Ли Мин Хо қыз іздеп жүр

Ли Мин Хоға ғашық қыздар, сапқа тұрыңдар!!! ))

Жақында Ли Мин Хо өзінің жеке өмірінен кішкене ғана сыр шертіпті. 15 қаңтарда өткен «Entertainment Weekly» бағдарламасындағы сұхбатта репортер: «Қызың болғанын қаламайсың ба?» деп сұрақ қояды. Бұған Мин Хо: «Мен кездесулерге барғым-ақ келеді, бірақ оған мүмкіндік табыла бермейді. Мен әркез бір ғана адамдармен кездесемін, сондықтан жаңа адам кездестіру мүмкіндігі де аз».

Әңгімеге тартуда репортердің жанындағы тілші: «Онда біздің репортерға қалай қарайсыз?» деп қалжындайды. Оған Мин Хо күліп, жауаптан құтылады.

Сонымен қатар Ли Мин Хо өзінің сүйісу шеберлігіне сенімсіз екенімен бөліседі. «Мен онша сүйісе алмаймын. Бірақ фильмдердегі жұптарым сүйісу сценаларына қанағаттанды деп ойлаймын» деп ағынан жарылыпты.

16 thoughts on “Ли Мин Хо қыз іздеп жүр

  1. Кәріс жігіттің сарбаздарынан тек ұнағаны осы Гу Джюн Пе ғана болды, қалған сценарий анау мынау жапондық версиядан кейін аса әсер етпеді

  2. Әдрісін айтып жіберіңізші ):
    Жапондық нұсқасымен салыстырғанда, Ку Чжун Пенің рөлі сәтті шыққан. Сосын Ким Чан Дидің рөлі ұнады. Жапондық нұсқадағы қыз бәрін айтып салады, үнемі жаловаться етіп жүреді. Ал, Чан Ди қиындықтарын ешкімге айтпайды, сосын да кейде есі дұрыс емес сияқты болып кетеді. «Мына қыз не дейді? Неге бұлай?» деп отырып, Чан Диді жақсы көріп кеттік. Әсіресе, үйдегі кішкентай шашын сол сияқты етіп сәндеп, мен «Кым Чандимін» деп қояды анда-санда

  3. ли мин хо нын жигиттин сабаздары аты сериалында роли сатти шыкты деп ойлаймын.бирак шын омирде кандай екенинен хабарсызбен.

  4. Қайтарма үнқосу: Сарбаздарда не жаңалық? | Корей толқыны

  5. ренжімеңіздер әрине, бірақ маған керісінше Ли Мин Хоның Ф4-тегі рөлі ұнамады. Қыздың оны не үшін жақсы көріп қалғанын ұқпадым ақыры. Қанша рет мынау оны не тастап, не ұмытып, не анасына қарсы шыға алмай әуреге салды, бірақ қыздың махаббаты мықты-ақ екен.жалпы сол сериалдың кесірінен Ли Мин Хо мен Ки Бумға теріс қарайтын болдым

  6. озимиз қазақтын арасынан неге осындай Ли Мин Холарды шығармасқа.негізі бұл актер маған ұнады.әсіресе Вера фильмінде жақсы түскен,

Leave a reply to Aigerym Жауап беруден бас тарту