Сарбаздарда не жаңалық?

Біздің елге танымал төртеу: Ли Мин Хо (Lee Min Ho), Ким Хёң Чжун (Kim Hyun-joong), Ким Бом (Kim Bom) мен Ким Чжун (Kim Joong) жайлы жаңалықтарға арнағалы отырмын.

Таяуда ғана қыз іздеп жүрген Ли Мин Хо соңғы сериалда бірге түскен Пак Мин Ён-мен (Park Min Young) кездесіп жүр деген хабар тарады. Бұны олардың агенттіктері де растапты. Бұрыннан таныс болғандарына қарамастан, екеудің сезімі соңғы «Қала тыңшысы» дорамасында өрбіген ұқсайды. Қазір бұл жұп ең ыстық жұп саналуда. Ғашықтарға тек бақыт тілейміз! )

Continue reading

Пак Мин Ён, Big Bang және т.б.

Пак Мин Ён-ді (Park Min Young) ең алғаш «Sungkyunkwan Scandal» («Скандал в Сонгюнгване») дорамасынан көрдім. Өте қатты ұнаған еді. Түрі бір қуыршақтың түріндей, сондай нәзік, көркем, сұлу… очм, оның сұлулығын жеткізетін эпитет жетпейді. Осы сериалдағы ойынынан кейін ол көптеген жарнамаларда түсіп, жақсы танымал болып кетті. Маған Микки Ючун екеуінің жұбы қатты ұнаған еді. Маған ғана емес, 2010 KBS Drama Awards бойынша екеуі «Ең үздік жұп» номинациясын ұтып алған.

Continue reading

Ли Мин Хо қыз іздеп жүр

Ли Мин Хоға ғашық қыздар, сапқа тұрыңдар!!! ))

Жақында Ли Мин Хо өзінің жеке өмірінен кішкене ғана сыр шертіпті. 15 қаңтарда өткен «Entertainment Weekly» бағдарламасындағы сұхбатта репортер: «Қызың болғанын қаламайсың ба?» деп сұрақ қояды. Бұған Мин Хо: «Мен кездесулерге барғым-ақ келеді, бірақ оған мүмкіндік табыла бермейді. Мен әркез бір ғана адамдармен кездесемін, сондықтан жаңа адам кездестіру мүмкіндігі де аз».

Continue reading

Плэйбой-детективтер ))

Бізде көрсетіліп кеткен «Жігіттер сарбазы» («Boys over flowers») сериалы әлі де танымалдылығын жоғалтқан емес. Сериалда ойнаған актерлер жас бойжеткендердің арасында фаворит актерлерге  айналып үлгерген. Тек бізде ғана емес, Азияның көптеген елдерінде осы төрттіктің жігіттеріне қызығушылық әлі де жоғары деңгейде. Олардың әрбір қадамын, әрбір түсіп жатқан фильмін бақылап, күтетіндер бүткіл әлемде таралған.

Мысалы, осы төрттіктің бірі Ли Мин Хо (Lee Min Ho) өзінің соңғы кездері көптеген дорамаларда сомдаған плэйбой образдарынан шығып, енді «City Hunter’s» атты детективті дорамада бағын сынамақшы. Бұл жолы оны салмақты детектив ретінде көруге бұйырып отыр. Келесі жылы жарық көретін дорамасына Мин Хоның фанаттары әлден қызығушылығын білдіріп, тіпті оның салмақты образына пародия жасап, плакаттар да шығарып тастаған екен.

Continue reading

“Махаббат жасқа қарамайды”

Байқадыңыздар ма, корей дорамаларында актерлердің сол уақытта ойнап жатқан кейіпкерлерінің жастарымен көбіне сәйкес келмейді. Жалпы сәйкес келсе де өте жас көрінеді.

Мысалы, бәрімізге танымал «Жігіттің сарбаздары» сериалында ең басты рөлде ойнаған актерлер бір-бірімен жасты емес. Мысалы, Ку Чен Пе болып ойнаған Ли Мин Хо 1987 жылғы, Чи Ху, а ля Ким Хён Чжун – 1986 жылғы, бәріне ұнайтын И Чжон, яғни Ким Бом – 1989 жылғы болса төртінші дос болып ойнайтын Ким Чжун тіптен 1984 жылғы. Ким Чжун, ең басты рөлде Чан Диді ойнаған Ким Хё Сонмен жасты.

Continue reading