаға Чонун акциялар сатып алған, одан кейін тағы, тағы…

Білесіздер ме мен өзімді алып қашқан, түнімен жылап, қорқынышты түстерден оянатын жігітті сүйіп қалдым ғой. Оның ақшасы күннен күнге көбейе ме, әлде азая ма, ол мені қызықтырмайды…мен оны әрқашан, мәңгілік сүйетін боламын.

– Жаным, сенің түрің ФБР-дің сайтын бұзып жатқандай болып тұр, – жұбайымның даусы мені бұл әлемге қайта алып келді. Артымнан келіп құшақтады.

– Сенде бәрі дайын ба? – бетінен сүйдім.
– Енді, егер біз бұлай жалғастыра беретін болсақ, бәрін шегеруге тура келеді, – сәл жылжыды. – Ертең қиын болады, бірақ біз бұған бес жыл дайындалдық қой. Бұл компания саған тиесілі, оны сенің анаң құрған, біз енді берілмеуіміз керек.
– Бұл үшін саған рахмет, – орнымды күйеуіме бердім.
– Сенен көптен бері сұрағым келіп жүр еді, сен неге осы жерде жұмыс жасайсың? Сенің өзіңнің кабинетің бар емес пе, оған қоса үйде бос он бөлме бар?
– Мен жазып жатқан кезде, бір өзім қаламын, сен көрші бөлмеде отырсаң да сені сағынамын. Ал бұл жерде сенің иісің, ойың. Ақымақтық я?
– Жоқ, түк те олай емес. Мұндайды бес жыл жұбайлық өмірден кейін есту, ғанибет.
– Сүйем сені, бұлтым, – бетінен сүйіп, жоғарыға, өз бөлмеме кеттім.

Екеуміздің оқиғамызды баян еткен күнделік жазылған ноутбукты алып қойып, гардеробқа бет алдым.

Бүгін бізге достарымыз келетін болды. Оларды күйеуімнің ақ футболкасын киген түрде қарсы алу бір түрлі көрінді.

Ақ түсті шалбар мен ашық түсті жейде киіп, сәл ғана бояу жағып, почтамды тексеруге кірістім. Донхэның жаңа қызметіне келісім-шарт дайын.

Есіктің қоңырауы шырылдады. Қызық, достарымыз кешірек келетін болып еді, оның үстіне олар есік қоңырауын пайдаланбайтын.

Қонақтарды қарсы алуға дайындалып шыққан күйде орнымнан қозғалмай қалдым. Екінші қабаттағы бөлмемнің есігінен төменгі қабат анық көрінетін.

– Сіз ерте келдіңіз. Сізді бүгін көрем деп ойламадым, – күйеуімнің даусы салқынқанды болды.
– Енді, келісім-шартқа қол қойғаннан кейін бірігіп, бір отбасыдай боламыз ғой. Сіздің тамаша отбасыңыз, сұлу жұбайыңыз бар деп естідім.
– Я, мен өте бақыттымын, бірақ сізді өз ортама қосатын ойым жоқ. Сіз тек менің компаниямның көптеген филиалдарының қатарына кіресіз. Оның директорын өзім сайлап, өзім шығарып жібере аламын.
– Әрине, бірақ екеуміз ұрсыспайтын шығармыз.
– Жоқ. Менің қолымда сіздің компанияңыздың акция пакеті бар және бірігу – сіздің тығырықтан шығар жалғыз жолыңыз.
– Дайын, – қонақ қол қойылған келісім-шартты ұсынды. Мен болсам ертеңгі күнге дайындап қойған сөзімді күтіп отырдым.

– Ағылшын бөлімімен менің жұбайым айналысады.
– Олай болса, біздің танысып, бұны атап өткеніміз жөн болар, – қонақ мәз болып, қолын созды.
– Сүйіктім, – Йесонның даусы үйге тарады.

Терең тыныстап, жұдырығымды мықтап түйіп, төмен түсе бастадым.
– Танысып қойыңыздар, бұл менің жұбайым, бірақ…сіздерді таныстырмасам да болар, – Йесон менің жаныма жақындап, белімнен құшақтады.
– Сәлеметсің бе, әке. Көріспегелі көп болды, – ақсүйектердің күлкісімен жымидым, ішім болса алай-дүлей болып жатты.
– Энни? Құдайым-ау, бұл шынымен сен бе? – таң қалған әкемнің көзқарасы күлкімді келтірді. Себебі осы адам, маған ешқашан бақытты болмайсың деген.
– Әрине, осыншама жылдардың ішінде жалғыз балаңның түрін ұмытып қалу мүмкін екен. Бірақ, бұның мен үшін маңызы жоқ, – мені сыртқы есіктен шыққан дүрсіл бөліп жіберді.
– Бұл біз, – достарымыздың даусы шықты. – Асқабақ, сен нақұрыссың. Саған пәтерді қызғылт түске боямаймыз деп қанша рет айтамын.
– Бірақ, Кю-а, – бес жасар бала сияқты ішке кіре бастады.
– Ой, – екеуі де бірдей дауыстады,- кешіріңдер сендердің кездесулерің бар екенін білмедік, – Мин қобалжып кетті.
– Барлығы жақсы, – достарыма жақындап екеуін құшақтадым. – Бұл тек компания қызметкерлерінің бірі, ол қазір кетеді.
– Минни аға, – екінші қабаттан екі періште қарап тұрды. Бес жасар ұл бала, біз оны Реук деп атадық және оның бір жылдан кейін дүниеге келген қарындасы Мина.
– Мама, – қызым еденге отырып, ағасының футболкасын түрте бастады.
– Вукки, Мина, – менің алдымды орап, КюМиндер өз өкіл балаларына жүгірді.
– Бұл сенің балаларың ба? – таңданған әкем қозғала алмай, көзін немерелерінен ала алмады.
– Біздің балаларымыз, – күйеуімнің қолынан қысып алдым. – Бүгіндікке бітірдік деп ойлаймын. Жақын арада сізге үйрететін адам жіберемін. Осымен қоштасайық, – әкеме осы сөздерді айтып, балалар бөлмесіне қарай бардым.

Вуккидің Сонминнің томпақ беттерін шымшып жатқанын көріп, күлкіден жарыла жаздадым.Күлкіммен бірге өкпе мен ызаның жастары шығып жатты.
– Жаным, қалайсың? – Йесон мені сұрақтың астына алмай, бөлмеден алып кетті.
– Маған сондай ауыр, міне мына жерім, – қолыммен жүрек тұсымды көрсеттім.
– Білесің бе, маған да ауыр, – түсінбей Йесонға қарадым. – Сенің есіңде емес пе…бір өмір, бір махаббат екеумізге ортақ..және ауырғаның, екеуміз үнемі теңдей бөлетін боламыз. Сені жанымнан артық сүйемін. Саған бала кезіңде сыйламаған махаббатты бере алмасам да, бұл сені уайымға түсіреді деп ойламаймын.
– Рахмет, – сәл ғана сыбырладым.
– Ақымағым, маған несіне алғыс айтасың?
– Мені алып қашып кеткенің үшін рахмет айтамын, менің ең сүйікті құбыжығым…

Махаббат – адамның басқа адамды бақытты қыламын деген есті таңдауы.
Өмірлікке таңдайсың: «Міне, осы адамды сүйетін боламын. Ол әр түрлі болады, мені ашуландырады, түсінбейді. Ол іштей де, сырттай да қатты өзгеруі мүмкін. Ол қазіргідей болмайды. Сондай әдемі, ақылды, өз-өзіне сенімді. Арасында ашулы». «Бірақ мен сонда да оның бақытты болғанын қатты қалаймын! Ол үшін маған көп күш жұмсау керек. Онымен бірге болу үшін, оны қорғау үшін. Өйткені, некенің мәні осында: бір-біріңді өмір бақи қорғау.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s