Гүл құмырасымен жеткізілген сезім

Мен қайта өзімнің «Жас жұбайлар» реалити-шоуыма қайтып келдім. Бәлкім, мен айтқан рекомендациядан кейін көбіңіз қарамаған боларсыздар. Бірақ ол ештеме емес )) Өйткені, менде қайткенде де елді тыңдату, қарату деген мақсат жоқ. Әркім өзіне керегін алып, жүре береді ғой )

Сонымен сол реалити-шоуда Алекс Чу деген керемет әртіс жігіт бар. Оның жұбы болған Шин Э қазір басқа біреуге тұрмысқа шығып кетті. Алайда осы проект барысында Алекстің оған деген сезімі болған сияқты. Егер болмаса, ол керемет актер. Өйткені, оның істеген романтикалық істеріне тек қызыға да, қызғана қарайсың, басқаша мүмкін емес.

Бірде шоудың жүргізушілері Алекстің Шин Э-ге жасаған көріністерін көріп отырып, «Бүгін көптеген күйеулер кешкі ассыз қалатын болды ғой» деп әзілдейді )). Тіпті Алекске романтикалық кештер ұйымдастырудың мектебін ашсаңшы деген ұсыныстар болған.

Шоудың бір эпизодтарында Алекс өз жеке альбомымен жұмыс істеу үшін демалыс алуы керек болады. Сол үшін Шин Э екеуі біраз уақытқа қоштасуға тура келеді. Қоштасу туралы  айту үшін, ол Шин Э-ны дыбыс жазу бөлмесіне апарып, «Мен қазір саған өлең айтамын, сен соның сөздеріне назар аударып тыңда» дейді. Содан, осы сіздерге ұсынып отырған өлеңді айтып береді. Одан кейін I Love You деген жазуы бар (суретте) гүлді сыйлайды.

Міне, осындай романтик ))

Өлең сондай күшті, жауапсыз ғашық жігіттің арманы, айта алмаған сыры. Бәрі тек гүл құмыра арқылы жеткізілген. Сонымен қатар ішінде әдет бойынша ағылшын сөздер де жоқ. Өте шынайы менің ойымша. Өзім соңғы кезде сүйіп тыңдап жүрмін. Сіздер де түсінсін деп, шамам келгенше аудардым. Тыңдап көресіздер деген үміттемін. ))

Аудио нұсқасын тыңдап көрем десеңіздер:

Alex – Flowerpot

Алекс – Гүл құмыраң болсам деп армандаймын

Алыстан, алыстан сен, міне, келіп тұрсың
Діріл қаққан жүрегім өзіңмен қалай тілдеспек?
Оны өзіңе ұрлатқаным қашан…
Мен әлі одан айыға алмай жүрмін.
Бар тілегім сенің гүл құмыраң болу.

Қайырмасы:
Сенің кішкентай терезеңнің алдында
гүл құмыраң болсам деп армандаймын
Ештеме айта алмасам да
Кей кездері жаныма келіп, сипалағаныңды,
Жымиған жүзіңді көре аламын
Әр түн тәтті ұйқыңды күзетемін.

Алысқа, алысқа, міне, тағы кетіп барасың
Еркіме бағынбайтын мына жасты қалай тоқтата аламын?
Жаралы жүрегім сені көргеннен бері айыққан емес.
Тек қана сенің гүл құмыраң болуды армандаймын.

Қайырмасы:

Анықтама үшін:
Лақап аты: Alex
Шын есімі: Choo Hun Gon (Chu Heon Gon) / Чху Хон Гон
Азаматтығы: Канада
Туған жері: Оңтүстік Корея
Туылған күні: 5 қыркүйек 1979 жыл
Алекс Оңтүстік Корейлік Clazziquai тобының негізін қалаушылардың бірі. Өзі сол топта ән салып жүріп, 2008 жылы «My Vintage Romance» атпен жеке альбомын шығарады. Оның лирикаға толы шығармаларын жұрт өте жылы қабылдайды. Көптеген сериалдарға саундтрек жазады, жалпы жақсы музыкант.
Саундтректер жазып қана қоймай, Алекс 2007 жылы / Finding Love / Поиск любви  және 2010 жылы / Pasta / Паста сериалдарында өзінің актерлік шеберлігін де сынап көрген.
Алекс өнер адамына таңғаларлық, жақсы даяшы да. Отбасымен Канадаға көшіп барғанда ол жергілікті Жапон мейрамханасына орналасып, жақсы тәжірибе алып шыққан көрінеді. Соған байланысты «Alex’s Spoon» атты кулинария жайлы кітап жазып шығарған. Осы шеберлігі де өмірлік жолында жақсы көмектесетін сияқты.

5 thoughts on “Гүл құмырасымен жеткізілген сезім

  1. Қайтарма үнқосу: “Маған тек махаббат керек еді…” | Корей толқыны

  2. Alex -тін осы олені маган катты унап калды! оте жаксы айтылган ән екен. Ақзере тагы осындай әндер болса ссылкасын жиберші

  3. Қайтарма үнқосу: Жаңа | Корей толқыны

  4. Маған да Алекс «We Got Married» шоуын көрген соң өте қатты ұнап қалған. Негізі ол шоуды Ким Хен Чжун үшін іздеп көргем)))))))) Бірақ «Құмырсқа» жұбы да, Алекс-Шинэ жұбы да керемет ұнады. Жақында Алекстің өз Classiquai тобымен айтқан екі әнін тауып алдым, олар My Lovely Sam Soon (2005) драмасының саундтрегі. Oлар да керемет))))

Leave a reply to koreanfanatik Жауап беруден бас тарту