Қандай тілегіңіз бар?..

Осы уақытқа дейін Қазақстан телеарналары біраз корей сериалдарын көрсетті. Бұрынырақта көрген сериалдарды сағынышпен еске алып отырамыз. Қазіргілер де артық болмаса – кем емес. Сіздерге сұрақ, жалпы қай сериалдарды қайтадан көргіңіз келеді? Тек қазақ тілінде. Немесе болашақта қазақ тілінде қай сериалдарды ұсынасыз? Егер мүмкіндік туып жатса қазақ тіліне аудару ойда бар. Сондықтан өз ойларыңызды білдірсеңіздер. Алдын-ала рахмет!

Сарбаздарда не жаңалық?

Біздің елге танымал төртеу: Ли Мин Хо (Lee Min Ho), Ким Хёң Чжун (Kim Hyun-joong), Ким Бом (Kim Bom) мен Ким Чжун (Kim Joong) жайлы жаңалықтарға арнағалы отырмын.

Таяуда ғана қыз іздеп жүрген Ли Мин Хо соңғы сериалда бірге түскен Пак Мин Ён-мен (Park Min Young) кездесіп жүр деген хабар тарады. Бұны олардың агенттіктері де растапты. Бұрыннан таныс болғандарына қарамастан, екеудің сезімі соңғы «Қала тыңшысы» дорамасында өрбіген ұқсайды. Қазір бұл жұп ең ыстық жұп саналуда. Ғашықтарға тек бақыт тілейміз! )

Continue reading

Аударма-3. SS501 – Because i’m stupid

Осы әнді аудару менің арманым болып жүрген. “Жігіттің сарбаздарын” көрген сәттен осы әнге ғашық болдым. Былай қарап тұрсаң жәй попсовый ән болғанымен музыкасы жағынан тартымды болып келеді. Адамды баурап алады.

Қазақшаға аударған Айжанға тағы да рахмет. Бұл жолы субтитрларды әрлеуде жолым болмады. Жалпы сәндеген болдым, алайда конвертация кезінде неге екені қызыл түске айналып кете берді, бәлкім алдыңғы орысша субтитрларда бірдеме қосып қойған ба, түсіне алмай-ақ қойдым. Continue reading

Lee Min Jung (Ли Мин Чжун)

Осы актриса бізге «Жігіттің сарбаздарынан» таныс қой. Сол уақытта осы қызды неге Чан Дидің рөліне алмады дегендер көп болды. Өйткені әдемілігімен баршамызды тәнтті еткені рас.

Continue reading

Астаналықтардың назарына!

2011 жылы 5 мамыр күні Корея Республикасының Қазақстандағы жылына байланысты Астана қаласына Сон Иль Гук (актер, «Ханзада Жумонг»), «T-Max» тобы, Со Ын Ён (әнші, «Прости я люблю тебя» сериалына ән жазған), JQT (қыздар тобы), «Чонгдонг» театр тураппасы қонақ болып келмекші екен. Концерт «Қазақстан» концерт залында өтеді, басталуы 18:30. Қазіргі ақпараттарым бойынша кіру – тегін. Бірақ алдын-ала Корей мәдениет орталығының әкімшілігіне хабарласып, орын тағайындап алу керек сияқты. Телефоны: 90-11-13. Continue reading

“Маған тек махаббат керек еді…”

«Жігіттің сарбаздарын» (“Лучшие парни”, “Boys over flowers”) біздің елдің 50 пайызы көрген шығар. Басынан бастап болмаса да, әйтеуір кәрістердің шырттай киініп алып, теледидар жаулап жатқанына құлағдар. Осы сериалды мен «Ел Арнадан» қаншама рет қайталаса да толық көре алмай жүргем. Бір күні жұмыстар шығып қалады, бір күні «свиданиеге» барасың деген сияқты…)

Осы жақында көрген адамдармен «в теме» жүрейін деп, интернеттен бәрін көшіріп алып, басынан-аяқ қарап шықтым. Бір сөзбен айтқанда – Ұнады! Әттең, студент кезімде, жоқ… cол бір махаббатқа қайғырған уақыттарымда көрсем-ші деген ойлар келді. Онда мен осы сериалдың №1 фанаттарының арасынан табылар едім.

Continue reading

Ли Мин Хо қыз іздеп жүр

Ли Мин Хоға ғашық қыздар, сапқа тұрыңдар!!! ))

Жақында Ли Мин Хо өзінің жеке өмірінен кішкене ғана сыр шертіпті. 15 қаңтарда өткен «Entertainment Weekly» бағдарламасындағы сұхбатта репортер: «Қызың болғанын қаламайсың ба?» деп сұрақ қояды. Бұған Мин Хо: «Мен кездесулерге барғым-ақ келеді, бірақ оған мүмкіндік табыла бермейді. Мен әркез бір ғана адамдармен кездесемін, сондықтан жаңа адам кездестіру мүмкіндігі де аз».

Continue reading

«Күйеуге шыққым келеді»

Міне, осындай батыл лозунгпен 2010 жылы Корей режиссерлары әлемге тағы бір сериал сыйлады. Әрине, кәмелеттік жастан өтіп, білім алған соң, әрбір қыз баласының алға қояр мақсаты отбасын құрып, ана болу. Бізде ғана емес, бүткіл әлемде көпшілік осы жоспарлармен өмір сүреді. «City Lovers/Still, Marry Me» атпен аталған сериал жастары орда бұзар 30-дан асса да әлі теңін таппаған үш құрбы жайлы сыр шертеді.

Continue reading

“Махаббат жасқа қарамайды”

Байқадыңыздар ма, корей дорамаларында актерлердің сол уақытта ойнап жатқан кейіпкерлерінің жастарымен көбіне сәйкес келмейді. Жалпы сәйкес келсе де өте жас көрінеді.

Мысалы, бәрімізге танымал «Жігіттің сарбаздары» сериалында ең басты рөлде ойнаған актерлер бір-бірімен жасты емес. Мысалы, Ку Чен Пе болып ойнаған Ли Мин Хо 1987 жылғы, Чи Ху, а ля Ким Хён Чжун – 1986 жылғы, бәріне ұнайтын И Чжон, яғни Ким Бом – 1989 жылғы болса төртінші дос болып ойнайтын Ким Чжун тіптен 1984 жылғы. Ким Чжун, ең басты рөлде Чан Диді ойнаған Ким Хё Сонмен жасты.

Continue reading

«Жас жұбайлар» реалити-шоу

«Жігіттің сарбаздарын» жазып, блогтың рейтінгісін көтермесе болмайтын сияқты.)) Алдында Көк базар жақтан өтіп бара жатсам, осы сериалдың плакаттарын іліп тастапты, бәрін 200 теңгеден сатып жатыр. Суретке түсіріп алу керек еді, кейін ойға түсті.

Негізі сериал жайлы емес, сол жердегі актер Ким Хён Чжун жайлы сөз қозғағым келеді. Сериалды көрген кезде ол маған онша ұнамаған болатын. Біртүрлі қызға ұқсайды, сосын біраз әлжуаз көрінді )) Кейін «Жас жұбайлар» («We’ve got married» «Молодожены») Реалити-шоуда көріп, қазір ұнатып жүрмін. Көрген сайын оның приколдарына жатып қаламын. Шынымен өте прикольщик жігіт екен. Шығармайтын нәрсесі, айтпайтыны жоқ. Манганы жақсы көреді екен, қайда жүрсе бір қора манга кітаптарын өзімен бірге алып жүреді. Бұл реалити-шоуда көрерменге ойнаса да, көбіне өз болмысында жүреді ғой. Сол себептен өмірдегі Ким Хён Чжун маған көбірек ұнайды екен. Және де бұл шоуда ол біраз денелі, келбетті көрінеді.

Continue reading