Өмірімен де, өнерімен де таң қалдырған!

Қазір Кореяда дарындыларды іздейтін шоуға қатысып, даусымен ғана емес, өмірімен де таң қалдырған Суң Боң Чой (Sung-Bong Choi) есімді жігіт үлкен жаңалық болып жатыр екен (Оңт. Кореядан Бақытнұр хабарлайды). Бұл бала 3 жасында жетімдер үйіне түсіп, көп таяқ жегеннен 5 жасында қашып кетеді. Сөйтіп сағыз, сусын сатып күнелтеді. Қоғамдық дәретханаларда түнейді, жалпы өте қиын өмір кешеді. Бірақ осы талант-шоуына бағын сынап келіп,  қазылар алқасымен қатар, сол жерде отырған адамдардың көзіне жас алғызады.

Неге әнші болғың келеді деген сұраққа, мен кішкентай кезімде көп азапты күндерді кештім, бір күні сағыз сатып жүргенде түнгі клубтан сахнада ән айтып тұрған әншіні көріп, қатты таң қалдым. Маған өте қатты әсер етті деп айтады. Жалпы видеода ағылшынша субтитрлар бар, түсінуге жеңіл.

Баланың даусы енді керемет. Бағы жанып, k-pop-тың жұлдызына айналар деп сенемін!