Біз туралы

Сайт корей сериалдарын, музыкаларын жақсы көретін көрермендерге арналады. Сайтта корей сериалдары, актерлары, әншілері мен теле-шоулары жайлы ақпараттар, жаңалықтар болады. Сонымен қатар жапондық өнер майталмандары жайлы да сөз қозғалады.

Қандай да бір өтініштеріңіз болса осы жерге қалдырыңыздар, мүмкіндігінше ақпарат беруге тырысамыз.

http://www.vk.com/koreanfanatik

90 thoughts on “Біз туралы

  1. Оһо, құтты болсын! Өте бір қызық блог болатын тәрізді. Маған “Hello, God” деген бір киносы қатты әсер етіп еді. Шынымен корей кинолары қазір әлем көрермендерінің жүрегінен орын тауып жатыр. Блогыңа сәттілік тілеймін!

    • Бұрын Қазақтар кәріс десе, қашатын. Ит жейтін халықпен аралас құралас болудан қашатын. Енді кәріс киноларының әсерінен, ит түгіл адам жесе де, сол корейдің жігіті бар, қызы бар, құшағына еніп кетуге әзір. Мына сздің блогыңыз да осы бір ит етін сүйсініп жейтін, ділі бөлек, пұтқа табынған ұлт пен біздің ұлтты жақындастырып жатқаны тым өкінішті…

      • Адамдарды кәпір-мұсылман, ит жегіш-балық жегіш, түсі бөлек-орны бөлек деп бөлініп отыратындардан Құдай сақтасын!

      • Негізі Анар ханым. Мен осы жігіттің айтқанына қосыламын. Бірақ, сіздің блогыңыз жаман деген айда емеспін. Блогыңыз өте керемет. Өкініштісі қысық көздерді құрмет тұтатындардың көп екендігі менің жаныма батады

      • Олардың өнерін барлық елде бағалайды. Осы “K-pop әлемді жаулауда” деген тақырыбымды оқыған болсаңыз, бүткіл әлемде көп жанкүйерлері бар. Интернетте әр тілде бірнеше сайттар ашылады, тіпті қысық көздерді жақтырмайтын Ресейліктердің өздері Корея мәдениетімен аса қызығушылық білдіріп, күнделікті жаңалықтарын жазып отырады.
        Ал қазақша бірде-бір сайт жоқ, өйткені сол ресейліктердің, немесе осы біздегі шала-қазақтардың аудармасына жүгінуге мәжбүрміз.
        Өнерде – ұлт жоқ! Әр ұлттың жақсысы да, жаманы да болады. Және адамдар да әртүрлі. Біреусіне осы қызық болса, біреусіне тіптен қызық емес, сәйкесінше ол итальян музыкасымен “ауруы” мүмкін.
        Бос кеудені ұрғылай бергенді қояйықшы, ағайын! Одан да пайдалы істермен айналысқан жөн.

  2. Құтты болсын! Блогтың өмірі ұзағынан болсын!
    Зере мені “Боевые ангелы” фильміндегі әртістер жайлы ақпарат қызықтырады, мүмкін болса ақпар тауып қалсаң осында ілші. Алдын ала рахмет!

  3. Тағы бір өтініш, Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея тұрғындары арасындағы сөйлеу ерекшеліктері туралы жазсаңдар рақат үстіне дариға болар еді. Сосын Солтүстік Кореяның ядролық стратегиясынан материалдар болса, осында салып тұрыңдарш.
    ық-ық.

  4. Құтты болсын! Корей киноларын кормеппін, бірақ осы блог арқылы мейлінше толық мағлұмат аламын деген ойдамын. (Қыздарына ғашық боп калып жүрмесек болды).

  5. Мен өз басымсериал карай бермеймін. Дегенмен, тек уяндық пен шынайы махабатты (өмірде рас болса) насихаттайтын керей сералдарын карап коямын анда-санда… Жаксы туынды жан жадыратады, бірак керей сериалдары адамды жылауык, ез кылып жіберетін сиякты… Қалжың, бірак рас айтам

  6. салеметсиздерме мен сиздердин сайттарынызды корип куанып калдым мумкиндик болса маган Айрис теле сериалдың толық сериясын бере аласыздарма отиниш!

  7. Нурболат, бізде толық сериясы ешкімде жоқ. Интернет тегін болса интернеттен көшіріп алсаң болады.
    Көк базарда сатып жатыр пираттық дискілерді. Сол жақтан сатып алуыңа да болады.

  8. Блогыңыз құтты болсын тамаша екен, корей сериялдарын менде ұнатамын, қазақ тіліне қосқан көмегіңіз үшін рахмет айтамын

  9. Барлығыңа сәлеем. блогың маған сондааай ұнайды. Жазбаларыңды қалт жібермей оқып тұрамын. Қазір қарап жүрмін My Girlfriend is a Nine Tailed Fox Korean dramaсы. Azyrge ali bitirmedim sonyn koruge asykpyn. Sagan da harauga kenes berem.

  10. Сериал атаулыны көрмеуші едім. Кәріс сериалдарынан Ва-банк ең алғаш сериал көруге жетеледі. Қызығып көрдім. Қазір де телеарналарда жүріп жатқан сериалдарға үзіп-үзіп көз салам. Онда да осы кәріс сериалдарына. Кәріс сериалдарының басқа елдердің сериалдарынан айырмашылығы көп сияқты. Тәрбиелік мәні жағынан, режиссерлік, актерлік шеберлігі жағынан. Айтпақшы , блогыңыз керемет. Жиі оқып тұратын боламыз.

  11. мен бұндай сайттын барына куандым. Тіркелгім келді, ағылшынша бірақта қиындық тудырды. казакша тіркелуге жолы бар ма?

  12. Қарлығаш, қай сайтты айтып тұрғаныңызды түсінбедім. Егер менің блогымды айтып жатсаныз, мұнда тіркелу қажет емес. Тек есіміңіз бен поштаңызды жазып, пікір қалдырасыз.

  13. Менде кәріс сериалдарына фанатикпін.🙂 Тек мумкіншілігім молдау болғанда(яғни,компьютерімде бос орын көптеу болғанда), молынан көре берер едім, жалықпаймын.

  14. Мен де соңғы кезде кәрей фильмдерінің фанаты болып кеттім. Компьютерде кәрей фильмдерінен басқа фильмдер жоқ. Айдың басында 15 гБ трафикті жеп қойып, бүкіл ай бойы Өлеусіреген интернетпен отыратын болдым. )) Бір сериалды соңына дейін кәшәйттап бола алмай жатырмын. 전우 / Comrades / Жолдастар деген. 1950 жылдардағы Солтүстік пен Оңтүстік Кореяның арасындағы соғыстағы солдаттар арасындағы нағыз достық жайлы сериал. Рекоменд жасаймын.

  15. Бұл сайт тек қана сериалдар жайлы ма? Кәріс фильмдері туралы да жазылса керемет болып кетер еді. Мен өзім сералдардын гөрі кәріс фильмдерін көп көремін. Кәрістер фильмдерді де өте жақсы түсіреді. Қыздарға өзім көрген фильмдерден мыналарды рекоменд жасар едім.

    The Classic (클래식) http://www.youtube.com/watch?v=EOZWxGbQlzY
    Windstruck (내 여자 친구를 소개합니다) http://www.youtube.com/watch?v=B5BqUquq0jU және http://www.youtube.com/watch?v=VL1LOZKeikw&feature=related

    • Айдос, мен бір екі фильм қараған едім. Сол енді фильмдерге “плотно отыра” алмай жүрмін )))) Ал бірақ сериалдардан кем түсірмейтіндеріне сенімдімін.

  16. Баринизге улкен СаЛеМ. Маган блок оте катты унады. Мен корей сериялдарынын фонатымын. Маган асиресе актерлер мен актрисалар унайды.

  17. Осы кәрістің сериалдары бізді несімен жаулап алды? Көрейін десем мені біртүрлі тартпайды. Әлде, мен тек шындыққа қараймын ба? :))))))))

  18. Сәлем корей дорамаларының фанаттарына
    Қазақша ашқандарыңыз жақсы екен, рахмет
    Мен сіздерге көруге мына кинолар мен сериалды ұсынамын
    “К Востоку от рая”, “Человек из ниоткуда”

  19. привет koreanfanatik маган озіннің емайл адресинди менин почтама жолдауынды сураймын сенимен жакын таныскым келеди

  20. барине салем. Мен билгим келгени бул блогка калай тиркелуге болады?Кеше тиркелейн деп карап едим 17$ жылына деп тур. Алде мен баска жерге кирип койдым ба? Осы сурагыма жауап берсен алгысым шексиз болар еди фанатик.

  21. Салем koreanfanatik “IRIS” сериалын унатып калдым. ол аяксыз біткен сиакты маған. сол сериалдың жалғасы бар ма?

  22. Сәлем “Жігіттің сарбаздары” сериалында бір жігіт ОТБАСЫ туралы телешоу жүргізеді деп едің сол кім және оны калай көрсе болады? ссылкасын жазып жібересінбе?

  23. Мен бос кеудемді ұрғылап жатқаным жоқ. Менің айтып жатқаным өзіміздің елдегі мықты деген таланттарымыз еленбей жатқанда шет елдің ортаңқолдарына аузымыздың суы құрып, иығына шекпен жауып жатқанымыздың дұрыс еместігі. Қазақша бірде-бір сайт жоқ дейсіз, Ал, қазақ елінің өнері туралы жақсы бір сайт бар ма? Мен көрмедім. Көрсеңіз сілтеме бере салыңызшы қиын болмаса. Сосын, мен сіздің блогты жамандап жатқаным жоқ, қаламыңыз мұқалмасын.
    Сіздің корей тілін меңгеріп, сол елге қызығушылығыңызды құрмет тұтамын. Мені өкіндіретін өзімізді өзіміз оңдыра алмай жүріп, өзгені не қыламыз? Рас, өнерде ұлт жоқ. Бірақ, өнерліде ұлт бар. Сіз көріп жүрген көрей фильмдері мен сериалдарынан көрей ұлтының рух аңқып тұрған жоқ па? Ал, соны көрген біздің бүлдіршіндер не Жумонг, не Ким Чанди болғысы келеді. Айтыңызшы, Қаракерей Қабанбай, Еңсегей бойлы Едіге болғысы келіп жүрген қазақ балаларын көрдіңіз бе? жо-жоқ мен сіздің мұның бәрі үшін кінәләп отырғаным жоқ. Бұны жазған себебім өз пікірімнің дұрыстығын дәлелдеу еді. Флуд үшін кешірім сұраймын

    • Абай, блог деген әр адамның жеке бұрышы. Өзі не жағысы келеді, соны жазады. Өзіңе сол Қазақ өнерін көтеретін неге блог бастамасқа? Кім кедергі?
      Менің блогыма күніне 500-ге жуық адам кіреді, яғни оларға осы қызықты болып тұр. Мәлімет іздейді. Ал сол мәліметтерді қазақша бере алмасақ, олар орысша сайттарға баратын еді.
      Қазақ блогосферасына, соның ішінде қазақ поэзиясына арнаған 3 жылым бар. Ешкімге ештеме міндетті емеспін.

      • О Аллаһ, Аллаһ! Сізге мен ойымды жеткізе алмадым. Не сіз дұрыс түсінбедіңіз.
        Сосын менің жазған комментіме жау көрген кірпідей жиырылып, атылып кетуге дайын тұрғаныңыз таң қалдырып тұр мені.
        ощм менің комментерімнің бәрін өшіріп, мені игнор жасай салыңызшы ойымды дұрыс түсінбесеңіз.

      • Түсіндім сізді. Жалпы солай ойлайтындар көп, үстідегі QWERTY-дің комментіндей. Осыншама еңбектеніп, қазақшаға аударып, түсінікті болсын деп тырысып жатқанда аяқтан шалып жатқаны жаман екенін білсеңіз ғой.
        Бұл кәрістер осы интернеттен-ақ жетістікке жетті, ютубта өз каналдарын ашып, басқа да сайттарын ашып елге танымал бола білді. Біздің қазақ өнерпаздары да осыдан неге бастамайды? Сол кезде оларды тыңдаушылар, жалпы оларға жақындай түсер едік. Оларды қайтадан кемсіткім келмейді, жәй ғана бәрі еңбектенсе елдер өзінен-өзі-ақ тартылады, өнерлерін бағалай бастайды.
        Блогты оқып жүргендер көрген шығар, мен әдейі үйренер жерлерін көп жазамын, ішімде осындайға жетсек қой, осындай бізде де болса ғой деген арман жатады. Ақиқат – салыстырудан туындайды.

  24. Сізді дұрыс түсінемін. Ердей болып бір нәрсе жазсаң біреулер жақтырмаса көңілге қаяу түсіреді. Айып етпеңіз мен тым қызбалыққа салынып кетіппін. Жақында ғана бір қазақ қызын бір кәрістің құшағынан көрдім. Соған нервім көтеріліп, ашуымды сізге төгіппін. Сорри ол үшін.

    • Әр адамның өз жолы, өз тағдыры бар ғой. Таңдағаны басқа ұлттан болса, сонымен бақытты болса оларға үкім айтатындай біз ешкім емеспіз. Әр адам тек Құдай алдында жауап береді деп есептеймін, сын айтуға біздің еш қақымыз жоқ. Толығымен оффтоп жасап кеттік. Жалпы пікірлеріңе рахмет!

  25. Абай Отар сен де сойлей береді екенсін бос сөзді көбейтіп! тіл мен жагына сүйенбей сен бірінші болып ашсаншы сол сайтты! Өшінді біреуден алмай!

  26. Шынымды айтайын. Корейден ҮРЕЙ көріп тұрғаным жоқ. Бірақ фанат болатындай мысы мықты, өресі, өнері асып бара жатқаны да шамалы. Клиптерін көріп жүрміз ғой, тыртиып бірдеме киіп алады ер жігіттері. Сосын Көрейліктер дәл біз сияқты еліктегіш халық қой… Кезінде оларда АҚШ-қа дәл біздей фанат болыпты. АҚШ фильмі арқылы дәстүрін, соңыра дінін насихат еткен гой. Қазір қалай?! 60 пайызы кәрістің христиан… Енді кезек алмасып, кәрісің бізге сол мәдени экспансия бастамады ма дейм да…карапайым фильмдері аркылы ак христиан дуниетанымын сыналап кіргізеді..тем более азиаттар олар. Түсінік уксастау..сол алсіз тусты тауып алса, ертен-ак сол кәрістін кейпін кимейміз бе дейм

  27. Жақсыны жақсы, жаманды жаман деп айту керек. Корей сериалдары батыстікінен горі бізге жакындау. Бірак оган фанат болудын каншалыкты реті бар екен. Корей экспанциясы өте сауатты түрде, біз байқамайтын дәрежеде жүзеге асып келе жатыр. Жер-көктің бәрі корей. Тамсанып көз жұма бермей, сергек карау керек секілді.

  28. А айтпақшы…. Кәрістердің киносы, клипі арқылы сол ұлтқа лояльный боламыз. яғни равнодушие орын алады кеуде де…и что дейсіз ғо?! шо мәселе мынада да.. Көрейге көз үйреткесін…арғы беттен корей миссионерлер келеді. Рас айтам..қазір христиандықты насихаттап жүргеннің көбісі кәріс…. А Кореан фанатик өзіңізде бәлкім білмейтін боларсыз, бірақ сізде бір кісідей корейге, оның мәдениетін қазақ бойға сіңіруіне көмек етіп жатырсыз!!!
    деп ойлаймын әрине!!! Әркім өз ойнда қалады. бірақ біздікі басқада ойпайым барын байқату….

  29. кәрістерің жеркенішті халық емес пе? беттерін бояп алған жігіттеріне өліп-өшіп жүрген сендерде ес жоқ! осындай қазақтың қыздарынан шығып жатыр барлық ұятсыздық. әкелеріңнен ұялыңдар ең болмаса

    • Олай қатты кетпеңіз! Ондай ештемесі де жоқ. Бұл пікіріңізден біздің көзқарасымыз өзгеріп қалады десеңіз, қатты қателесесіз. Ұятты ешнәрсе көріп тұрғаным жоқ, Әкемнен не үшін ұялуым керек? Әкем де, ағаларым да біледі оларға фанат екенімді. Әркім өзіне байланысты, әр елге қызығып, салтын, дәстүрін, тілін білсең меніңше, артықтық етпейді. Өзім үшін жауап бердім.

      • Еркерай, мән берме. Қандай бір істі бастасаң, қолдайтындармен қатар, міндетті түрде қолдамайтындар да табылады. Тем более басқа бір елдің мәдениетін дәріптесең, ұнағанын айтсаң, қызғанады. Ол қалыпты жағдай. Не ойласа да өздері білсін. Ит үреді – керуен көшеді. )

  30. Ешкім ешкімді аяқтан шалып жатқан жоқ.
    Әрине не жазуды таңдауда талас жоқ.
    Бірақ әйтеуір қауіпті осы бір тенденцияға сіздің блогыңыз сеп боп кетпесін жеп жатырм да.

  31. фанатик деген не мағына береді?! Ессіз еру, көзсіз сүйсіну дегенді ме?!
    Мәселен..сіз корей киносын, соңыра корейдің түрі бар бүкіл дүниені тамаша дейтін күйге түсесіз. Мәдениеті қаттырақ ұнайды.. Бірінші тамақ жасайсыз сол кәрістің… соңыра дүниетанымын өз өміріне тарқатуға тырысаасың…корни спустить дейді го…
    ең соңғысы кәріс ұлтын бір кісідей сүйген кезде сізге миссионер келеді… Аңдамайда қаласыз қалай просто протестант болғаныңызды…
    Әрине таңдау өзіңдікі… егер расымен менікі жай еліктеу емес, блог аштым себебі басқамен де бөлісу үшін десең, патик айтпақщы саясатын, қос корейдің қазіргі ахуалын айта отыршы?! жарай ма…сондайда бір жақсы жаңалық оқығымыз келеді….
    Салемнен “Ва Банк”-ті қатты жақсы коріп, Мин Су ЕН-ді есінен зорга шыгарган “5” деген бауырың!!!!

  32. мен корей сериалдарын жане аншилерин катты жаксы корем казакша осындай сайт ашкандарынызга рахмет колым тисе унеми осы сайтка кирер едим

  33. жұрт не десе де о десін бірақ мына қызықты сайт үшін көп рахмет, оған қоса таза қазақша екен!!! жалпы қазір шетелдің бытық-шытықтарынан гөрі осы корейлердің қазақи сериалдары артық, тіпті мына көршілес түріктерді де мың мәрте басып озады. Саған тек сәттілік!!!!

  34. Салем!Блог өте жақсы екен,дами беріңіздер,қазақ тілінде болғаны қуантады!Мен Корей елінің мәдениеті мен тарихын оқығанды ұнатамын,аздап тіл білемін.Әсіресе к-попты тыңдағанды жақсы көремін,After school тобын сайттың безендірілуінен көргенде таңырқадым.Жалпы к-поп әншілерің музыкалық сапасы өте керемет,бізде неге олай емес деп өкініп қаламыз.Жақында өткен Бірінші Халықаралық к-поп күнінде Алматы қаласы Ресей қалаларын артта қалдырып,бірінші орынға ие болды!Енді Астана қаласында флешмоб болғалы жатыр.Яғни біздің жастар өздеріне дұрыс ермек тапты деп ойлаймын.
    Өзіме келетін болсақ,мен Big Bang,2NE1,FTIsland,2PM,2am,және басқа да топтарды жақсы көремін.Сонымен қатар дорамаларды өте көп көремін,қазір Посейдон деген сериалды көрейін деп жүрмін.Біздің телеарналар жақсы сериалдарды сатып алып жатқаны қуантады.Сонымен қатар Таинственный сад(2010),Городской охотник(2011),Защити
    босса(2011),Госпожа президент(2010) және т.б сериалдарды сатып алса нұр үстіне нұр болар еді.Бұл сериалдарың рейтингтары жоғары болып,жыл соңында марапаттарға көп ие болған.Өзім көргендіктен барлығына көруге кеңес беремін.
    Сайтқа кейінірек тағы кіріп отырамын!

    • Рахмет! Өзің сияқты корейсүйер азаматтар блогыма келіп, пікір жазатыны мені қуантады. Өйткені көбі сыртынан қарап, шығып кеткенді жөн көреді. Сол үшін үлкен рахмет саған! ) Флешмоб туралы естігенмін, қыздар молодцы! Менің ойымша олардың ең жақсы жақтарын алуымыз керек, үйренуіміз керек деп ойлаймын. Егер қандай да бір жобаларың болса, мысалы клиптерді қазақ тіліне аудару және сериалдарға рецензия жаза алсаң, маған жіберсең болады. Біріге көтерген жүк жеңіл демекші. ) akzere@gmail.com

  35. Салем!Рахмет!Рецензия жаза аламын,ал аударуға келетін болсақ,оған тайминг,редактирование жасап үйрену қажет,оған дәл қазір уақыт бола бермейді((((сабақ уақыты болғандықтан…жексенбі күндері рецензия жазып жіберіп көрейін))

  36. салем мен ушун казакша бетин ашылганына куаныштымын. Оз тилинде болганга не жетсин . Саган рахмет. Менде корей сериалдарын коп караймын олардын маган улкендерди сыилайтындыгы олага карап отырсан барин унемдеуди корсетеди.

  37. Менiң жалпы Корея актерлары жайлы бiлгiм келедi. Корей киноларының барлығы Сеуiлде түсiрлеме? Киноға түскендердiн барлығы шынайы актерлар ма? Әлде халық арасынан таңдалып алынған ба? Олардың мiнездерi қаншаліқты шынайы. Маған “ТАҒДЫР ТАЛҚЫСЫ” деген кино ұнады. Жалпы көптеген кинолар ұнайды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s